Дала сахнасы. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 7 сабақ.


Дала сахнасы

Оқу мақсаты:

О8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

ғылыми және публицистикалық стиль түрлерін анықтап, құрылымын салыстырады

Диалог пен жазба жұмыстарында қолданылатын сөздер:

-Меніңше, сенің айтқаның дұрыс, дегенмен.....

- әрине...

-сайып келгенде...

-автор айтқандай...,

өнердің арқасында ...

Қажетті сөздер: дала сахнасы, киелі сахна, бекзат өнердің алтын діңгегі ауылдан бастау алған, мәңгілік құндылықтардың түпқазығы, сый –сыяпаты артқан, өнерін сәт сайын дамыту т.б.

Төмендегі суреттерді басшылыққа алып, қажетті сөздерді пайдалана отырып, «Дала сахнасы» туралы жұбыңмен әңгімелес

Мәтінмен жұмыс

« Қалибек Қуанышбаев»

...Кішкентайынан жұрттың сүйкімдісі атанған Қалибек, өзінің өнерін сәт сайын дамыта берді, ойын кездерінде даусын неше түрлі құбылтып, жұртты күлдіру ол үшін әдетке айналды. Әр баланың даусын, мінезін салып, қалғандарының ішек-сілесін қатыратын, «Түйе-түйе», «Ақсақ қозы мен қасқыр» ойындарында ботаның боздауын, жалғыз қошақанның маңырауын, көкжалдың ұлуын айнытпай салатын.Жеңгелері қылықты қайныларын жанына жақын тартып еркелететін. Оның күлдіргі қимылдарын қызықтап, "Әй, Қараирек, қайным - ай" деп қалжыңдап та қоятын.

Сахна (сцена; stage) — мультимедиалық қосымша программалар әрекеті болатын ұсыну ортасында жоспарланған логикалық кеңістік.

Театр ойын-сауықтары көрсетілетін орын. Қазіргі Сахна үлгісі драматургияның эволюциялық даму жолымен байланысты қалыптасты. Ол Ежелгі Грекия театрларында орхестра, эллинизм дәуірінде проскений, Ежелгі Рим театрында нросцениум деп аталды.

САХНАСЫ – ДАЛА, ТЫҢДАРМАНЫ – КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚ

Бұл күні қобыз сарынымен даланы тербетіп, рухани дүниенің тамырын күйден іздеген Қорқыт, қазақтың жаны қоңыр домбырасында екендігін күй құдіретімен жазып кеткен Құрманғазы, қара сөзі мен ақ мылтық жыры болмаса жаны жүдеп тұратынын сүмбіле жырымен жырлап өткен Сүйінбай бабаларымыз, әнінің әуенін халқының арасынан іздеген Ақан, Біржан сал бабаларымыз орнынан бір аунап түсіп, аруағы риза болған күн десек те болар. Өйткені, бұл осы өнер иелерінің көптен күткен ақ ордасы еді. Алатау ауданы ашылып, осы мәдени ошақтың іргетасы қаланған күннен бастап, өнер жанашырлары осы ақ үйді қазақтың өнер ордасы болса екен деп тілеген еді.

Ойлан. Талда. Қолдан

Публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б, ал ауызша түріне шешендік сөздер, елбасының, қоғам қайраткерлерінің көпшілік алдында сөйлеген ресми сөздері жатады.

 

Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады.

Екі мәтінді салыстыр және публицистикалық және ғылыми стильдің құрылымдық ерекшелігін анықтап, төмендегі кестені толтыр

Бағалау критерийі

Тұжырымға өз пікіріңді білдір

«Қазіргі уақытта шын талантын мойындатып жүрген өнер адамдары да бар, «атың шықпаса жер өрте» деп танылғандар да жетерлік. Барлығының басын тоғыстырып тұрған, ол – киелі сахна. Өнер адамының басты мақсаты сахнаға шығып өнер көрсету ғана емес, киелі сахна мәдениетін сақтай білуі де керек»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу