Туристік жарнамалар. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9-бөлім

Қазақстандағы туризм және экотуризм

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Тоганакова Рабиға Сулейменовна

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Туристік жарнамалар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу

 Сабақтың мақсаттары

Мәтін құрылымын сақтай отырып, кестедегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу

 Бағалау критерийі

Мәтін құрылымын сақтайды, кестедегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жаза алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Туристік, жарнама, шақыру, орны, мекенжайы, уақыты, ереже

Оқушылар тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдерді, диалог және жазылымға пайдалы тіркестерді түсінеді және қолданады:

экзотика, туристік база, туризмнің даму картасы, туризм нарығы, тартымды туристік аудандар

Құндылықтарды игерту

Өз еліне, жеріне сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерін

дамыту

Пәнаралық байланыс

География, сурет

Бастапқы білім

Экотурист үшін ақпарат

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Психологиялық көңіл-күй туғызу

«Уәде беремін!» шаттық шеңбері. Бұл шаттық шеңберінде мұғалімнен бастап өз уәдесін айнаға қарап айтады да аяғында уәде беремін дейді. Дәл солай шеңбер бойымен оқушылар өздеріне уәделерін айтып өтеді. Бұл әдіс оқушыларды өз бойына міндет алуға үйретеді және сол міндетті орындауға тырысады.

Үлгі: (мұғалімнің уәдесі) «Мен бүгінгі сабақта жақсы ат салысып қатысқан оқушыны міндетті түрде марапаттауға уәде беремін».

Мұғалім оқушылардың жауаптарын қорыта келе сабақтың тақырыбын хабарлайды: «Туристік жарнамалар».

Сабақ мақсатымен таныстырады.

Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

Сабақтың ортасы

5-10

10-20

20-30

30-35

Жазылым алды тапсырма

Оқушылар «Бэкроним» әдісі арқылы «туризм» сөзінде берілген әр әріп бойынша мағыналы сөйлем құрып айтады. Сөздер бастапқы әріптен басталуы тиіс.

Т-

У-

Р-

И-

З-

М-

Жазылым тапсырмасы

Мұғалім оқушыларды туристік жарнамалармен төрт топқа бөледі.

1-топ – «Визит Ақтөбе» жарнамасы

2-топ – «Қарлығаш туризм» жарнамасы

3-топ – «Тамғалы» жарнамасы

4-топ – «Қамқор туризм» жарнамасы

Мұғалім оқушыларға жазылым тапсырмасының шартын түсіндіреді.

Оқушылар берілген кестедегі (жарнама мәтініндегі) ақпараттарды тауып, сұрақтарға жауап жазу керек.

  • Туристік компания атауы қандай?
  • Ұсынатын қызметі қандай?
  • Мерзімі (жылы, айы, күні, сағаты) қашан?
  • Бағасы/құны?
  • Туризм түрі қандай?

Жазылымнан кейінгі тапсырма

Казақстанның туризмді дамыту картасын жасамас бұрын SWOT талдау жасайды.

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктері

Қауіптері

SWOT талдаудан кейін топтар Қазақстан туризмінің даму картасын сызады және түсіндіреді.

Дескриптор:

- жарнамадағы деректерді анықтап жазады;

- даму картасының құрылымын сақтап сызады.

Мұғалімнің бағалауы

Мұғалім оқушылардың жауаптарына сындарлы кері байланыс береді:

Мына ... топтағы оқушылардың жазбалары қатесіз болды.

Мына ... топтағы оқушыларға әлі де ережені оқу керек.

- Мына топтағы оқушылар мәтін бойынша сұраққа нақты жауап берді.

1-таратпа

2-таратпа

3-таратпа

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

«Жылдам кездесу» стратегиясы

Қарама-қарсы тұрып, бір-біріне сабақта не қиын болды? деп сұрақ қояды, жауап алынған соң жұбын ауыстырады. Келесіде қойылатын сұрақ – сабақта не үйрендің? Жауабын тыңдағаннан кейін келесі оқушыға бетпе-бет кездеседі де сабақта не ұнады? деп сұрайды. Осындай ретпен барлық оқушы бір-біріне сабақ бойынша рефлексия жасап шығады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу