Өнер белестері. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 3 сабақ.


3 –сабақ: Өнер белестері

А.П.Байшагирова «Әдеби талдауды меңгерту»әдістемесі»

Көркем мәтінді талдау мәселелері

Көркем мәтін –көркем емес мәтін түріне (публицистикалық, ғылыми, ресми стильдегі мәтіндер) қарай талдау қандайда бір шеңбер сияқты жолды жүріп өтеді. Ең алдымен, белгілі бір тақырып аясындағы мәтіндерге қарапайым талдау жүргізіліп, негізгі ұғымдар үйретіледі.

Көркем мәтіннің құрылымы мен көркем емес

мәтіннің құрылымындағы(мысалы, ресми стиль мәтіні -хабарландыру, хат т.б.) тілдік-лингвистикалық, көркемдік, функционалдық, стильдік, компоненттер арасындағы мағыналық байланыс пен қатынас ерекшеліктерін талдау арқылыоқушылар мәтін дискурсы мәселелелерін игереді.

Нәтижеінде, оқушылар тек әдебиетті оқып қана қойымайды, олардың коммуникативтік қарым-қатынас дағдылары дамытылып, түрлі стильдегі мәтіндерді модельдеуге жаттығады.

Мазмұндық талдау –формалдық талдау

Формалдық талдауөзінің табиғаты бойынша, тілдік-лингвистикалық талдау болып табылады. Мұндай талдау «жоғарыдан -төменге» қарай, яғни «тұтас мәтіннен –жекелеген тілдік бірліктерге» қарай жүргізіледі. Мазмұндық талдауформалдық талдауға сүйене отырып, мәтін неден құралғанын анықтайды.

Прозалық талдау –поэзиялық талдау

Поэзиялық шығарманы талдауда оқушыларға мынадай ерекшеліктерді түсіндіріп, ұғындыру міндетті болады:

  • поэзия тілінің «тұйықтығы», өзіндік қиындықтары;
  • поэзияның өзіндік ішкі «кілті» болатындығы;
  • дыбыстық жағынан үйлесуінің ерекше маңызға ие екендігі;
  • ерекше ритм мен өлшемдерге күрделі бөлінетіндігі;
  • сөздік экспрессия: сөздің мағыналық «күрделенуі»;
  • астарлап айтудың/сөйлеудің ерекше рөлі болатындығы;
  • эмоцияның көтеріңкі болатындығы.

Прозалық шығарманы талдауда мынадай ерекшеліктерді таныту міндет олып табылады:

 поэзиядан басқаша сөйлеу ырғағы болуы;

 мағыналық және синтаксистік құрылымына байланысты мүшеленіп бөлінетіндігі;

 мазмұнының мағыналық-логикалық байланыстардан тұратындығы;

 тілдік көптүрліліктің молынан кездесетіндігі;

 монологтік болып келетіндігі;

 «орталықтандырушы», «эмоциядан тыс», «стильдік бағынышты емес» сөздің болуын қажет ететіндігі;

 сөйлеу тілінің көркембейнелеуіш және танымдық мүмкіндіктерін молынан қолдануға ұмтылыс болуы.

А.П.Байшагирова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу