Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9-бөлім Қазақстандағы туризм және экотуризм | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Тоганакова Рабиға Сулейменовна | |||||
Сынып: 8 Т1 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе) | |||||
Сабақтың мақсаттары | Эссенің құрылымын, даму желісін сақтап, ұсынылған тақырыптың артықшылығы мен кемшілігін салыстырып, өз ойын дәлелдеп эссе жазу | |||||
Бағалау критерийі | Эссенің құрылымын, даму желісін сақтайды, ұсынылған тақырыптың артықшылығы мен кемшілігін салыстыра алады, өз ойын дәлелдеп эссе жаза алады. | |||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Қолайлы орта, тиімді, таңсық жер, қызықты оқиға, кең байтақ, тарихи ескерткіштер, көшпелілер мәдениеті. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Ең алдымен, ... Мен мынадай дәлелдер келтіремін... Оның себебін... деп түсіндіремін. Бұлай пайымдауыма негіз болған .... Қортындылай келе, ... | |||||
Құндылықтарды игерту | Өз еліне, жеріне сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту | |||||
Пәнаралық байланыс | География, тарих | |||||
Бастапқы білім | ||||||
Жоспар | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||
Сабақтың басы 0-5 | 1. Мұғалім оқушылармен амандасады, оқушыларды түгелдейді. Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру үшін мұғалім оқушыларға «Өткенге саяхат» ойынын ұсынады. Мұғалімнің сөзі: Мына қорапшада билеттер бар. Онда «Қызыққа толы сәт», «Қызықты оқиға», «Менің қызықты демалысым», «Қызықты саяхат» деп аталады. Қорапшадан бір билет суыруларың қажет. Кімнің қолына қандай тақырып түссе, сол бойынша сыныптастарымен бөліседі. 2. Сабақтың тақырыбын хабарлайды. 3. Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды. | 1-таратпа | ||||
Сабақтың ортасы 5-10 10-25 25-28 28-35 | Жазылым алды тапсырма «Денотатты граф» əдісі 1. «Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті» тақырыбында эссе жазуға қажетті тірек сөздер белгіленеді. 2. Тірек сөздер арқылы берілетін ұғымның (тұжырым) қасиеттерін, белгілерін, ерекшеліктерін сипаттайтын етістіктер анықталады. 3. Тармақтарға жіктеледі. 4. Тармақтар арқылы мазмұн болжанады. Жазылым тапсырмасы Мұғалім оқушыларға тапсырма шартын түсіндіреді. Мұғалімнің сөзі: «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының өкілі Тимур Дүйсенғалиевтің айтуынша, соңғы уақытта Астана мен Алматы қаласына келетін туристердің саны артқан және Қазақстанның орналасқан жері өте тиімді. Егер Өзбекстан ежелгі қалаларымен мәдени туризмнің орталығы атанса, Қазақстан - іскерлік және экотуризмді дамыта алады», - деп атап көрсетіп отыр. Ая Құсайынова, туризм индустриясы ұлттық академиясының жетекшісі: «Таулар мен кең байтақ далаға келіп, ат мініп, киіз үйде тұру туристер үшін аса қызық. Біздің табиғатымыз бай, сондықтан экотуризмді дамыту маңызды. Өйткені әлемде өркениет жетпеген жерлер аз. Ал бізде мұндай жерлер жетерлік. Мұны тиімді пайдаланып, туристердің қызығушылығын арттыруымыз керек деп есептеймін», - деп отыр. Ендеше, оқушылар, сендер де осыған дейінгі сабақтардан алған, басқа да пәндер арқылы білгендеріңді кірістіре отырып, Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті немесе жеткіліксіз екендігін көрсетіп, көзқарастарыңды аргументтермен дәлелеп, эссе жазыңдар. Сөз көлемі – 50-60 сөз. Көз жаттығуы Оқушылар жазба жұмысын орындағаннан кейін мұғалім оларға көз жаттығуын жасауды ұсынады. Жазылымнан кейінгі тапсырма «Сұрақ алаңы» әдісі Сұрақ алаңының бүгінгі тақырыбы – «Қазақстан – экотуризм орталығы». Сынып екі топқа бөлінеді. Бір топ – «Туристер», екінші топ – «Тур агенті». «Туристер» тобындағылар «Тур агенті» тобынан бір оқушыны таңдайды, сұрақ алаңына шақырады. Қазақстанның табиғатына қызыққан турист тур агентіне сұрақ қояды, екіншісі компания мүддесін қорғап, дәлелдермен жауап береді.
Дескриптор:
Өзіндік бағалау Оқушы өзін-өзі бағалайды. Оқушының бағалауы шынайы әрі толыққанды болуы керек. Мұғалімге ескерту: оқушы өзін-өзі бағалау кезінде төмендегі сұрақтардың бәріне жауап беруі міндетті емес, ең бастысы өзінің оқудағы әрекетіне анализ жасай білсе болғаны. Бағалаудың мақсаты осы.
| 1-қосымша 2-қосымша | ||||
Сабақтың соңы 35-40 | Рефлексия «Таңдау» әдісі 1. Мен сабақ қызықты/ қызықсыз болды деп ойлаймын. 2. Мен сабақта: көп нәрсені үйрендім /үйренгенім аз болды. 3. Мен басқаларды мұқият /зейінсіз тыңдадым. 4. Мен пікірсайыстарға жиі /сирек қатыстым. 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын / риза емеспін. Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады. | 2-таратпа | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?