Бұрымның қандай киесі бар? Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 3 сабақ.


Жәңгір ханның қызы Зылиха мен немересі

Қалмақ қызы. 1895 жыл, Астрахань.

Қасиетті бұрым туралы хәкім Абай:

«Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшәт бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін», – деп жырлағаны бар.

«Қолаң қара шашың-ай күн қақтаған, Қос бұрымың жотаңда бұлғақтаған. Қарғам, сенде жерімнің иісі бар, Жердің исі жұпардан қымбат маған» – деген жолдардан-ақ ақынның қызға ғана емес, қазақы табиғатқа, ұлттық болмысқа деген теңдессіз сағынышы жатқан жоқ па?! Сол қарапайым шаш үлгісі – киелі қос бұрым Кеңестік дәуірдің салқынымен санамыздан ұмытыла бастаса керек-ті.

Қытай халқында «Сүмбіл шаш – сұлудың екінші жамалы» деген сөз бар. Ал, Қазақ қоғамында байырғы ақсақалдар шаштың қою немесе жұқалығына, реңіне қарап шашы көмірдей қара, жылқының қылындай ширақ, қатты болса, ондай адамды тік бақай, айдалы дейді. Ал сұйық, қоңырқай болса, жұмсақ, жылы сөзді, шашы артына қарай бітіп, маңдайы кең болса, ел ұстайтын көсем, шашы қасына мініп тұрған маңдайы тар адамды күншіл деп адам мінезін де бағамдап отырған. Бұрымды – біріншіден сұлулық үшін, екіншіден тәрбие құралы ретінде қарастыруға болады. «Жеңгесі кетті бұрылып, Асықпай басып бір қалып. Сылдырлап алтын теңгесі, Қасында барады ырғалып», – деп Төлеген Жібектің жүрісіне таңдай қағады. Өлең жолында айтылғандай, қыздың әрбір әрекетін бағып отыратын асыл аналар үйде отырып сырттағы қызының олпы-солпы жүрісі мен дөрекі әрекетін тектеп, қызын денесін тік ұстап, салмақты, майда жүруге тәрбиелеген. Шаштың беріктігін алюминиймен салыстыруға болады. Бір шаштың өзі 100-ден 200 грамға дейінгі салмақтағы затты ұстап тұруға шамасы келеді. Әйел адамның бұрымы 20 тонна салмақтағы затты көтеріп тұра алады дейді мамандар. Сондықтан, қола дәуірі ескерткіштерінен табылған шолпының салмағы 6 килограмм дегенге де аса қатты таң қалуға болмас. Шашқа осыншалықты ауыр шолпыны таққан қыздар денесін тік ұстап жүруді үйренген. Осы қазақ қыздары халық әніндегі «Керім-ау, айдай, керме баудай» деген сұлу тіркестің тууына тікелей себепкер болған.

https://adebiportal.kz/kz/news/view/19927



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу