Театрға бару мәдениеті. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзім жоспары

2 сабақ

Бөлім тақырыбы:

Театр өнері мен мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты -жөні:

Сынып: 8

Сабаққа қатысушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Театрға бару мәдениеті

Оқу мақсаттары

Т/А8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.

ӘТН 8.4.4.4 –жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  • мәтіндегі ақпараттан астарлы ойды анықтайды

 Бағалау критерийі

  • жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану

 Тілдік мақсат

Пәннің лексикасы мен терминологиясы: рухани ләззат алу, эмоция, антракт, театр мәдениеті, киелі сахна т.б.

Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс:

- Менің ойымша...,

- Ең алдымен..,

- Әйтсе де, ...

- Қысқасын айтқанда,...

Құндылықтарды

дарыту

 

Бұл сабақ оқушыларды қазақ театр мәдениетін сақтауға үйретеді

 Пәнаралық байланыс

Өзін –өзі тану, әдебиет

 Бастапқы білім

Тыңдалған мәтіндегі ақпараттан астарлы ойды анықтайды және жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолданады

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Қорлар

Сабақтың басы

Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беріп, «Театрға бару мәдениеті» туралы жұбымен әңгімелеседі.

  • Театрға қандай дайындықпен бару керек деп ойлайсың?
  • Көрермен мен қойылым кейіпкері әртіс арасында қандай байланыс болады?
  • Театрға кіргенде қойылым басталып кетсе,сіз қандай әрекет жасайсыз?
  • Театр мәдениеті дегенді қалай түсінесің?

Тақырыпқа қажетті сұрақтар

Сабақ ортасы

1-тапсырма.

Оқушылар «Театр мәдениеті» мәтінін тыңдайды және мәтіндегі негізгі ойды айқындайтын тірек сөздерді жазады. Тірек сөздерді басшылыққа алып, «Театр мәдениетін қалай сақтауға болады?» тақырыбында әңгімелеседі.

Мұғалім мәтіннің түпнұсқасын таратып, оқушылар әңгімесінің мәтінмен сәйкестігін анықтайды.

2-тапсырма.

Оқушылар Астана опера театрында сатылған билеттерді оқып, ақпараттарды берілуін талдап жазады.

3-тапсырма.

а)Мәтіннен жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне қарай ажыратып, арнайы кестені толтырады.

Мәтін үзіндісі:

...Соңғы кезде драматургтерді мазалап жүрген бір жай бар, қазір қойылымдар бұрынғыдай екі актіге созылмай, пьеса екі есе қысқартылып бір актіде ғана көрсетілетін болған. Режиссерлер «қазіргі көрермендердің екі акт қойылым көріп отыруға уақыты мен шыдамы жетпейді, соңына қарай кете бастайды» деген сылтау айтады. Меніңше, тартымды, маңызды қойылымнан көрермен кетпейді. Жекелеген өнерді түсінбейтін тоғышар адамдардың жетегінде бұлай кете беруге болмайды. Мен театр директоры болсам ондай кете бастаған адамға есікті тарс жауып қойып былай дер едім: «Сізді ешкім мәжбүрлеп әкелген жоқ, театр – қасиетті мәдениет орыны, мәдениетсіздік көрсетпеңіз, қойылым біткенше кетуге болмайды, тәртіпті бұзбаңыз». Осылай деп театр ішіне жазып, ешкім бұзуға болмайтын театр тәртібін орнатар едім. Иә, көрермендер театрды сыйлауы үшін театр тәртібін орнату керек...

Бағалау критерийі:

Әр жұп өз тапсырмаларын төмендегі критерийлермен бағалайды:

Жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану

Дескриптор

Білім алушы:

Тіл мәдениетін сақтайды

Сөйлем түрлерін ажыратады

Балл

4

3

Барлығы 7

Ә)

Автор позициясын білдіретін етістіктерді басшылыққа алып, жоғарыдағы мәтіннен автор позициясын анықта

Автор

Келіседі, қарсы болады, дауласады, жоққа шығарады т.б.

Сынайды, дәлелдер, аргументтер, дәйектер келтіреді т.б.

4-тапсырма.

Қажетті ақпарат көздерін пайдаланып, Театр ережесі кестесін толтырады.

Театр Ережесі

1.

Көрерменнің кесірінен Театрға материалдық зиян келтірілген жағдайда –Қазақстан Республикасының Заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша өтелуі тиіс.

2.

3.

https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/1913/

http://astanaopera.kz/kupit-bilet/

Сабақтың соңы

Рефлексиялық эссе

Оқушылар төмендегі сөз оралымдарын қолданып, сабақта туындаған ойларын тұжырымдайды:

  • Ең алдымен, мен былай деп ойладым .....
  • Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық.............
  • Проблеманы шешу үшін, менің ойымша ......қарастыру керек.
  • Бұдан біз..................театрға бару мәдениетін.....
  • Демек, ................

Қысқасын айтқанда, .................деген шешімге келдік.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу