Мен қалай әртіс болдым? Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзім жоспары

6-сабақ

Бөлім тақырыбы:

Театр өнері мен мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты -жөні:

Сынып: 8

Сабаққа қатысушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мен қалай әртіс болдым?

Оқу мақсаттары

Ж8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  • ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация) жазады

 Бағалау критерийі

Сұхбаттаушыға арнайы сұрақтар қою және қойылған сұрақтарға дәйекті жауап беру

 Тілдік мақсат

Пәннің лексикасы мен терминологиясы: Рухани жаңғыруғ арнайы бағдарлама, академиялық драма театр т.б.

Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс:

Менің ойымша..., өткенге көз жүгіртсек...,

дегенмен..., менің ойымша...,

біріншіден...,

қорыта айтқанда....

Жұптық тапсырмада Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялы драма театр туралы әңгімелеседі.

Құндылықтарды

дарыту

 

Бұл сабақ оқушыларды театр әлемін шарлауға бағытталады

 Пәнаралық байланыс

Сөз өнері, әдебиет,

 Бастапқы білім

Оқушыларда жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу дағдылары қалыптасқан

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Қорлар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту:

«Саяхаттаушы ақпараттар» әдісі.

Сыныптың әр бұрышына мұғалім сөйлем немесе сөздерді (театр әлеміне қатысты) ақ параққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына сол сөз немесе сөйлемдердің жауабын немесе сұрағын карточкаға жазып береді. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табады. Барлығы тауып болған соң бірлесе жүріп әр парақтың жанына барады. Өз парағының жанына келгенде, сол оқушы өзіне қатысты оқу материалын түсіндіреді.

https://v4k.online/video/KMS5kS_5kLY

Сабақ ортасы

Мәтінмен жұмыс кезеңі.

1-тапсырма.

Оқушылар алдымен, «Театр әлемі» көрмесінің ашылуы туралы бейнематериалды көреді. Бейнекөріністегі жас әртістердің өнеріне өзіндік баға береді және арнайы шақырылған қонақтардың сөздерінен стиль ерекшеліктерін анықтайды.

2-тапсырма.

Оқушылар «ТЕАТР ӘЛЕМІНДЕГІ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» КӨРМЕСІ туралы мақаланы оқиды. Жұптық тапсырма ретінде мақаланың әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін құрастырады.

Мақаладан үзінді,

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийі

№ тапсыр

ма

Дескриптор

Білім алушы:

Балл

тыңдалым материалы бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазу

1

Мақаладан негізгі ақпаратты табады

 Жай сөйлемдерді орынды қолданады

 

4

 

 

3

Барлығы 7

  • Оқушыларға жинақы мәтін құрастыру жолдары таныстырылады.

Мысалы,

Жинақы мәтін құрастыру жолдары:

-Мазмұндық өңдеу:

-Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.

-Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.

-Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.

Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету.

Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу.

Жинақы мәтін жазуда төмендегі мазмұндық өңдеуді басшылыққа алу керек:

Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.

Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.

Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.

Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Автор айтқандай...,менің ойымша ..., қорыта айтқанда.... Мәтінде «.....» берілген т.б.

Аннотация жазу барысында төмендегі нұсқаулықты басшылыққа алу керек:

мақаланың жазылу тарихы немесе уақытын қамту;

автор туралы мәлімет келтіру;

мақаланың қандай мақсатта жазылғанын көрсету;

деректерге сілтеме жасау;

мақаланың құндылығы, кімдерге арналғанын айту;

мақалаға баға беру.

https://yandex.kz/video/search

https://www.auezov-theatre.kz/ru/press/museum/view/950

Сабақтың соңы

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақ туралы ойыңмен бөліс

Рефлексияға қажетті парақшалар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу