Мен қалай әртіс болдым? Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 6 сабақ.
Мен қалай әртіс болдым?
Оқу мақсаты:
Ж8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу
Сабақтың мақсаты:
• ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазады
Болжау:
Қазақстанның халық әртісі Айша Абдуллинамен жүргізілген сұхбат үзіндісін оқып, сұхбатты әрі қарай жалғастыр
– Айша апа, амандық сұрасып, бүгінгі тіршілігіңізді біле отырсақ… Театр түгілі бүкіл оңтүстік халқы сізді жоғалтып алды. Қазақстаннан іздеп, ақырында көрші мемлекеттен тауып отырмыз…
– Рахмет, айналайын, сахнаға шықпасам да бұл саладан алыс-тай қоймадым. Өткізіліп тұратын мәдени іс-шараларға қатысып тұрамын. Соңғы екі жарым жылдан бері Бішкекте тұратын қызымның қолындамын. Әрине, тұрғылықты мекенжайымды ауыстырғаным жоқ. Қыс ауасы түскенде осы елге тартып кететін әдет соңғы 20 жылдан бері мен үшін дәстүрге айналған.
«Халық әртісі әсем қала, Алматының үлкен сахнасында өнер көрсетіп жүріп Шымкентке неге кетіп қалған?» сұрағына ортақ талқылау жүргізіңдер
Сұхбат жазудың алгоритмі:
сұхбат берушімен амандасу;
сұхбат алу мақсатымен хабардар ету;
сұхбат алу мақсатына орай сұрақтарды іріктеу;
сұхбат беруші үшін қолайлы тілдік қорды қолдану;
сұхбат берушінің жауабына қарай сұрақтарды өзгерту.
Сұхбат бойынша бағалау критерийі
Жинақы мәтін құрастыру жолдары
-Мазмұндық өңдеу:
-Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.
-Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.
-Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету.
http://alie-parusa.ucoz.ru/MO/MO_rus/gia-sistema-raboti-s-c1.pdf
Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу.
Жинақы мәтін жазуда төмендегі мазмұндық өңдеуді басшылыққа алу керек:
Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.
Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.
Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Автор айтқандай..., ғылымның арқасында ..., Мәтінде «.....» берілген, т.б.
Аннотация – кітаптың, мақаланың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.
Жансая Тәуекелқызының «Мен қалай әртіс болдым?» тақырыбындағы сұхбатпен танысып, сұхбат туралы аннотация жаз
Аннотация жазу барысында төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алу керек:
•мақаланың жазылу тарихы немесе уақытын қамту;
•автор туралы мәлімет келтіру;
•мақаланың қандай мақсатта жазылғанын көрсету;
•деректерге сілтеме жасау;
•мақаланың құндылығы, кімдерге арналғанын айту;
•мақалаға баға беру.
Кері байланыс «3-2-1»
Сабақтан алған 3 маңызды ақпарат
Қиындық тудырған 2 аспект
Сабақ барысында туындаған 1 сұрақ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?