Өнер белестері. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 3 сабақ.
Өнер белестері
Оқу мақсаты:
О8.2.4.1 - тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау
Сабақ мақсаты:
Қазақ тіліндегі стильдің құрылымын анықтайды
Берілген суреттерді басшылыққа алып, «Театр: Кеше.Бүгін.Ертең» тақырыбында жұбыңмен әңгімелес
«Қазақ драма театрлары бағындырар белестер алда» тақырыбындағы мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпаратты табыңдар және төмендегі критериймен бағала:
1-мәтін:
Мысалы,
...Қазақстандағы театр өнерінің қазіргі жағдайы мен болашағы «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында өткен мәдениет пен өнерді дамыту жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында талқыланды, деп хабарлады аталған партияның баспасөз қызметінен.
Бүгінгі күні Қазақстанда 60-тан астам театр бар. Оның көбі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында тәуелсіздік алғаннан кейін ашылды. Халықтың рухани өмірінде және елдің даму үрдісінде өнер өте үлкен рөл атқарады...
1.Төмендегі мәтінді мұқият оқып, ғылыми және публицистикалық стиль ерекшеліктеріне қарай талдап, тілдік тұрғыдан салыстыр.
2. Газет – журналдардан ғылыми стильдегі (мәдениет, театр қатысты) мақаланы тауып, екі мақаланы стильдік ерекшелік тұрғысынан талдаңдар.
Ғылыми стильдің басты лексикалық ерекшелігі – терминдер. Ғылыми стиль — жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады.
Публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғалар қатынасады:
а) экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер;
ә) тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер;
б) толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер;
в) тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер.
Осы тұлғалар публицистикалық сөзге экспрессивтік екпін, ырғақ, жинақылық бейне береді.
Публицистикалық сөздің қоғамдағы мәні өте зор. Ол қоғам мүшелерін ұлы істерге жұмылдырады, ұлы идеяларды дәріптейді.
Төмендегі мәтіндерді мұқият оқып, ғылыми және публицистикалық стиль ерекшеліктеріне қарай анықта және тілдік тұрғыдан салыстыр.
1-мәтін:
...Қазақ театрының әр кезеңінде сахнадан түспей, үнемі жүріп келе жатқан спектакльдердің бірі – Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясы. Пьеса әуелі ұйғыр, Семей, сонан кейін барлық қазақ театрларында қойылды. Орыс, татар, башқұрт, украин, қарақалпақ, қырғыз сахналарына шығуынан оның ұзақ сахналық тарихы басталады.Жалғыз ғана драма театрының сахнасына 1940, 1943, 1953,1971 жылдардағы қойылымдарының өзінен спектакльдің дәстүрлік тарихын байқау қиын емес...
2-мәтін:
Орта ғасыр эпосы орта ғасырларда саяғттаушы әншілермен және халықтармен жасалған ерлік халықтық әңгмелер. Эпостарды арфа және вилоа сияқты ән құралдарымен айтқан.
Әдетте эпостар әрқайсысы 8 жолдан тұратын 30-50 строфтардан тұрады. Кейде актерлар эпостың мазмұнын қойып, өз көзқарастарын енгізген...
Қазақ тіліндегі стиль түрлерін талдап, зерттеу жүргізіңдер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?