Дала сахнасы. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.
Қысқа мерзім жоспары
7-сабақ
Бөлім тақырыбы: Театр өнері мен мәдениеті | Мектеп: | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты -жөні: | ||||||||||||||
Сынып: 8 | Сабаққа қатысушылар: Қатыспағандар: | ||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Дала сахнасы | ||||||||||||||
Оқу мақсаттары | О 8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||||||||
Бағалау критерийі | Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндерді тілдік қолданыста анықтау | ||||||||||||||
Тілдік мақсат | Пәннің лексикасы мен терминологиясы: дала сахнасы, бекзат өнеріміздің алтын бастаулары ауылдан бастау алған, мәңгілік құндылықтардың түпқазығы, сый –сыяпат, өнерін сәт сайын дамыту т.б. Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс: -Меніңше, сенің айтқаның дұрыс, дегенмен..... - әрине... -сайып келгенде... -автор айтқандай..., өнердің арқасында ..., мәтінде «.....» берілген, т.б. | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бұл сабақ оқушыларды дала сахнасының сырын ұғуға ,театр мәдениетін сақтауға, өнер иелерін құрметтеуге бағыттайды. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін, құрылымын салыстыра талдауды игерген. | ||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Қорлар | |||||||||||||
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту: Оқушылар төменде берілген суретті басшылыққа алып, тірек сөздер мен сөз оралымдарын қолданып, дала сахнасы туралы пікірлеседі. Қажетті сөздер: дала сахнасы, киелі сахна, бекзат өнердің алтын діңгегі ауылдан бастау алған, мәңгілік құндылықтардың түпқазығы, сый –сыяпаты артқан, өнерін сәт сайын дамыту т.б. | Интербелсенді тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, қажетті сөздер жазылған парақша | |||||||||||||
Сабақ ортасы | 1-тапсырма. Оқушыларға үш мәтін таратылады. Мәтіндерді салыстырып, стиль түрлерін анықтайды. 1-мәтін: Тұрсын Жұртбайдың «Дала сахнасы» 2-мәтін: 3-мәтін: 2-тапсырма. 1.Алдымен, оқушылар публицистикалық стиль мен ғылыми стильдің ерекшелігі туралы білімдерін кеңейтеді: Мысалы, Публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б, ал ауызша түріне шешендік сөздер, елбасының, қоғам қайраткерлерінің көпшілік алдында сөйлеген ресми сөздері жатады. Ғылыми стильдегі еңбектерге монография, оқулық, мақала, ғылыми есеп, диссертация, реферат, баяндама, тезистер, патенттер, т.б. жатады. 2. Оқушылар публицистикалық стиль мен ғылыми стильдің ерекшелігін анықтауға бағытталған тапсырманы орындайды(постер). Әр топ өзге топты тыңдай отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады. Осылайша екі стильдің айырмашылығын теориялық тұрғыдан білгеннен кейін, әр топқа екі стиль түрінде жазылған мәтіндер таратылады. Оқушылар екі мәтіннің құрылымын салыстыра талдап, топтық бағалау жүргізеді. 3. Оқушылар екі мәтінді салыстырып, публицистикалық және ғылыми стильдің құрылымдық ерекшелігін анықтап, төмендегі кестені толтырады Бағалау критерийі:
| «Дала сахнасы» Тұрсын Жұртбай, Астана «Фолиант» баспасы 2006ж | |||||||||||||
Сабақтың соңы | Топтан екі ерікті таңдалады. Олар сайлауда ауыл әкіміне кандидат болады. Топ алдында өз бағдарламаларын ұсынып, сөз сөйлейді. Жүргізуші оларға сөз арасында өз сөздеріне қосып айтуға тиіс сөздерді көрсетіп тұрады. Мысалы ( дала заңы, дала сахнасы, меніңше, сенің айтқаның дұрыс, дегенмен..., өнердің арқасында, әрине т.б.) Басқа тыңдаушылар сайланушылардың әңгіме құрастыру шеберлігін бағалап, дауыс береді. | Қажетті сөздер жазылған парақшалар |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?