Құлақ тесу ғұрпы. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 6 сабақ.


Тапсырма:

  • Мәтінді мұқият оқыңыз.
  • «Пікірге пікір» ойыны. Айтылған пікірлерге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз.

Зейнеп Ахметова, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы: “Құлаққа сырға салуды қазір “сән” деп қана түсінеді. Жиі көреміз, екі-үш жасар кішкентай қыздар сырға тағып жүреді. Қалталы азаматтар кішкентай қыздарына тіпті гауһар тасты сырғаларды салады. Бұрын қыздың құлағын тесу ер баланы сүндеттеумен бірдей болған. Ер баланы сүндеттер кезде, “сен енді жігіт боласың, ашамайлы тайға мінесің” деп, оны психологиялық жағынан дайындайды. Байқаған боларсыздар, баланы қалай сүндетке отырғызады – оның мінез-құлқы солай өзгереді. Өзін “мен енді жігітпін” деп сезінеді. Қыз баланың құлағын тесерде де осыны қаперге алу керек.

Жасы жетіге келгенше, қыздар қуыршақ, үйшік-үйшік ойнап жүреді. Осы уақытта оған “сен енді сырғалы қыз боласың, қыз санатына қосыласың” деп, құлағын тесуге алдын ала дайындау керек. Қыз ол күнді асығып күтеді. Уақыты келгенде, қыздың әпкелері, тәтелері, апалары жиналып “сырға той” жасайды. Қыздың басына үкілі тақия кигізеді. Осыдан бастап қыздар өзін басқаша сезінген. “Қызға қырық үйден тыю” деген ұғым бар. Ол осы “сырға тағу” рәсімінен кейін басталады”.

STUDEX, кәсіби құлақ тесу құрал-жабдықтарын шығаратын орталық: “Инемен тескенде құлақ міндетті түрде ауырады, ал “пистолетпен” тескенде ауруды сезу қабілетіннің азаятыны рас. “Пистолетпен” тескеннен кейін, құлақ көп уақыт ауырады деп жатады. Оған түрлі жағдай себеп болуы мүмкін. Дұрыс тесік қалыптасып, оның толық жазылуы үшін, ең аз дегенде, 6 апта қажет. Құлақ тесерде маманның қолынан бастап, құлақ тесетін бөлмедегі тазалық пен зарарсыздыққа көңіл бөлу керек. Барлық ине-сырғаларды тек бір рет қана пайдалануға болады. Олар зарарсыздандырылған қорапта болуы тиіс, сол себепті таңдаған сырғаңызды сұрап қолыңызға алып, тексеріп көруге қысылмау керек.

Аналар мен бойжеткендердің пікірі қандай?

Айгерім Қапанова, 31 жаста: Қызымның құлағын бес жасында “пистолетпен” тестірдік. Тескен уақытында құлағы ауырмады. Бірақ үйге келгеннен кейін көп ауырсынды. Өзімнің құлағымды қалай тескені есімде. Құлағымның әбден жанын кетіріп, инемен тескен еді. Сол уақытта ауырды, одан кейін тез жазылып кетті. Ал қызымда керісінше болды. Ұзақ уақыт медициналық кремдер жақтық. “Бес жас ерте болып кетті ме?” деп те ойладым. Өйткені сырғасы киімдеріне жиі ілініп қалатын. Қазір алтын мен күмістен басқа сырғаны таға алмаймыз.

Айна Оңғарбекова, 22 жаста: Құлағымды 9 жасымда ауылда тестірдік. Ол кезде сыныптастарымның барлығы сырға тағатын. Ең соңғы болып тестірген мен болдым. Құлағымда сырғамның жоқтығын байқағандар: “етің қатайып кетеді, ертерек тестір. Құлағың жазылмай қояды”, – деп үрейлендіретін. Сөйтіп сәті түсіп анамның құрбысы тесіп беретін болды. Алдымен құлағымды қолдарымен қатты уқалап “жанын” кетірді. Одан кейін қалың, спиртпен тазаланған инемен тесті. Қатты ауырсынбадым, “етінің де қатайып кеткен ештеңесі жоқ”, – деді тәтем. Құлағыма алтын сырға тақты. “Бірден алтын тақса, басқа металдағы сырғалар жақпай қалады” дегенді де естігенбіз. Ондай ештеңесі жоқ. Қазір алтынды да, күмісті де, қарапайым темір сырғаларды да ұзақ уақыт таға беремін.

Гүлшара Нұрымова, 23 жаста: Қызымның құлағын сегіз айында “пистолетпен” тестірдік. Ешқандай қарсы көрсеткіштері болмады. Құлақ тескен орталық жағу керек май, кремдерді ұсынды. Солармен тез жазылып кетті. Қыздың құлағын ертерек тестіргенді жөн деп санаймын. Бала ауырғанын сезбей қалады.

https://baribar.kz/49060/qyz-balanynh-qulaghyn-erte-testirgen-durys-pa/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу