Эпостық спектакльдер. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Қысқа мерзім жоспары
3-сабақ
Бөлім тақырыбы: Театр өнері мен мәдениеті | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты -жөні: | ||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Сабаққа қатысушылар: Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Эпостық спектакльдер | ||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | О8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Пәннің лексикасы мен терминологиясы: қазақ драматургиясы, пьеса, репертуар, романтикалық трагедия Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс: -Меніңше...., -Атап айтқанда..., -Қысқасын айтқанда.... -Дегенмен..., Лирико –романтикалық трагедия үлгісіндегі «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры туралы әңгімелеседі. | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бұл сабақ оқушыларды жазу тарихының маңыздылығын түсінуге бағыттайды | ||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет | ||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын мәтіндерден анықтап, тілдік қолданыста пайдаланады. | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Қорлар | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту: Сыныптың әр бұрышына мұғалім «Театр өнері мен мәдениеті» қатысты сөйлем немесе сөздерді ақ параққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына сол сөз немесе сөйлемдердің жауабын немесе сұрағын карточкаға жазып береді. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табады. Барлығы тауып болған соң, бірлесе жүріп әр парақтың жанына барады. Өз парағының жанына келгенде, сол оқушы өзіне қатысты оқу материалын түсіндіреді. ЖЖ | Қажетті дәйексөздер | |||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы | Мәтінмен жұмыс кезеңі. 1-тапсырма. Алдымен, оқушылар «Эпостық спектаклдер» тақырыбындағы мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпаратты табады. Мысалы, ...Қазақ драматургиясының эпостық –тарихи тақырыпқа жазылған пьесалары республикадағы ұлттық театрлардың сахнасында үздіксіз қойылып келеді. Қазақ театрларының жылдам дамып, бас-аяғы он-он бес жылдың ішінде кәсіби өнер биігінен көрінуіне ықпал жасаған шығармашылық құбылыстың бірі – эпостық дастандар мен фольклор негізінде жазылған пьесалардың театр репертуарында берік орын алуы.Уақыт талабына сәйкес бұл пьесалардың көркемдік сапасы автормен, театрмен бірге өсіп, драматургиялық шоқтығы биіктей түсті... Негізгі ақпаратты табу төмендегі критериймен бағала.
2-тапсырма. Оқушылар төмендегі мәтіндерді мұқият оқып, ғылыми және публицистикалық стиль ерекшеліктеріне қарай анықтайды және тілдік тұрғыдан салыстырады. 1-мәтін: ...Қазақ театрының әр кезеңінде сахнадан түспей, үнемі жүріп келе жатқан спектакльдердің бірі – Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясы. Пьеса әуелі ұйғыр, Семей, сонан кейін барлық қазақ театрларында қойылды. Орыс, татар, башқұрт, украин, қарақалпақ, қырғыз сахналарына шығуынан оның ұзақ сахналық тарихы басталады.Жалғыз ғана драма театрының сахнасына 1940, 1943, 1953,1971 жылдардағы қойылымдарының өзінен спектакльдің дәстүрлік тарихын байқау қиын емес... 2-мәтін: Орта ғасыр эпосы орта ғасырларда саяғттаушы әншілермен және халықтармен жасалған ерлік халықтық әңгмелер. Эпостарды арфа және вилоа сияқты ән құралдарымен айтқан. Әдетте эпостар әрқайсысы 8 жолдан тұратын 30-50 строфтардан тұрады. Кейде актерлар эпостың мазмұнын қойып, өз көзқарастарын енгізген... 3-тапсырма. Төмендегі ақпараттарға дұрыстығына сай «шын» немесе «өтірік» сөзін қой.
| ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Неге?Неге?Неге? әдісі. Оқушылар шеңберді айналдыра тұрып, бүгінгі сабақтың түйінді идеяларын еске түсіреді. Осы сабақта не үйренгендерін айтып, сөйлемдерін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтауы тиіс. Үлгі: 1-оқушы: Қазақ театрлары бас-аяғы он-он бес жылдың ішінде кәсіби өнер биігіне көтерілді. Неге? 2-оқушы: -------- --------- ---------- Неге? 3-оқушы: -------- --------- ---------- Неге? 4-оқушы: -------- --------- ---------- Неге? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды