Мен қалай әртіс болдым? Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 6 сабақ.
Театр әлемі
Оқу мақсаты:
Ж8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу
Сабақтың мақсаты:
• ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазады
Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс:
менің ойымша...,
өткенге көз жүгіртсек...,
дегенмен...,
біріншіден...,
қорыта айтқанда....
Мақаланы мұқият оқып, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін құрастыр
ТЕАТР ӘЛЕМІНДЕГІ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ
Биыл заманының заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл екенін жақсы білеміз. Осыған орай, 11 қазан күні М. Омарханұлының есімімен аталатын қазақ өнерінің қара шаңырағында театр маусымының ашылу салтанатымен бірге алматылық 8 театр ұжымының басын қосқан «Театр әлеміндегі рухани жаңғыру» атты көрме өтті....
Жинақы мәтін құрастыру жолдары
-Мазмұндық өңдеу:
-Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.
-Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.
-Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету.
http://alie-parusa.ucoz.ru/MO/MO_rus/gia-sistema-raboti-s-c1.pdf
Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу.
Жинақы мәтін жазуда төмендегі мазмұндық өңдеуді басшылыққа алу керек:
Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.
Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.
Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Автор айтқандай..., ғылымның арқасында ..., Мәтінде «.....» берілген, т.б.
Аннотация – кітаптың, мақаланың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.
Аннотация жазу барысында төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алу керек:
•мақаланың жазылу тарихы немесе уақытын қамту;
•автор туралы мәлімет келтіру;
•мақаланың қандай мақсатта жазылғанын көрсету;
•деректерге сілтеме жасау;
•мақаланың құндылығы, кімдерге арналғанын айту;
•мақалаға баға беру.
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?