Мен қалай әртіс болдым? Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 6 сабақ.
Аннотация – кітаптың, мақаланың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.
- Аннотация туралы ақпаратпен танысып, жұптық тапсырманы орындағаннан кейін, оқушылар төмендегі ғалымдардың пікірі туралы ой бөліседі.
Аннотация рецензияның «ең шағын түрі», ол «шығарманы қысқа, тұжырымды баяндап береді, кеңірек үгіттеуді көздейді» профессор Т.Амандосов |
Аннотация сол шығарманың негізгі мән-маңызын қысқаша түйіндейді ғалым Т.Кәкішев |
3-тапсырма.
Оқушылар Жансая Тәуекелқызының «Мен қалай әртіс болдым?» тақырыбындағы сұхбатпен танысып, талдау жүргізгеннен кейін, осы мақала туралы аннотация жазады.
Аннотация жазу барысында төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алу керек:
- мақаланың жазылу тарихы немесе уақытын қамту;
- автор туралы мәлімет келтіру;
- мақаланың қандай мақсатта жазылғанын көрсету;
- деректерге сілтеме жасау;
- мақаланың құндылығы, кімдерге арналғанын айту;
- мақалаға баға беру.
Дифференциация:
Кейбір оқушылар ғылыми мақалаға жазылған аннтацияны іздестіріп, талдау жүргізеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?