Жас туристің жаднамасы. Сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9-бөлім

Қазақстандағы туризм және экотуризм

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Тоганакова Рабиға Сулейменовна

Сынып: 8 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жас туристің жаднамасы

Сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.5.1 сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану

 Сабақтың мақсаттары

Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану

 Бағалау критерийі

Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Саяхат кезінде, жол ауыртпалығы, жаднама, ылғал орамал, климат, салғырт қарамау, дәрігер кеңесі, жергілікті жердің ауа-райы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мен мынадай дәлелдер келтіремін...

Оның себебін... деп түсіндіремін.

Біздің пікірімізше....

Олай ойлауға ... себептер бар.

Құндылықтарды игерту

Өз еліне, жеріне сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттерін

дамыту

Пәнаралық байланыс

География

Бастапқы білім

Қазақстанда экотуризмді дамыту үшін қолайлы ресурстар жеткілікті

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-1

1-2

2-5

Мұғалім сабақты амандасудан бастайды.

Оқушылардың өзіне деген сенімділігін ояту үшін төмендегі аңызды әңгімелеп береді.

«Данышпан мен адам»                               

     Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» – деп сұрайды. Ол өзі ішінен: «Егер тірі десе – мыжып жіберемін, ал егер өлі десе – онда қоя беремін», - деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып: «бәрі сенің қолыңда», - депті.

Аңызда айтылғандай, табысты, алғыр сезінуіміздің бәрі өз қолымызда екен. Ендеше, балалар, бүгінгі сабақта алдымызға қойған мақсатқа сәтті қол жеткізуіміз өзімізге байланысты.

Сабақтың ортасы

5-10

10-25

25-30

30-35

Жазылым алды тапсырма

«Дауыстап ойлау» әдісі

Мұғалім оқушыларды жұпқа бөледі немесе оқушылардың өз қалаулары бойынша (саралау) бөлінуге мүмкіндік береді. Олар жұптаса отырып, сөйлем соңына қабаттаса қойылатын тыныс белгілер туралы мәтінді біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір-біріне түсіндіреді.

Жазылым тапсырмасы

«Жүгіртпе диктант». Сынып қабырғаларына диктант мәтіндері ілінеді. Мәтінде тыныс белгілері қойылмаған. Олар кезекпен-кезек қабырғадағы мәтіннен бір сөйлемді оқып алады да, жүгіріп барып дәптерге жазады. Осылайша топта өзара алмаса отырып, берілген мәтінді дәптерлеріне диктант түрінде жазып шығады. Қажетті тыныс белгілерін қояды.

 

«Жүгіртпе диктант» мәтіні

 Жас туристің жаднамасы

 Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам баласының ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар өршіп жүреді. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаған жөн. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексеріп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне зер салып, өзіңізді күтіңіз.

Саяхатқа шықпас бұрын:

- барар мекеннің климатын, салтын, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан қарап, біліп алыңыз;

- дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алыңыз;

- шабаданды жинастырғанда қажетті дүниелермен бірге дәрі-дәрмек салған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.

Саяхат кезінде:

- беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғал орамалды пайдаланыңыз.

- дәріханадан антибактериальды сабын я сұйықтық сатып алыңыз.

- тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шай ғана ғана ішіңіз. Газдалған сусындар мен алкогольді ішімдіктерді пайдаланбаған жөн;

- жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып пайдаланыңыз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден сатып алыңыз. Көшеден, базардан тамақ сатып алмаған абзал;

- өзіңізбен бірге міндетті түрде қажетті дәрі-дәрмектер, маса, ара, шыбын-шіркейдің шағуына қарсы майлар, ылғал орамал, бас киім, көзілдірік, крем, сусабын, тіс пастасы мен щеткасын, дәке мен қайшы алып жүріңіз.

 

Жазылымнан кейінгі тапсырма

 Кейін оқушылар топта жазған жұмыстарын мәтіннің дұрыс нұсқасымен тексереді. Тыныс белгі ережелері арқылы мәтіндерге талдау жасалады. Қолданылған әрі ескерілген пунктуациялық ережелерді кесте негізінде топтастырып жазады.

 

Кездескен қателер

Дұрысы

Негіздеу (ереже)

Дескриптор:

  • Тақырып аясында диктант жазады;
  • Тыныс белгілерін дұрыс қоя алады;
  • Емле ережелері арқылы талдау жасайды.

Өзара бағалау

Әр топ жазба жұмысын орындаған дәптерлерін сағат тілімен ауыстырып, келесі топқа береді. Олар «Екі жұлдыз, бір тілек» айтып, өзара бағалау жүргізеді.

1-таратпа

2-таратпа

3-таратпа

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия «Асық»

Алшы - Сабақтан өзіңе пайдалы не алдың?

Тәйке – Сабақта не қиын болды?

Бүк – Сабақта нені басқаша өзгертуге болады деп ойлайсың?

Шік – Бүгінгі сабақтан үйренгенің бойынша алда не істеймін деп ойлайсың?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу