Қыз баланың қайырымдылығы. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

 Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Жасөспірім және заң

Сабақтың тақырыбы

Қыз баланың қайырымдылығы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау

 Сабақтың мақсаттары

Шығармалардың композициялық құрылымын анықтау.

Кейіпкердің образына баға беру.

 Бағалау критерийлері

  • шығармалардың композициялық құрылымын анықтайды;
  • кейіпкердің әрекетіне баға береді

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Шаңырақ көтеру, құт әкелу, қайырымдылық, астармен жеткізу т.б.

 Құндылықтар

Ұлттық құндылықтарды, дәстүрді дәріптеу.

 Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы

Осыған дейін меңгерілген білім

Бұрымның қандай киесі бар?

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

Оқушылар суреттер арқылы сабақтың тақырыбын болжайды. Оқу мақсатымен танысып, бағалау критерийлерін белгілейді.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

10 мин

5 мин

10 мин

5 мин

Оқылым алдындағы тапсырма

Оқушылар ер бала мен қыз баланың табиғатына тоқталып, психотиптік ментальді карта құрайды. Жұмыстар сағат тілімен топтан-топқа көшіп, жауаптар толықтырылып отырады.

Оқылым тапсырмасы

Қыз баланың қайырымдылығы

 Екі ай бұрын келін түсіріп, ұлан-асыр той жасап, алғашқы баласын аяқтандырған шаңырақтың екінші ұлы да ағасының жолын қуып, отау құрғысы келетін сүйінші хабарын айтады. «Тойдың болғанынан боладысы қызықпен» жүріп, екінші тойды да ойдағыдай өткізеді. Қос қуанышқа тағы бір той қосылып, үлкен ұлы енші алып, бөлек шығады. Өз алдына жеке шаңырақ көтергенде есік көрсету тойын жасап, ырым-жырымын толық орындап болса да, үйге келді-кетті адам аяғы басылмайды. Бірде танысқалы келдік деп жаңа көршісі есік қақса, енді бірде қоныс тойларыңа келе алмап едік деп кәрі нағашысы келеді. Қонысқа құт әкелетін қонақтардан өзге жаңа үйдің есігін қағып, мазалаушылар көбейіп кетеді. Бір күні ері мен зайыбы ақылдасып, бүгін ешкімге есік ашпаймыз деп шешеді. Сөйтіп отырғанда аяқ астынан жігіттің ата-анасы келіп қалады. Келісімді бұзбайық деп есікті ашпайды. Қағып-қағып, кетіп қалады. Енді тынышталдық па дегенде, тағы есік қағылады. Есіктің кішкене тесігіне көз салса, қыздың әке-шешесі екен. Есік біраз уақыт қағылған соң, қыз ашайық деп жалынады. Қыздың жүрегі жұқа ғой, көз жасына ерік беріп, ақыры күйеуін есікті ашуға көндіреді. Бұл оқиға ұмытылып кеткендей болды. Арада аунап айлар, жылжып жылдар өтті. Жас шаңыраққа бірінен соң бірі шекесі торсықтай төрт ұл келді. Төрт ұл қарындасты болды. Сол күні әкесі ерекше қуанып, естен кетпес той жасады. Келген қонақтар:

 – Азамат-ау, дүниеге төрт ұлың келгенде бұлай қуанбап едің, қыз балаң үшін осынша қуанғаныңның сыры неде? – деген сұрағына,

 – Ертең маған есік ашатын жан келді өмірге, – деп қыз баланың қайырымдылығын астармен жеткізген екен...

https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/36700/

Топтық/Жұптық жұмыс

Оқушылар мәтінді оқып, түсінгенімен топ ішінде бөліседі.

«Сократ» әдсі бойынша композициялық құрылымын анықтайды.

Жеке жұмыс

ПОПС әдісін қолданып, кейіпкерлердің (ері мен зайыбы) әрекетіне баға береді

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Жағдаят бойынша жауап дайындау.

Кейіпкерлердің орнында сіз болсаңыз, қандай әрекет жасар едіңіз?

Оқушылардың өзара бағалауы.

Үлестірме материалдары

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия. «Блоб ағашы»

Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу