Жас туристің жаднамасы. Сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 8 сабақ.
1-таратпа
Қазақ тілінде тыныс белгілерді алғаш рет А.Байтұрсынов тұжырымдады. Ол жинақтау белгісі (-), ноқат (.), үтірлі ноқат (;), үтір (,), қос ноқат (:), сұрау (?), леп белгісі (!), көп ноқат (...), қос тырнақша («») тәрізді тыныс белгілері болатынын, олардың қойылатын орындарын көрсеткен.
Тыныс белгілері
Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері сөйлемнің құрылымдық ерекшеліктеріне сүйеніп қойылады. Тыныс белгі қойылғанда сөйлемнің синтаксистік құрылымы, логикалық мағынасы ескеріліп, дауыс ырғағымен ерекшеленеді.
Нүктелі үтір мынадай жағдайларда қойылады:
- Баяндауыштары тұлғалас, мағыналары теңдес, санамаланған сөйлемдер жалпылауыш мәнді сөйлемдердің мағынасын ашып тұрса, санамаланған сөйлемдердің әрқайсысы нүктелі үтірмен ажыратылады.
Мысалы, Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреуі қолын бұлғады; біреуі оның атын атап айқайлады; енді біреулері ерсілі-қарсылы жүгірді. (Б. М.)
- Баяндауыштары тұлғалас сөйлемдер бірін-бірі толықтырып тұратын болса, ондай салалас құрмалас сөйлемдердің арасына нүктелі үтір қойылады. (Кісіге біліміне қарай болыстық қылады; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады (Абай).
- Мазмұны әуендес болып келетін бірыңғай сөйлемдерден соң нүктелі үтір қойылады. (Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық; сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық (Абай).
- Нүктелі үтір тек жай сөйлемдер арасына ғана емес, сонымен қатар мағыналары жуық, ұласа айтылған құрмалас сөйлемдердің арасына нүктелі үтір қойылады.
- Жалпылауыш мәнді сөйлемнің мәнін ашып тұратын шартты бағыныңқылы сабақтас құрмаластар нүктелі үтірмен ажыратылады. (Жаман дос көлеңке: басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың (Абай).
2-таратпа
Жас туристің жаднамасы
Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам баласының ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар өршіп жүреді. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаған жөн. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексеріп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне зер салып, өзіңізді күтіңіз.
Саяхатқа шықпас бұрын:
- барар мекеннің климатын, салтын, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан қарап, біліп алыңыз;
- дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алыңыз;
- шабаданды жинастырғанда қажетті дүниелермен бірге дәрі-дәрмек салған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.
Саяхат кезінде:
- беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғал орамалды пайдаланыңыз.
- дәріханадан антибактериальды сабын я сұйықтық сатып алыңыз.
- тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шай ғана ғана ішіңіз. Газдалған сусындар мен алкогольді ішімдіктерді пайдаланбаған жөн;
- жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып пайдаланыңыз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден сатып алыңыз. Көшеден, базардан тамақ сатып алмаған абзал;
- өзіңізбен бірге міндетті түрде қажетті дәрі-дәрмектер, маса, ара, шыбын-шіркейдің шағуына қарсы майлар, ылғалды сүлгілер, бас киім, көзілдірік, крем, сусабын, тіс пастасы мен щеткасын, дәке мен қайшы алып жүріңіз.
3-таратпа
Кездескен қателер | Дұрысы | Негіздеу (ереже) |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?