Өмірдің өзі театр. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 1 сабақ.
1 -сабақ
Сабақтың тақырыбы: Өмірдің өзі театр
https://egemen.kz/article/sabit-orazbaev-omirdin-ozi-%E2%80%93-teatr
Тыңдалым мәтіні:
1.
«Мұндай өмірдің атасына нәлет!»
Мен «Майрада» Дүрбітті ойнадым. Спектакльдің соңында мені біреу арт жағымнан келіп ату керек болатын, оқ атылмады. Уақыт өтіп барады. Көрермен жым-жырт. Бәрі бірдеңені күтіп отырғандай. Сосын мен пистолетімді қолыма алдым да: «Арманым Майра еді. Құдай оны бұйыртпады. Мұндай өмірдің атасына нәлет!» – дедім де, өзімді өзім тарс еткізіп аттым да жібердім. Сосын барып шымылдық жабылды. Режиссері Бәйтен Омаров болатын. «Ой, Сәке, тауып кеттің, тауып кеттің», – деді менің әрекетіме тәнті болып. Арнайы мені ататын адам бір әңгімеге айналып қалып, мені ұмытып кетсе керек.
2.«Камал ағамыз нан жемейді»
«Әй, ақсақал, не сен ойна,не мен ойнайын…» Сахнаға Қодар шыққан кезде жұртшылық та шулап кетеді. Халықтың ұғымында ол өте жауыз адам ғой. Әсіресе, Қозы мен Қодардың қылыштасатын жері бар. Енді кездеспеуге серттесіп, екеуі екі жаққа кетеді. Сөйтсе залда отырған бір көрермен шал: «Әй, атаңа нәлет, Қодар, атаңа нәлет, ақыры осының түбіне жетесің-ау», деп, қайта-қайта айқайлап отыратын көрінеді. Бір кезде шыдамы таусылған Жантөрин сұсты көзін шалға қадап: «Әй, ақсақал, не сен ойна, не мен ойнайын. Неменеге менімен жағаласа бересің?» дейді. Шал: «Ойнай бер, ойнай бер, бірақ, бәрібір түбіне жетесің ғой» деп қоймайтын көрінеді. Ақырында Қозыға пышақ салып, өлтіріп жатқанда Қозының: «Баян, Баян. Арманда кеттім-ау, Баян» деп шалқасынан құлайтын жері бар ғой, соған келгенде әлгі шал орнынан атып тұрып: «Атаңа нәлет, Қодар, ақыры өлтіріп тындың ба?» дейді бар даусымен. Жұрт қой десе қоймайды. Содан Нұрмұхан қолында пышағы бар, тура әлгі шалға қатулы қабағымен қараған ғой. Әлгі шал: «Айттым ғой. Бұл енді мені өлтіреді», – деп сыртқа қарай тұра қашыпты.
Сәбит ОРАЗБАЕВ
Оқу мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қосымша тапсырма.
Алдымен оқушылар театр тақырыбындағы мәтінді тыңдайды. Мәтіндегі автор көзқарасын анықтап, жұпта пікірлеседі. Сонан соң мәтіндегі экспресивті-эмоционалды сөздерді ажыратып, аадамдардың көңіл-күйі және белгілі бір құбылыстарға қатысы, ол құбылыстарға қалай қарайтыны жайындағы сөздерді анықтап, талдап төмендегідей кестеге түсіреді.
Сөйлем | Экспресивті-эмоционалды реңк тудыратын морфологиялық формалар арқылы жасалынған сөздер | Жасалу тұлғасы, әсері |
Мемлекет мәдениет орындарына немқұрайлы қарамауы керек. | немқұрайлы | Сын-қимыл үстеуі арқылы жасалынған эмоционалды сөз |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?