Қыз баланың қайырымдылығы. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.
Тапсырма:
- Мәтінді оқып, түсінгенімен топ ішінде бөлісіңіз.
- «Сократ» әдсі бойынша композициялық құрылымын анықтаңыз.
- ПОПС әдісін қолданып, кейіпкерлердің әрекетіне баға беріңіз
- Жағдаят бойынша жауап дайындау.
Егер кейіпкерлердің орнында сіз болсаңыз, қандай әрекет жасар едіңіз?
Қыз баланың қайырымдылығы
Екі ай бұрын келін түсіріп, ұлан-асыр той жасап, алғашқы баласын аяқтандырған шаңырақтың екінші ұлы да ағасының жолын қуып, отау құрғысы келетін сүйінші хабарын айтады. «Тойдың болғанынан боладысы қызықпен» жүріп, екінші тойды да ойдағыдай өткізеді. Қос қуанышқа тағы бір той қосылып, үлкен ұлы енші алып, бөлек шығады. Өз алдына жеке шаңырақ көтергенде есік көрсету тойын жасап, ырым-жырымын толық орындап болса да, үйге келді-кетті адам аяғы басылмайды. Бірде танысқалы келдік деп жаңа көршісі есік қақса, енді бірде қоныс тойларыңа келе алмап едік деп кәрі нағашысы келеді. Қонысқа құт әкелетін қонақтардан өзге жаңа үйдің есігін қағып, мазалаушылар көбейіп кетеді. Бір күні ері мен зайыбы ақылдасып, бүгін ешкімге есік ашпаймыз деп шешеді. Сөйтіп отырғанда аяқ астынан жігіттің ата-анасы келіп қалады. Келісімді бұзбайық деп есікті ашпайды. Қағып-қағып, кетіп қалады. Енді тынышталдық па дегенде, тағы есік қағылады. Есіктің кішкене тесігіне көз салса, қыздың әке-шешесі екен. Есік біраз уақыт қағылған соң, қыз ашайық деп жалынады. Қыздың жүрегі жұқа ғой, көз жасына ерік беріп, ақыры күйеуін есікті ашуға көндіреді. Бұл оқиға ұмытылып кеткендей болды. Арада аунап айлар, жылжып жылдар өтті. Жас шаңыраққа бірінен соң бірі шекесі торсықтай төрт ұл келді. Төрт ұл қарындасты болды. Сол күні әкесі ерекше қуанып, естен кетпес той жасады. Келген қонақтар:
– Азамат-ау, дүниеге төрт ұлың келгенде бұлай қуанбап едің, қыз балаң үшін осынша қуанғаныңның сыры неде? – деген сұрағына,
– Ертең маған есік ашатын жан келді өмірге, – деп қыз баланың қайырымдылығын астармен жеткізген екен...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?