Туристік жарнамалар. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9-бөлім Қазақстандағы туризм және экотуризм | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Тоганакова Рабиға Сулейменовна | |||||||||||
Сынып: 8 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Туристік жарнамалар | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Мәтін құрылымын сақтай отырып, кестедегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу | |||||||||||
Бағалау критерийі | Мәтін құрылымын сақтайды, кестедегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жаза алады. | |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Туристік, жарнама, шақыру, орны, мекенжайы, уақыты, ереже Оқушылар тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдерді, диалог және жазылымға пайдалы тіркестерді түсінеді және қолданады: экзотика, туристік база, туризмнің даму картасы, туризм нарығы, тартымды туристік аудандар | |||||||||||
Құндылықтарды игерту | Өз еліне, жеріне сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | География, сурет | |||||||||||
Бастапқы білім | Экотурист үшін ақпарат | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||||
Сабақтың басы 0-5 | Психологиялық көңіл-күй туғызу «Екі шындық, бір өтірік» шаттық шеңбері. Мұнда оқушылар шеңбер бойымен өздерінің екі шындығын және бір өтірігін айтып шығады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылар сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар жүйелі ойлап, нақты айтуға тырысады. Мұғалім оқушылардың жауаптарын қорыта келе сабақтың тақырыбын хабарлайды: «Туристік жарнамалар». Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 5-10 10-20 20-30 30-35 | Жазылым алды тапсырма «Сұрақ-жауап» әдісі 1.Жай сұрақ: Саяхат дегеніміз не? 2. Бекіту сұрағы: Саяхаттың қандай түрлері бар? 3. Интерпретация сұрағы: Туризмі жақсы дамыған қандай елдерді білесіз? 4.Бағалау сұрағы: Адамдар саяхатқа неліктен көрікті жерлерге барғысы келеді? 5.Шығармашылық сұрақ: Елімізде туристік аймақ деп атауға болатын жерлерді білесіз бе? Ол қандай аймақтар? 6.Практикалық сұрақ: Қазақстанда қай қалаларды туризм орталығына айналдыруға болады деп ойлайсыз? Не себептен? Жазылым тапсырмасы Мұғалім оқушыларды туристік жарнамалармен төрт топқа бөледі. 1-топ – «Визит Ақтөбе» жарнамасы 2-топ – «Қарлығаш туризм» жарнамасы 3-топ – «Тамғалы» жарнамасы 4-топ – «Қамқор туризм» жарнамасы Мұғалім оқушыларға жазылым тапсырмасының шартын түсіндіреді. 1-тапсырма. Оқушылар берілген кестедегі (жарнама мәтініндегі) ақпараттарды тауып, сұрақтарға жауап жазу керек.
2-тапсырма Мұғалім оқушыларға жарнама мәтінінен анықтаған деректерді біріктіріп, тұтас мәтін жазуды ұсынады. Мәтін көлемі – 20-25 сөз. Жазылымнан кейінгі тапсырма «Бес жолды өлең» әдісі Туризм Зат есім – (1 сөз) Сын есім-қандай? (2 сөз) Етістік –қайтеді? (3 сөз) Сөйлем – (4 сөз) Синоним – (1 сөз) Дескриптор: - жарнамадағы деректерді анықтап жазады; - ақпараттарды біріктіріп тұтас мәтін жазады. Мұғалімнің бағалауы Мұғалім оқушылардың жауаптарына сындарлы кері байланыс береді: Мына ... жұптағы оқушылардың жазбалары қатесіз болды. Мына ... жұптағы оқушыларға әлі де ережені оқу керек. - Мына жұптағы оқушылар мәтін бойынша сұраққа нақты жауап берді. | 1-таратпа 2-таратпа 3-таратпа | ||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия Мұғалім сабақ соңында оқушылармен бірге себеп-салдар байланысына негізделген пайымдаулар жасауды ұйымдастырады:
Сабақты қорытындылау. | |||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||
. | ||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды