Театрға бару мәдениеті. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 2 сабақ.


2-сабақ. Театрға бару мәлениеті

1-тапсырма

https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/1913/

Қаланың қарбаласы түсінікті... Көліктер кептелісі. Осы секілді түрлі жағдайлармен жүріп, сіз кенет театрдағы қойылымның басталу уақытынан аздап кешігіп қалдыңыз. Апыл-ғұпыл  киіміңізді өткізіп, көрермендер залына кіріп келесіз. Сахна жап-жарық, әртістер өз образында. Қысқасын айтқанда, сахнадағы өмір қыз-қыз қайнап кетіпті. Алдыңыздан театр қызметшісі шығып, бір орынды нұсқады. Билетке қарап сызылатын уақыт та жоқ, жағдай да жоқ. Арғы жақтағы бос орынға отырмақ боп, көрермендер арасынан өтіп барасыз. Сол кезде не естідіңіз? Естімегеніңіз қаламады ғой, иә?! Оларды түсінуге болады, сахна тынысымен тыныстап, сондағы тіршілікке еніп отыр. Кінә сізден! Кез келген ортаның өз бағынатын заңы не мәдениеті болады. Театр – нағыз өнердің ордасы. Ал мұндай киелі де, рухани ордада мәдениет сақтамау – әбестік. Сонымен, сіз сақтауға тиіс 10 қағида:

Қойылымға уақытынан бұрын, не кешікпей келіңіз. Егер жағдайыңыз келіп жатса, билетті алдын ала сатып алғаныңыз дұрыс. «Қазақпыз ғой, кешікпейік десек те, кешіге береміз» деген сылтауды қойып, ертерек қимылдаңыз.   Өзіңізді-өзіңіз жөнге келтіріп келіңіз. Үстіңізге гардеробыңыздағы ең әдемі деген киіміңізді киіңіз. Әрине, киімнің сол ортаға сай болғаны дұрыс. Спорт киімімен немесе жұмыс киімімен келуші болмаңыз. Барынша өзіңізді жайлы сезінетіндей киім түрін таңдағаныңыз жөн. Ер адамдар фрак немесе смокинг киіп келсе орынды. Әйелдер театрға үлкен шаш үлгісімен келмегені дұрыс, онысымен артқы жақта отырған көрермендерге кедергі келтіреді. Иісі өткір иіс суларды сеуіп келуден қашыңыз. Сыртқы ортада болған жағдайлардан туындағын түрлі эмоцияларды мұнда көрсетудің қажеті жоқ. Сіздің театрға келгендегі мақсатыңыз – рухани ләззат алып, жаныңызды жайландыру. Сондықтан ашу мен реніш жан-жақтан қолқалап бара жатса да, оны ішіңізде жасырыңыз, не ол жайында ұмытыңыз. Әйтпесе, сіздің эмоцияңыз жаныңызда отырған көрерменге де әсер етуі әбден мүмкін. Ал егер ауырып жүрген болсаңыз, театрға келмегеніңіз дұрыс-ау. Билетте көрсетілген орынға отырыңыз. Өз билетіңізде көрсетілген орынға жайғасып алсаңыз, сізді ешкім де жылы орныңыздан қозғамайды. Ал өзгенің орнына отырып қалсаңыз, орын иесі келсе, түсініспеушілік туындап қалары сөзсіз. Өзгеге тиесілі орынға тек театр қызметшілері рұқсат бергенде ғана отырғаныңыз жөн. Орныңызға өтерде көрермендерге бетіңізді бері қаратып өтіңіз. Қойылым басталар алдында ұялы телефоныңызды не дыбыссыз режимге қойыңыз, не сөндіріп тастаңыз. Сырттан келген қоңырау сізді ғана емес, қасыңызда отырған көрермендерді де мазалайды. Одан қала берсе, сахнада өрбіп жатқан тіршілікке де айтарлықтай кедергі жасайтыны даусыз. Қойылым басталысымен-ақ, басқа шаруаның бәрін доғарыңыз. Досыңызбен сөйлесуді, не жаңа таныстықты, бәрін-бәрін доғарыңыз. Өйткені сіз үшін киелі сахнаның саңлақтары барын салып өнер көрсетпек. Театрға келіп алып, қойылым көрудің орнына басқа шаруалармен айналысып кетсеңіз , ол сіздің, біріншіден – өнерді, екіншіден – сахнаны, үшіншіден – өзіңізді сыйламағаныңыз. Егер сүйіктіңізбен келсеңіз, көпшіліктің арасында жасауға ерсі көрінетін қылықтарды қойыңыз, ұялыңыз! Қойылым барысында әртістердің дауыстары естілмей, не басқа да қылықтарын ерсі деп қабылдасаңыз, сол үшін көрермендер залында айқайлаудың тіпті де қажеті жоқ. Күлкілі көрініс болмаса, қатты дауыс шығарып күлмеңіз. Олай жасасаңыз, сахнада ойнап жатқан әртістердің өз образынан адасып қалуына себепкер боласыз. Қойылым жайында сыныңыз бен пікіріңізді қойылым аяқталған соң немесе антракт кезінде  айта жатарсыз.

Тек сахнада тіршілік жүріп жатқанда, өнердің тынышын алмаңыз. Қойылым көңіліңізден шықпай жатқанның өзінде көрермендер залынан шығып кетуге асықпаңыз. Соңын күтіңіз! Театр қызметшілерімен сөзге келудің керегі жоқ. Олар барынша залдағы тыныштық үшін қызмет етеді. Егер қызметші сізге қайта-қайта ескерту айта берсе, демек сіз театр мәдениетін бұзып отырсыз. Қойылым біткен соң, көрермендермен бірге тұрып, қошемет көрсетіңіз. Әртістің қуанышы – халқының қошеметіне бөлену. Ендеше сіз үшін саф таза өнерін паш еткен сахна еркелерін қошеметке бөлеңіз. Егер әлеуметтік жағдайыңыз көтерсе, өнер иелеріне гүл сыйлаңыз. Оларға гүлден артық сый жоқ. Гүлдің бағасы маңызды емес, бастысы, шын көңілден табысталса болды. Бірақ гүл сыйлаймын деп бет алды сахнаның ортасына қарай көтеріліп кетпеңіз. Гүлді сүйікті әртісіңізге халқына иілуге шыққанда ғана табыстаңыз. Сахнаның аса киелі екенін ешқашан да ұмытпаңыз!                                  

Ақерке Әбілхан

2-тапсырма

Театр Ережесі:

1.Театр қойылымдарына билет ала отырып, көрермен Театр ғимаратында қоғамдық тәртіпті сақтауға міндеттенеді.

2.Көрерменнің кесірінен Театрға материалдық зиян келтірілген жағдайда –Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша өтелуі тиіс.

3.Көрермен іс-шараға сәйкес киім үлгісін сақтауы тиіс, іс-шараға шолақ шалбар, майка, резеңке шәркеймен келмеуйі тиіс.

4.Көрермен гардеробтағы жеке киімдерін немесе нөмерлік жетонын жоғалтқан жағдайда, гардероб қызметшісіне немесе кезекші театр әкімгеріне хабарлауы тиіс

5.Көрермендердің театрға кіруі және қызмет көрсетуші қызметкерлердің жұмысы іс-шараның басталуына 1(бір) сағат бұрын басталады, көрермендер залына кіру бірінші қоңыраудан кейін басталып, үшінші қоңыраудан соң залдың есіктері жабылады.

6.Іс-шара өтіп жатқан уақытта барлық байланыс құралдары өшірілуі немесе дыбыссыз күту режиміне ауыстырылуы тиіс.

7.Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету мақсатында көрермендерге спектакль кезінде әкімгердің арнайы рұқсатынсыз фото-, кино-, бейне-, телетүсірілім жүргізуге және кез-келген аудио жазбалар түрін жазуға тыйым салынады.

8.Көрермендер залына сырт киіммен, сусындармен, тамақпен және мастық күйде кіруге тыйым салынады.

9.Көрермендің қауіпсіздігі үшін театр ғимаратына қару-жарақ, өртке қауіпті, жарылғыш, улы, радиоактивті заттарды, қадалғыш, кескіш және басқа заттарды, пиротехникалық жабдықтарды, лазерлі қалта шамдарын, еліткіш заттарды, алкогольді сусындарды, үлкен көлемді сөмкелер мен пакеттерді, жануарларды алып кіруге, басқа көрермендердің киімін бүлдіретін киіммен және заттармен кіруге болмайды.

10.Көрермендер залындағы орнатылған қоршаулардан ары қарай өтуге, терезелерді ашуға, баспалдақтарға отыруға, жабық бөлмелерге кіруге, әлеуметтікұлттық, рулық, нәсілдікнемесе діни араздықты тудыратын хабарландыруларды,плакаттарды және басқа да ақпараттық өнімдерді ілуге рұқсат етілмейді.

11.5 жастан асқан балаларды оларға билет сатып алынған жағдайда кешкі спектакльдерге алып келуге болады

12.Қазақстан Республикасының Кодексінің халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы 159 бабының 5 тармағына сәйкес- театрда шылым шегуге тыйым салынған.

3-тапсырма.

Билеттердегі ақпараттарды басшылыққа алып, мәтін құрастыру:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу