Киелі сахна. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 7 сабақ.
http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1179446&simple=true#
«Ой төрінде театр» Сығай Әшірбек , Алматы 2008ж
1-мәтін:
«Сәтсіз қойылымдағы сәтті роль»
Кезінде М.Әезов атындағы академиялық драма театры сахнасында режиссер Н.Тұтовтың «Жуастан жуан» қойылымының премьерасы болып өтті.Бірақ оның ғұмыры ұзақ болған жоқ.Шығармашылық өрісі тар болды.Дегенмен, сахна төрінде ойнап жүрген актерлердің ішінде жүрегіңді селт еткізер шынайылығымен көзге түскен Әсия роліндегі Қазақстан республикасының еңбек сіңірген артисі Ғазиза Әбдінәбиевна әбден есте қалыпты.
Бүгінгі күнге дейін салиқалы, салмақты қыз –келіншектерді, ойлы жүзінен мейірім-нұрын шашқан ана мен ақжаулықты әжелерді келісті келбеттеп жүрген Ғазиза –Әсия бейнесінде өжет те өткірлігімен образға жаңаша түр-түс, өзгеше мән-мағына беруімен ерекшелене білді. Қойылымның жарқын да жарық сәттері, комедиялық қызықты да күлкілі шақтары Әсияның сахнаға шығатын сәттерімен тұспа-тұс екенін айтпасақ айып. Бұл тек драматург пен режиссердің ғана емес, сонымен қатар, актрисаның да ерінбей , жалықпай тер төгуінің нәтижесі.
Ғазизаның осы заманның болмашы тіршілігі қалтаның қалыңдығын алдаусыратар, аз ғана күндік алдамшы бос өмір суреттерін көре жүріп, көңілінің бір бұрышына түйгенін Әсия бейнесінің болмысына арқау ете білгендігі жаныңды жадыратады.
Аталмыш бейне арқылы ол өз мәтінінің қай жерде,қай уақытта, қай сөзге ой екпінін баса түсіруді жете түсініп, ішкі-сыртқы сезімдерін, зерлі зердесін, өзіндік көзқарасын көпшілікке молынан сездірте алды.
Біздің ойымызша, Әсия бейнесі терең психологиялық толғаныысты талап етер күрделі тип.Иә, ол типтік образ.Арамызда Әсияның кебін киіп жүргендер аз емес. Ол өмір шындығынан жаратылған пенде.
Сығай Әшірбек
2 –мәтін:
Сахна (сцена; stage) —
мультимедиалық қосымша программалар әрекеті болатын ұсыну ортасында жоспарланған логикалық кеңістік.
театр ойын-сауықтары көрсетілетін орын. Қазіргі Сахна үлгісі драматургияның эволюциялық даму жолымен байланысты қалыптасты. Ол Ежелгі Грекия театрларында орхестра, эллинизм дәуірінде проскений, Ежелгі Рим театрында нросцениум деп аталды. Орта ғасырда қала мен деревнядағы ашық алаңдарда Сахна сияқты діни жанрларының тууымен байланысты Сахнаның алуан түрі (педжент, т.б.) дүниеге келді. 17 ғ-да Англия театрларында Шекспир сахнасы деп аталатын Сахна түрі пайда болды. Қайта өркендеу дәуірінде Италияда сахна төрін кеңейте түсетін нерспективалық планшеттер қолданылып, оған декорациялар орнатылды. 1539 ж. Виченцада (Италия) Сахнасы алдыңғы және артқы бөліктерге бөлінген театр ғимараты (арх. СахнаСерлио) түрғызды. Осы театр Сахнасы кейінен пайда болған қораб-сахнаның негізін құрады. Бертін келе: кулисалық жабдықтау (1585, Франция), кулисалық машиналар (1619, Пармадағы Фар- незе театры), айналмалы (1896, Мюнхен) сахна сияқты дамыған Сахна түрлері туды. Қалыптасқан классик. Сахна түрі көрермендер залы жағы ашық (сахна айнасы) тұйық қорап іспетті болып келеді. Сахнаның үлкен-кіші болуы сахна айнасының (мыСахна, Сахна биіктігі сахна айнасынан 2,5 - 3 есе биік, ені 2 есе артық болады) көлеміне байланысты. Сахна алаңы: ойын алаңы, авансцена, аръерсцена және екі қапталдағы кулисалардан тұрады. Сахнаның қаптал-қабырғаларына бірнеше қабатты жұмыс галереялары орнатылады да, оған Сахнаға жарық түсіретін электр техникасы, түрлі механизмдер және оларды басқару тетіктері қойылады. Бұл екі қапталдағы жұмыс галереяларына аспалы көпір арқылы қатынайды. Әдетте драма театрлары Сахнасының еденіне айналмалы шеңбер алаңдар жасалады. Қазіргі кездегі театрлардың көбінің Ссында сахна қалталары бар. Оған көтергіш механизмдер арқылы спектакль декорациялары қойылады. Бұл спектакльді үздіксіз жүргізуге мүмкіндік береді.
