Театр тағылымы. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзім жоспары

5-сабақ

Бөлім тақырыбы:

Театр өнері мен мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты -жөні:

Сынып: 8

Сабаққа қатысушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Театр тағылымы

Оқу мақсаттары

Ж8.3.1.1 - тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру;

ӘТН 8.4.4.4 – жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

Жинақталған материалдан тезистік жоспар құрады

 Бағалау критерийі

Тезистік жоспар құру

 Тілдік мақсат

Пәннің лексикасы мен терминологиясы: маусым, сахнагер, классиканың құдіреті, пәлсапа т.б.

Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс:

Сен қалай ойлайсың?...

Менің ойымша...., әсіресе, дегенмен, сол себепті

Жұптық тапсырмада Театр тағылымы туралы әңгімелеседі.

Құндылықтарды

дарыту

 

Оқушылар бұл сабақта қазақ тілінің болмыс-бітімін түсініп, қазақ жазуының шығу тарихын зерделейді

 Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, өнер

 Бастапқы білім

Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдау туралы білімдері бар

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Қорлар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту:

«Менің пікірім» әдісі.

«Біз көбіне өнерге қатысты сөз бола қалса, қазақ өнерінің қаранары, актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі деп айта береміз. Бұл тіркестерге құлақтың үйренгені соншалық өнер мен театр бір мағынада айтылатын синоним сөздер сияты естілетін болып кетті...»

Оқушылар топта ұсынылған үзіндіні талқылайды, өз пікірлерін білдіреді. «Өнер», «Қаранар», «Актер», «Театр» сөздеріне түсінік береді.

Сұрақтар:

  • Мәдениет пен өнерге байланысты қандай мақал-мәтел не қанатты сөздер білесіздер. Сіз айтқан мақал-мәтелдің не тұрақты тіркестің мағынасын түсіндіріп көріңіз.

Пікір жазылған парақшалар

Сабақ ортасы

Мәтінмен жұмыс кезеңі

Алдымен, оқушылар «Тарихын тағылым тұтқан театр» тақырыбындағы мәтінмен танысады. Содан кейін мәтіндегі деректерді басшылыққа алып материал жинақтайды және жинақталған материалдарды қажеттілігіне қарай топтастырады. ЖЖ

2-тапсырма. Тезистік жоспар құру

Мәтін бойынша тезистік жоспар төмендегідей ретпен көрініс табады:

Негізгі идеялар:

  • Қалибек Қуанышбаевтың өмірі мен өнерінен сыр шертетін көрменің көркемдік әлемі жұртты таңғалдырады.
  • Аңыз актерді құнды жәдігерлер арқылы өзгеше қырынан таныды.

Жақсы жақтары:

Ұлт театрының абыз ақсақалы Қалибек Қуанышбаевтай аңыз актердің аяулы есімі һәм тағылымды жолын актерлер шынайы көрсетеді.

Әлсіз жақтары:

Талантты жастардың бар мүмкіндігі мен шеберлігін шыңдап, жаңа белеске шығаруда нақты қадамдардың жасалмауы

Бағалау критерийі:

Тезистік жоспар құру

Дескриптор

Білім алушы:

Қажетті материалды жинақтайды

Мәтіннің негізгі идеясын түсіну

Тіл мәдениеті

Балл

3

3

2

Барлығы 8

3-тапсырма.

Оқушылар мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерге көңіл бөліп, айтылу мақсатын анықтайды және көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, сөйлемді толықтырады.

Ла Скала театры

Италия... Милан қаласы... орналасқан Ла Скала театры 1778 жылы 3 тамызда Антонио Сальеридің «Признанная Европа» операсы... ашылды. Театр сахна... әйгілі өнер майталман... Пуччини, Беллини, Верди, Росини операларының тұсау... кесілді. 2004 жылы театр үлкен күрде.. жөндеуден кейін өз шымылдығ... «Признанная Европа» операсымен ашты...

https://egemen.kz/article/176851-tarikhyn-taghylym-tutqan

https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/567/

 «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалық«Аруана»

Сабақтың соңы

«Ыстық орындық» әдісі бойынша оқушы ортаға шығып, «Театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.Қазіргі қоғамда театрдың қажеттілігі қаншалықты маңыздыдеген сұрақтарға жауап беріп, сыни ойлау, өздігінен шешім қабылдау дағдыларын дамытады.

Орындық, ыңғайлы орта



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу