Халық үшін ашық парақпын. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Қысқа мерзім жоспары
5-сабақ
Бөлім тақырыбы: Театр өнері мен мәдениеті | Мектеп: | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты -жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Сабаққа қатысушылар: Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Халық үшін ашық парақпын | ||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | Ж8.3.1.1 - тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру; ӘТН 8.4.4.4 – жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: Жинақталған материалдан тезистік жоспар құрады | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Тезистік жоспар құру | ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Пәннің лексикасы мен терминологиясы: өмір баспалдақтары, сомдаған образдарым, қалжыңбас, өнер қалжыңдары, юмор, парадокс Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс: Сен қалай ойлайсың?... Менің ойымша...., әсіресе, дегенмен, сол себепті Жұптық тапсырмада Асанәлі Әшімұлының өнердегі өмір белестері туралы әңгімелеседі. | ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Оқушылар бұл сабақта өнер тарландарын құрметтеуге үйренеді | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет, өнер | ||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдау туралы білімдері бар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Қорлар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту: Сыныптың әр бұрышына мұғалім өмірін өнерімен өрнектеген танымал адамдар өміріне қатысты сөйлем немесе сөздерді ақ параққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына сол сөз немесе сөйлемдердің жауабын немесе сұрағын карточкаға жазып береді. Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табады. Барлығы тауып болған соң, бірлесе жүріп әр парақтың жанына барады. Өз парағының жанына келгенде, сол оқушы өзіне қатысты оқу материалын түсіндіреді. ЖЖ | Қажетті сөздер жазылған парақшалар | |||||||||||||||||||
Сабақ ортасы | Мәтінмен жұмыс кезеңі Алдымен, оқушылар «Мен халқым үшін ашық парақпын» тақырыбындағы сұхбат мәтінімен танысады. Содан кейін мәтіндегі деректерді басшылыққа алып, материал жинақтайды және жинақталған материалдарды қажеттілігіне қарай топтастырады. ЖЖ Сұхбат: ... -Білетіндер Сізді ашық-жарқын, қалжыңбас деп жатады... Менде құпия ештеңе жоқ. Мен халқым үшін жабық кітап емес, ашық парақпын. Айтылған әзілдердің бәрі «Деген екен...» деген жинаққа енді.Бәрі халықтың аузында. Қалжыңбас екенім рас.Юморы жақсы адамдармен тез достасамын.Оспанхан екеуміз дос болдық. Мен бір әзілді бастасам, ол «айта түс, айта түс» деп кеңкілдеп кеп күледі.Ол күлген сайын, менің шабытым ашыла түседі.Өзінің жинағына «осы кітап сенің әдемі әзілдеріңнің, жақсы юморларыңның жемісі» деп жазып берген.Институтта оқып жүрген кезімде «Актер» деген қабырға газеті болатын. Мен соның бас редакторы болдым да, Оспанхан орынбасарым болды. Парадокс қой, өмірде ол актер болмады, жазушы болды, мен жазушы болмадым, актер болдым. Соның бәрінің жиынтығы – біздің өмір... 2-тапсырма. Тезистік жоспар құру Тезис (түйін) Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің көшірмелерден өзгешелігі, ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс. Негізгі тезистер - дерек көзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады. Ал қорытынды басты тезистер алдыңғы материалдардың мазмұнын жалпылауы тиіс.
Негізгі идеялар:
Жақсы жақтары: Сұхбат барысынан актердің шынай әңгімесін анық аңғарамыз Әлсіз жақтары: жас шағында көп нәрсені тындыру Бағалау критерийі:
3-тапсырма. Оқушылар төменде берілген сөздерден жай сөйлемдер құрайды және құрылымдық ерекшелігін анықтайды: | http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1177683&simple=true# «Мен халқым үшін ашық парақпын» Асанәлі Әшімұлы «Арна» баспасы, Алматы 2014ж «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалық«Аруана» | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Топқа бір тақырып бойынша ( Өнер тарландары өмірі т.б.) мәтін немесе ресурс материалы, суреттер беріледі. Оқушылар осы ресурс бойынша 5 минутта 1 мәселе бойынша 5 идея айтуы тиіс. Спикер топтың идеяларын жазып алып, үлкен топқа таныстырады. Бұдан әрі айтылған идеялар негізінде топтық талқылау жүргізіліп, сыни тұрғыдан баға беріледі. | Идеяларды жазатын парақшалар |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?