https://kk.wikipedia.org/wiki
Қосымша тапсырма:
Жоғарыдағы екі мәтінді салыстырып, публицистикалық және ғылыми стильдің
құрылымдық ерекшелігін анықтап, кестені толтыр.
Аудимәтін:
...А.Аманжолов Қазақстандағы көне түркілік жазба мұрағаттар тілін зерттеуші санаулы ғана ғалымдардың бірі ғана емес, санаттысы. Әрине, бұл жолға түсуі де кездейсоқ болған нәрсе емес, қайсар ғалымның саналы таңдауы болса керек. Кім білсін, кезінде, қазақ халқының этникалық құрамы туралы, көне қазақ ру-тайпаларының ежелгі тарихы туралы тереңнен сыр тартқан ғалым әкенің өзі іске асыра алмаған асыл арманына баласын жетелеген үміті жатыр ма екен? Ішкі сырын көпке жариялай қоймайтын, жариялылығынан гөрі қалтарыс сыры басым ағаның ғылымдағы жолының басталуын осылай топшыладық.
Түркілік деп танылатын жазудың қыр-сырын таныған қазақ ғалымының жүрегі осылайша елжірей соғып, тарихтың қатпар-қатпар көне шежіресінен қазақ жазуының да өзіндік сілем-ізін іздеп, заманалар шаңы басса да, тот баспас сары алтындай сақталған жазудың ізін қалың соқпақ жолдардың арасынан сарыла жүріп, тауыпты. Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан табылған біршама көне руникалық жазудың бар екені анықталған тұста, соны оқып, сырын ашқан бірден-бір ғалым Алтай Сәрсенұлы екенін ел біледі, мойындайды. Айталық, Іле өзенінің Кетмен тау жотасының қия жартасына қашалған руникалық жазуды үш жерден тауып, суретін түсіріп, оқыған, Есік қаласының іргесінен ашылған сақ дәуіріне жататын үлкен қорғаннан табылған күміс тостағанның сыртқы түбіне ойылып жазылған жазуды оқып тиянақтаған, Сыр бойындағы Шардарадан табылған ескі қорғаннан шыққан алқадағы жазуды оқыған, Павлодар облысынан табылған қорымның сақ дәуіріне жататынын дәлелдеген, Марқакөлден табылған қола айнадағы руникалық жазуды оқыған профессор А.Аманжолов болатын.Алтай Сәрсенұлының тағы бір қайсарлығы түркі тіліндегі лексикалық бірліктерді шумерлік жазулармен салыстырып, Орталық Қазақстандағы Кеңгір өзенінің атын Шумер (Кеңгер) жерінің атымен үндес келуі тегін емес деуімен де байланыстырар едік. “Түркі тілі жөніндегі ең алғашқы мәлімет Месопотамияның оңтүстігінен (Шумерден) табылған біздің дәуірімізге дейінгі ІҮ-ІІІ мың жылдықтарды меңзейтін идеографиялық жазба ескерткіштерінен байқалатынын” нақты мысалдар арқылы дәлелдеген ғалымның тұжырымына назар аударыңызшы: “Тіл мен этностың бірегейлігін ескерсек, этностың өз ана тілін қадірлеуі әбден заңды болары хақ. Ана тіліне деген шынайы сүйіспеншілік пен құрмет халықтың сана-сезімі неғұрлым дамыған сайын соғұрлым кемелденіп, өсіп, өркендей түсудің нышаны болып табылады”
(Түркі филологиясы және жазу тарихы, 27-бет).
- Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу.
Оқушылар жинақы мәтін жазуда төмендегі мазмұндық өңдеуді басшылыққа алады:
- Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.
- Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.
- Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
- Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Автор айтқандай..., ғылымның арқасында ..., Мәтінде «.....» берілген, т.б.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?