Театр – өнер айнасы. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Қысқа мерзім жоспары
1-сабақ
Бөлім тақырыбы: Театр өнері мен мәдениеті | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты -жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Сабаққа қатысушылар: Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Театр – өнер айнасы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | Т/А8.1.2.1 -әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау; ӘТН 8.4.4.4 –жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Пәннің лексикасы мен терминологиясы: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдер, рух, сахна Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс: менің ойымша....., дегенмен...., бұл пікір қаншалықты дұрыс деп ойлайсың?... | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бұл сабақ оқушыларды театр өнері мен мәдениетін меңгеруге жетелейді | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Тыңдалым мәтіндерінен автор көзқарасын анықтап, экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды.Жай сөйлемдердің айтылу мақсатын түсініп, құрылымдық ерекшелігін анықтайды және тілдік қолданыста пайдаланады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Қорлар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту: «Менің пікірім» әдісі. «Біз театр сөзін көбіне, «Театр – өнер айнасы», «Ойын - сауық», «Мәдени ошақ» т.б. деп айта береміз. Бұл тіркестерге құлақтың үйренгені соншалық сана да, мәдениет те, салт та, дәстүр де бір мағынада айтылатын синоним сөздер сияты естілетін болып кетті...» Оқушылар топта ұсынылған үзіндіні талқылайды, өз пікірлерін білдіреді. «Театр», «Мәдениет», «Өнер» сөздеріне түсінік береді. Сұрақтар:
Сіз айтқан мақал-мәтелдің не тұрақты тіркестің мағынасын түсіндіріп көріңіз. | Тақырыпқа қажетті сөздер тізбегі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы | 1-тапсырма. Оқушылар мәдени-тарихи тақырыптағы «Театр – өмір айнасы» мәтінін тыңдайды және автордың көзқарасын анықтайды: Театр – шын мәнінде өмір айнасы. Ол алдымен адамның өз-өзін реттеуіне, күнделікті мән бермей жүрген нәрселерін айнаға қарағандай өзінен табуға жәрдемдеседі. Қай жаста болмасын театрға келуі арқылы әр адам өзін басқа бір қырынан тануға, өмірден оқшау еместігін, оның біртұтастығын түсінуге, қоғамның бір бөлшегі екенін ұғынуға мүмкіндік алады…. Автордың көзқарасын анықтау мақсатында төмендегі сұрақтарға жауап береді:
2-тапсырма. Автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды. «Алматы ақшамы» газетінің Бас редакторы Қали Сәрсенбайдың берген жауабы бойынша көп нүктенің орнына сұрақ дайындап, өзара сұхбаттасады. ...........................................................................................................? - Біз театрмен есейдік. Студенттік жылдары осы театрға келіп, корифейлердің ойынын көріп, сұхбат құрып, мақала жазуды бақыт санадық. - ...........................................................................................................? - Біздің қанатымызды қатайтқан, ойымызды, көзқарасымызды қалыптастырған – театр. Қарашаңырақ арқылы ұлттық мәдениетіміздің, тарихымыздың, болмысымыздың қайнар көзін сездік. - ...........................................................................................................? - Әлі де орайы келсе, жаңа қойылымдардан қалмауға тырысамын. Әр спектакль – жаңа таным, жаңа резонанс. - ...........................................................................................................? - Мұнда еңбек ететін әр адамның өнер жайлы түсінігі, өмір жайындағы түйсігі өзгелерден биіктеу боларына сенімдімін. - ...........................................................................................................? - Театр туралы жиі жазу, актерлермен, суретшілермен, драматургтермен жиі әңгімелесу журналистерді өсіреді. «Алматы ақшамы» газеті театрдың әр жаңалығына атсалысып, жариялап тұрады. - ...........................................................................................................? - Бүгінгі театр – дамуды, шығармашылық тұрғыдан өсуді мақсат тұтқан ұжым. Дифференциация: Оқушылар өз қабілеттеріне қарай топта зерттеуші, саяхатшы, тілші мамандықтарының бірін таңдайды. Міндеттері: -зерттеуші өз жұмыстары немесе «ашқан жаңалықтары» бойынша есеп дайындайды. -Саяхатшы театрдағы қызықты оқиға жайлы күнделік жазады. -Тілші өнер қайраткерімен сұхбаттасады. Грамматикалық тапсырма. Оқушыларға жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігі түсіндіріледі.
Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақ, жетек сұрақ, анықтауыш сұрақ болып бөлінеді. Негізгі сұрақты сұраулы сөйлем – бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты сөйлем. Мысалы: Бізбен бірге театрға барасың ба? Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесің? «Астана Балет» театры қашан ашылды? Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қатысуымен жасалады. Жетек сұрақты сұраулы сөйлем – негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сөйлем. Мысалы: – Гастрольдік сапарға кімдер барады? – Жас қызметкерлер барады. – Біздер ше? Жетек сұрақты сөйлем толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.Интонацияның ролі зор. Анықтауыш сұрақты сөйлем – екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты сөйлем. Мысалы: – Бұл рөлді кім ойнайды? – Айбар ойнайды. – Айбар? – Иә, Тілек.
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары: 1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы: Көзі мұндай өткір болар ма! 2) сөйлемге -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы: Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты толқып тұрсың-ау! 3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы: Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры! 4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады
Жұптық тапсырма ретінде тыңдалым материалынан (аудиомәтін) сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай ажыратады және негізгі белгілерін анықтайды. Мысалы,
Бағалау критерийі:
| Аудимәтінге қажетті медиаматериалдар, https://baq.kz/kk/news/regmedia/regmedia-76042 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Оқушылар шеңберге тұрады. Бір оқушы осы сабақта не үйренгенін айтады және сөйлемін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі тыңдаушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі ойыншылар осы әрекеттерді тізбек бойынша жалғастырады. Ойынның соңында барлық оқушылар орындалған тапсырмаларды еске түсіріп, тақырыптың түйінді идеяларының (әлемді қорғаудағы мемлекеттің рөлі т.б.) байланысын түсінеді. | Парақша |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?