Өмірдің өзі театр. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.
1-сабақ. Өмірдің өзі татр
Синтаксис ( гр. σύνταξις - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің синтаксисі, сөйлемнің синтаксисі. Соңғысы өз ішінен жай сөйлем синтаксисі, құрмалас сөйлем синтаксисі болып жіктеледі.
Сөйлем - біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы.
Сөйлем құрамына қарай 2-ге бөлінеді:
1.Жай сөйлем - Бір ғана баяндауыш негізінде белгілі іс-әрекет, окиға, күбылыс жайын жеткізеді: Балқаш көліне Іле, Лепсі өзендері құяды.
2.Құрмалас сөйлем - Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді: Қонырау соғылғанда,сабағымыз басталады.
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай 4 түрі бар. Олар:
1.Хабарлы сөйлем - Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылатын сөйлем. Сөйлем соңына нүкте (.) қойылады: Бүгін бізкинотеатрға барамыз. Мектеп алдында қарагай ағаштарын отырғыздық.
2.Сұраулы сөйлем - Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылатын сөйлем. Жасалу жолдары:1)сұрау есімдіктері арқылы (кім? неше? қайда? қандай? т.б.); 2) сұраулық шылаулар арқылы (ма, ме. ба, бе. па. пе. ше); 3) оқшау, көмекші сөздер арқылы (ә, сірә, қайтеді, шығар т.б.) Сөйлем соңына сұрау белгісі (?) қойылады: Кезекші боласың ба? Мен саған кітапты не ұшіи бердім.'
3.Бұйрықты сөйлем - Баяндауышы бұйрық райлы тұлғада тұрады. Сөйлем соңына леп белгісі (!) қойылады: Дауыстапоқыңдар! Әңгімеңді жылдам айт!
4.Лепті сөйлем - Сөйлеушінің көңіл-күйін (қуану, ренжу, өкіну т.б.) білдіру мақсатында айтылатын сөйлем. Жасалу жолдары:
1) одағай сөздер арқылы (қап, әттеген-ай, пай-пай т.б.);
2) күшейткіш мәнді сөздер арқылы (не еткен, не деген, қандай, шіркін, ғажап т.б.);
3) демеулік шылаулары арқылы (-ау, -ақ, -ай т.б.);
4) интонация арқылы. Сөйлем соңына нүкте (.) немесе (көтеріңкі интонациясымен айтылса) леп белгісі (!) қойылады: Түу, есім жаңа ғана кірді ғой! Алақай, әжем келді!
Жай сөйлем түрлері:
1.Жақты сөйлем - Бастауышы бар сөйлем. Кейде бастауыш айтылмайды, бірақ оны баяндауышқа сұрақ қою арқылы табуға болады: Ақын өз халқын қатты сүйген. Қыркүйекте мектепке барамыз.
2.Жақсыз сөйлем - Бастауышы мүлде жоқ сөйлем және де оныбаяндауышқа сұрақ қою арқылы табуға болмайды.Баяндауыштың формалары: 1) тәуелдік жалғаулы қалау рай менкел етістігі: Жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келеді; 2) тұйык етістік: Бірлесіп кітап оқуымыз керек; 3) бол, керек, тиіс, жөн, лайық, мүмкін сөздері: Бұл жерде суға түсуге болмайды; 4) тұйық етістік (барыс септік) тура келеді (келер, келді): Саған ертең мектепке бармауға тура келеді.
3.Жалаң сөйлем - Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем: Кошелер тазартылды. Апамыз келді.
4.Жайылма сөйлем - Тұрлаусыз мүше қатыскан сөйлем: Қаланың көшелері тазартылды. Бүгін алыс жолдан апамыз келді.
5.Толымды сөйлем - Ойға кажетті мүшелердің бәрі қатысқансөйлем: Қарағандыда көмір өндірісі жақсы дамыған.
6.Толымсыз сөйлем - Айтылуға тиісті тұрлаулы, я тұрлаусыз мүшелер-дің бірі түсіп калған сөйлем: Өзенге барасың ба? Барамын. Толымды түрі: Сен өзенге барасың ба? Мен өзенге барамын.
7.Атаулы сөйлем - Іс-оқиғаның, құбылыстың атауын ғана көрсететін сөйлем: Бұлақ басы. Таза ауа.
Эмоциональды – экспрессивті сөздер
Жалпы халық тілінде көңіл-күйіне байланысты сөздер мол. Адамдардың көңіл-күйі және белгілі бір құбылыстарға қатысы, ол құбылыстарға қалай қарайтыны жайындағы сөздерді эмоциональды – экспрессивті сөздер дейді. Адамдар мен құбылыстардың көзқарасын білдіретін мынадай сөздер бар. Көсем, шешен, дана, ақын, жауыз, сұм, арам, адал т.б. Мұндағы сөздердің қуаттылығы оның өз бойындағы мәні мен реңіне байланысты. Сөздің семантикасына тән қасиетті-әсерлі, эмоциональды – экспрессивті сөздер болып табылады. Сөздердің реңі мен күйін білдіретін негізгі тәсілдер мыналар. Ол морфологиялық формалар: -шық, -ша, -ше, -сымақ, -ке, -тай, -жан, -қан, -қой, -іш, -ыш, -кел жұрнақтары зат есім сөзіне жалғанып, эмоциональдық – экспрессивті рең білдіреді. Сайып келгенде, адамның кіл-күйін, ішкі сезімін білдіретін және қасиетті жағымды-жағымсыз реакция туғыза алатын ерекшелігі бар сөздерді эмоциональдық сөздер деп атауға болады. Экспрессивті сөздер деп, көркемдеуші, бейнелеуші сөздерді атайды. Экспрессия – латынның xpressio (қазақша) көркемдеуші, бейнелеуші деген сөзінен алынған. Тілдегі экспрессивтілік дегенде айтылатын ойдың мәнерлілігі, суреттілігі және әсерлілігі деп түсіну қажет. Мұндай ерекшеліктер жеке сөзбен де, сөз тіркесімен де, түрлі грамматикалық тұлғалармен де беріледі. Мысалы: С. Торайғыровтың мына бір өлеңін алайық:
Қорлықты, зорлықпенен көрген Қамар,
Амалсыз бәріне де көнген Қамар.
Айдай әлем аузының суын құртып,
Арманда арсыздардан өлген Қамар.
Осындағы қорлық, зорлық, арсыз деген сөздер кейіпкерлердің басындағы ауыр көңіл-күйді көрсетудегі эмоциональды сөздер. Эмоциональды – экспрессивті сипаттағы сөздерге түрлі морфологиялық қосымшалар жалғау арқылы да беріледі. Мысалы: Абайдың мына бір өлеңін алайық:
Әсемпаз болма өнерге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Немесе Үйде сырдан,
Түзте мырзан.
Осындағы –паз, -даң, -н қосымшалары сөзге эмоциональды қасиет үстеп, мейлінше әсерлі етіп көрсетіп тұр.
Әдебиеттер:
1.Болғанбаев Ә. «Қазақ тілі лексикасы» Алматы, «Рауан» 2000 ж.
2.Оразов М. «Қазақ тілінің семантикасы» Алматы, «Рауан» 1998 ж.
3.Айдаров Т. «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері» Екінші басылуы. Алматы, 1996 ж.
4.Кеңесбаев Ι., Мұсабаев Ғ. «Қазіргі қазақ тілі» Алматы, 1991 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?