Халық үшін ашық парақпын. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 5 сабақ.


Оқу мақсаты:

Ж8.3.1.1 - тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру;

ӘТН 8.4.4.4 – жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану

Халық үшін ашық парақпын

Жинақталған материалдан тезистік жоспар құру

Сабақтың мақсаты:

Өмірін өнерімен өрнектеген танымал адамдар туралы не білесіңдер?

«Мен халқым үшін ашық парақпын» тақырыбындағы сұхбат мәтіндегі деректерді басшылыққа алып, материал жинақта және жинақталған материалдарды қажеттілігіне қарай топтастырыңдар

Сұхбат мәтінінен үзінді

... -Білетіндер Сізді ашық-жарқын, қалжыңбас деп жатады...

Менде құпия ештеңе жоқ. Мен халқым үшін жабық кітап емес, ашық парақпын. Айтылған әзілдердің бәрі «Деген екен...» деген жинаққа енді.Бәрі халықтың аузында. Қалжыңбас екенім рас.Юморы жақсы адамдармен тез достасамын.Оспанхан екеуміз дос болдық. Мен бір әзілді бастасам, ол «айта түс, айта түс» деп кеңкілдеп кеп күледі.Ол күлген сайын, менің шабытым ашыла түседі.Өзінің жинағына «осы кітап сенің әдемі әзілдеріңнің, жақсы юморларыңның жемісі» деп жазып берген.Институтта оқып жүрген кезімде «Актер» деген қабырға газеті болатын. Мен соның бас редакторы болдым да, Оспанхан орынбасарым болды. Парадокс қой, өмірде ол актер болмады, жазушы болды, мен жазушы болмадым, актер болдым. Соның бәрінің жиынтығы – біздің өмір...

Тезис

Тезис (түйін)

Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің көшірмелерден өзгешелігі, ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс.

Негізгі тезистердерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Ал қорытынды басты тезистер алдыңғы материалдардың мазмұнын жалпылауы тиіс.

Қарапайым тезистер бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспект, реферат құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі.

Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімшелерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі. Қарапайым тезистерді еңбектің тұтастай мазмұнының жалпы бағыттылығына қарамастан оның барлық бөлімшелерінен бөліп алуға болады.

Тезистік жоспар құру

 Мәтін бойынша тезистік жоспар төмендегідей ретпен көрініс табады:

І. Негізгі идеялар:

 Асанәлі Әшімов өмірі мен өнері сұхбатындағы ашық сұхбат оқырманды қызықтырады.

Өнер ордаларына зиялы қауымның баруы сирек.

Жақсы жақтары:

 

Сұхбат барысынан актердің шынай әңгімесін анық аңғарамыз

 

Әлсіз жақтары:

жас шағында көп нәрсені тындыру

 

Бағалау критерийі:

Қол жеткізген табыс

Еңбек мәдениеті

Ақыл -ой

Құндылықтар жиынтығы

Дүниетаным

Жан дүние құбылысы

Төменде берілген сөздерден жай сөйлемдер құрап, құрылымдық ерекшелігін анықтаңдар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу