Экотурист үшін ақпарат. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 5 сабақ.
Оқылым тапсырмасын ұйымдастыру
Оқушының оқудағы әрекеті нәтижелі болу үшін және оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім мына мәселелерді үнемі жадында ұстағаны жөн.
Оқылым алдында оқушының:
- орындайтын тапсырма шартын түсінетініне көзін жеткізу;
- мәтінде кездесуі мүмкін сөздерді ойша қарастыру;
- мәтін мазмұнын алдын-ала болжауын ұйымдастыруы тиіс.
Оқылым тапсырмасында:
- мәтін мазмұнын оқып шыққан бойда идеясын анықтап айту;
- мәтін түрін ажырату;
- мәтіннің аудиториясын анықтау;
- автордың мақсатын білу;
- емлесі қиын, мағынасы айқын болмай тұрған сөздерді анықтау тапсырмаларын ұйымдастыру қажет.
Оқылымнан кейінгі тапсырмада:
-оқу нәтижесін талдау;
-сабақта қолданылған стратегияларға талдау жасау;
-сәтті қолданылған стратегияларды сыныппен бөлісу қарастырылуы тиіс. Яғни, оқушы өз жауабын сыныппен бөліседі.
Бір сабақтағы тапсырмалар оқылым дағдысына негізделген оқу мақсаты арқылы ойлаудың қарапайым деңгейінен (түсіну арқылы сәйкестендіру тапсырмасын орындау) жоғары деңгейге (талдау, мәтінді зерттеу арқылы кестені толтыру, жауаптарын тыңдап, талқылап, толықтыру арқылы бағалау) қарай қалыптастыруға бағытталды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?