Экотурист үшін ақпарат. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9-бөлім Қазақстандағы туризм және экотуризм | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Тоганакова Рабиға Сулейменовна | |||||
Сынып: 8 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Экотурист үшін ақпарат | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану, коментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу | |||||
Сабақтың мақсаттары | Тақырыпқа сәйкес берілген мәтінді оқып түсіну әр түрлі тәсілдерді қолдану | |||||
Бағалау критерийі | Тақырыпқа сәйкес берілген мәтінді түсіну үшін әр түрлі тәсілдерді тиімді қолдана алады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Қазақстан Республикасының Елшілігі, виза, веб-сайт, экотуризм бағыттары, уақытты тамаша өткізу, жергілікті мәдениет, ұмытылмас әсер, таңғажайып табиғат. Менің ойымша... Себебі,... Мысалы,... Қорыта айтқанда,... | |||||
Құндылықтарды игерту | Өз еліне, жеріне сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту | |||||
Пәнаралық байланыс | География, сурет | |||||
Бастапқы білім | Қазақстандағы көрнекті орындар | |||||
Жоспар | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 0-5 | Психологиялық көңіл-күй туғызу “Сәлем!” амандасуы Оқушылар қасындағы оқушының қолына бас бармағынан бастап барлық саусақтарын кезек-кезек тигізіп:
Ұйымдастыру Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады. | |||||
Сабақтың ортасы 5-7 7-12 12-15 15-20 20-22 22-27 27-30 30-35 | Оқылым алды тапсырма Мұғалім сынып оқушыларына «Экотуризмге шығу үшін нені білу қажет?» деген сұрақ қояды. Оқушыларға осы сұрақтың шешімін табу үшін «Жеті мешін» әдісін қолдану ұсынылатындығын хабарлайды. Оқылым тапсырмасы 1-мешін – оқу Оқушыларға «Экотуризм Казахстан» орталығының сайтынан (www.eco-tourism.kz/) алынған «Экотурист үшін ақпарат» тақырыбындағы қызықты мәтін оқу үшін беріледі. Оқушылар берілген мәтінді тақырыпты өзі толық түсінгенше, яғни мазмұнын меңгергенше оқып шығады. 2-мешін – маңыздылықты ажырату «Экотурист үшін ақпарат» атты мәтінді оқып болған соң, тақырыпқа қатысты сөздер мен сөз тіркестерін бөліп алады, сол сөздің нақты мағынасын білу үшін жұпта бірігіп жұмыс істейді. 3-мешін –белгілеу Мұғалім «Экотурист үшін ақпарат» атты мәтінді оқып болған соң, мәтін мазмұнына орай сурет немесе кесте салу ұсынады. 4-мешін – дәлелдеу Оқушылар жұп ішінде салған кесте немесе суреттерін талдау керек. Жұмыс барысын түсіндіріп, талдау кезінде оқушылар бір-біріне сұрақ қоюға, өздерінде қосымша қызықты деректер болса, толықтыруға болады. Сонда өзара ақпарат алмасу жүреді. 5-мешін –терең білім, қызықты тапсырма құрастыру Тақырыпқа байланысты қызықты тапсырма құрастыру ұсынылады. Оқушыларға тапсырма құрастыру қиындық туғызса, мұғалім қосымша ақпараттар беріп, қолдау көрсетеді. Бұл саралау болып табылады. Соңынан әр тапсырманы тыңдап, оқушыларға өзара талдату керек. Оқылымнан кейінгі тапсырма 6-мешін – сұрақ-жауап Сабақтың басында қойылған «Экотуризмге шығу үшін нені білу қажет?» деген сұрақтың шешімі болатын жауапты оқушылар жан-жақты дәлелдер келтіре отырып жазады. Жауап қысқа, бірақ маңызды болу керектігін ескерту қажет. Дескриптор:
Өзіндік бағалау
7-мешін – әділ баға Енді ақырғы кезең – бағалау (өздерін бағалау). Мұғалім оқушылардың өзара бағалауын тыңдайды және бақылайды. Сонымен оқушылар жеті мешін арқылы сабақтың барлық кезеңінен өтті, бірін-бірі тыңдады, толықтырды, сызба, сурет, кесте, диаграмма арқылы жұмыс жасады, сұрақ қойды, проблеманы шешті. | «Экотурист үшін ақпарат» 1-таратпа | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия - Не жақсы өтті? - Не жақсы өтпеді? - Нені жақсарту керек? - Не туралы ойлану керек?
| |||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||
. | ||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?