Ерлігімен елге танылған қазақ қыздары. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.


Тапсырма:

  • Мәтіндегі деректерді қолданып, пікірталасқа дайындалыңыз.
  • Пікірталасқа ұсынылатын тұжырым:

Батырлық ер балаға жарасатын қасиет, қыз бала нәзіктік үшін жаралған.

Ерлігімен елге танылған қазақ қыздары туралы білесіз бе?

 Қазақ тарихына бойлайтын болсаңыз, ерлік пен даналық, отансүйгіштік қазақтың ер азаматтарына ғана емес, қыздарына да тән екенін байқар едіңіз. Алаш даласында қыз баланың дәрежесі қашанда биік болған.

 “Қызды қырық үйден тыю” деп арулардың әдебі мен арын сақтаса, “қыз бала – қонақ” деп үлкен құрметке лайық санайтын болған. Адал жар, ақылды әйел, күллі қазаққа ана бола білген Домалақ ана, Бегім ана, Айша бибідей аналарымыз – даналықтың көрінісі. “Тарих атасы” Герадоттың өзі таңдана жазған сақтардың Тұмар ханшасы қазақ әйелдерінің басшы да бола білгенін байқатады. Ел шетіне жау тиген қиын-қыстау заманда ер-азаматтармен тізе қосып, “Алаш” деп атқа қонған аруларымызда аз болмаған. Болашаққа қадамымыз нық болуы үшін өткенді саралап, батырлықпен тарих беттерінде өшпестей орын қалдырған қазақтың батыр қыздары жайында жазуды ұйғардық.

 

 Зарина

 Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырдың аяғы – 5 ғасырдың басы – ежелгі сақ тайпасын билеген патшайым. Ол туралы тарихи деректер ежелгі дүние тарихшылары Диодор, Ктесий жазбаларында кездеседі. Зарина есімі ежелгі Ассирия, Мидия елдерінің Азиямен байланысы тұсында айтылады. Мидия өзін бағындырғысы келген Парфия мемлекеті үшін сақ тайпаларымен соғысады да, Мидия ханзадасы Стриангия Заринаны жаралайды. Екі жақ та үлкен зардап шегеді. Ақыры олар келісімге келіп, дос әрі одақтас болуға уағдаласады. Осы оқиғалар тұсында сақ тайпасын басқарған патша Зарина болатын. Ол өзінің батылдығы, сұлулығы және ақылдылығымен дараланған. Сақ жеріне көз тіккен көрші патшалардың талайын жеңіп, ел тұрмысын жақсартқан, көптеген қалалар салдырған. Зарина тағдырына байланысты туған “Зарина және Стриангия” атты жыр да бар. Оның мазмұны бізге толық күйінде жетпесе де, қаҺармандық эпос рухындағы туынды екені анық. Зарина өлгенде ел-жұрты оның басына үшбұрышты пирамида орнатып қастерлеген. Орыс тарихшысы В.Н. Татищев (1686 – 1750) құрастырған сөздікте Заринаның сом алтыннан жасалған ескерткіші жәйлі дерек бар. Заринаның ерлік істері көне түркі тарихы мен әдебиетіндегі “Қырық қыз”, “Баршын қыз” секілді жыр-дастандар мазмұнына келіп ұласады.

 

 

 

 

 

 Бопай ханша

 Бопай – Адай руынан – батыр Табынайдың үлкен ұлы Сүйіндіктің қызы. Бопай – Кенесары көтерілісіне қатысуды халық арасында жалықпай-талмай үндеумен жүрген, кейін өзінің 6 ұлымен бірге талай жорыққа қатысқан, 600 адамдық жасаққа қолбасшы болған әйгілі ержүрек анамыз. Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық казактарының, орыс бодандығындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл күрделі мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да Әбілқайырдың осы бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Ол ханымның 1731 жылы 22 қарашада орыс патшайымы Анна Ионаваға, 1748 жылы 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігінің басшыларына жазған хаттарынан айқын көрінеді.

 

 Айбике Ару

 Бұланбай батырдың жары. Абылай ханның жау тылындағы барлаушыларының басшысы болған. Өзінің қол астына бірнеше тыңшы, барлаушы ұстаған және ұзақ жылдар бойы жаугершілікте “қолға түскен күң” түріндегі бейнеге еніп, Қалмақ Қоңтайшысының ордасында күтуші болған. Тарбағатай мен Алтай бойындағы, Ертіс пен Емілегі жаудың күші мен қару-жарағы, олардың орналдасқан жері мен шапқыншылық ниеті туралы Абылай ханға, Қабанбай мен Бөгенбай батырларға және басқа да қолбасшыларға астыртын құпия хабарлар мен құнды ақпараттар жеткізіп тұрған.

 Айбике алғыр ойлы ержүрек қыз болған. Қалмақ тілін өте жетік білген. Және Тарбағатай мен Алтай тауларының өңірінде, Зайсан мен Марқакөл алабында күндіз де, түнде де тұманды, боранды күндері адаспай-ақ жол тауып, көзге көп түспей жалғыз жүре беретін болған “жер шолғыштығымен” де аты шыққан. Кейін Жоңғар мемлекеті құлағаннан кейін 1757-58 жылдары атамекеніне оралған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Гаухар батыр

 Малайсарының қаны бір қарындасы. 1724 жылы қазақтардың сол кездегі астанасы Түркістан қаласын жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуылға алады. Осы шайқаста Кіші жүздің ханы Әбілхайыр отыз мың әскер, Орта жүзден Сәмеке жиырма мың әскер дайындап, Қабанбайдың бас сардарлығымен жоңғарларға қарсы шабуылға шықпақ болып жатады. Гаухар жоңғарлардың қоршауын ерлікпен бұзып шығып, Қабанбайдың қасына барып, оларды жау жағдайы жөнінде толық мәліметтермен қамдайды. 1725 ж. әйгілі «Бұланты» жеңісі осының нәтижесі еді. Кейін Гаухар Қабанбайға өмірлік жолдас болып, ұзақ жылдық соғыстарда бірге жүріп ұрыс жасайды. Уақыт өте келе ел аузында жыр дастанға айналған әйгілі «Гаухар батыр» атанады. Қабанбай мен Гаухар, яғни қос батырдың қосылуына сол майдан даласы себепкер болады. Гаухар батырдың азан шақырып қойған аты – Майсара болса керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу