Ер және қыз баланы қалай еркелетеді? Бауыржан Момышұлының бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 14 сабақ.


 Тапсырма:

 Мәтінді оқып, ер және қыз баланы еркелету туралы Бауыржан Момышұлының көзқарасы бойынша сыни пікір жазыңыз.

 Жауапта мәтіндегі ақпаратты пайдаланып, өз ойыңызды қосып жазыңыз.

 Бауыржан Момышұлының ер және қыз бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі.

 Бұрын қазақтар ер баланы еркелеткенде басынан сипамаған. Арқасынан қаққан. «Басына сипау ұл баланы аяп, мүсіркеу сезімдерін туғызады, төмен қарап жүретін жасық болып қалады» деп түсінген. Ата-ана, ел-жұртына қорған болатын, шаңыраққа ие болатын ұлдың көзін жерден алмайтын жігерсіз, есіркеуді тілеп тұратын ынжық болғанын қаламаған. Ал арқасынан қаққанда ер бала батылданады, жігерленеді, еңсесін тік ұстап, тура қарауға дағдыланады. Неге болса да тайсалмай қарайтын қайратты, батыл болып ержетсін деп ұлды арқадан қағыпты. Ал қыздарды керісінше басынан сипаған. Қыз — жатжұрттық, қыздың бағы — үйде емес, түзде. Қыз басқа босағаны аттап, өзге үйдің отын жағады, ұрпағын өсіреді. Қызды «кететін бала ғой» деп еркелетеді. «Алдында не күтіп тұр екен, тағдыр-талайы қалай болады» деп басынан сипап аялаған. Қыз баланы басынан сипағанда басы еріксіз еңіс тартады, көз жанары төмен түсіп, жасырынады. Кісі бетіне бажырайып қарамайтын әдетке үйреніп, қызға лайық биязы мінез қалыптасады. Арқадан қағу мен бастан сипаудың осындай талғамды астары, тәрбиелік мәні бар екен.

 https://massaget.kz/layfstayl/debiet/bauyirjan_momyishulyi/47183/

 Сыни пікір жазу жаднамасы

  • Кіріспе бөлімі
  • Қандай тақырып төңірегінде ой өрбітесіз?
  • Тақырыпты/мәселені кім көтерді? (кім қызығушылық танытты?)/оқиға қайда орын алды?
  • Тақырыптың мәселелік жақтары қандай?/ Қандай мәселені шешуге бағытталған?
  • Негізгі бөлім
  • Оқиғаға/іс-әрекетке/пікірге жеке көзқарасыңызды білдіріңіз
  • Неге сондай баға бердіңіз? (дәлел келтіріңіз). Мықты және осал жақтарын атап өтесіз.
  • Қорытынды
  • Ойыңызды қорытындылап, ұсыныс жасаңыз

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу