Қыздың сұлулығы неде? Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 7 сабақ.
Әрбір қыз баласы оқуы тиіс кітаптар
https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/17040
Ешкім де идеал әйел болып туылмайды, мінсіз адам жүре қалыптасады. Оған себеп болатын өмірлік тәжірибе мен даналық толы кітаптар. Солай, кітап – тәрбиелеуші... Осы орайда оқырмандарымыздың сұрауы бойынша, әрбір әйел баласы оқуға тиіс кітаптар тізімін ұсынбақпыз. Тізімге әлем мойындаған, миллиондаған әйелдің көңілінен шыққан бестселлерлер мен редакция ұсынған ана тіліміздегі кітаптар еніп отыр. Сонымен, егер кітап оқуды жаныңыз сүйетін болса, әрдайым ақылыңызға азық іздеу мақсатында әдеби кітаптар іздеп жүретін болсаңыз, төмендегі кітаптарды тауып алыңыз. Ұсынылған шығармалар заманауи әйелге қатысты қарым-қатынас, әлеуметтік жетістік, өзін-өзі дамыту, өзін және ер азаматты түсіну, бақытқа жету, бала тәрбиесі, стиль, этикет мәселелерін қамтиды.
"Махаббат, қызық мол жылдар". Ә. Нұршайықов. Махаббаттың тұмарына айналған төл туынды әрқашан оқырман қауымның ыстық ықылас-ілтипатына ие болып келеді. Шынайы сезім мен зұлым күштің өмірдегі арпалысына негізделген. Басты кейіпкер Меңтайдың бойынан қазақ қызына тән қылық пен мінезді көресіз, үйренесіз. "Апамның айтқандарын" міндетті түрде жазып, жаттап алуыңыз керек. Сондай-ақ, автордың жарына арнап жазған "Мәңгілік махаббат жыры" кітабы да идеал әйелдің бейнесін көрсете алад
"Ұлпан". Ғ. Мүсірепов. Туындыда қарапайым қазақ қызының ел анасына айналуына дейінгі оқиғалар баяндалады. Қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы мәселесі де қалыс қалмаған. Әрбір адам кітапты оқып шыққаннан кейін қазақ болып туылғандығын мақтан тұтып, өмірлік мақсатын айқындай алады деп ойлаймыз. Ер азаматты қадірлеуді, ата-анаға, ел-жұртқа қамқор болуды үйрене аласыз. Тізіміңізге Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романын түртіп алсаңыз да артық емес.
"Бабалар аманаты". З. Ахметова. Кезінде «Шуақты күндерімен» оқырман жүрегінен орын алған Зейнеп Ахметованың «Бабалар аманаты» атты кітабы қазақ келіндерінің төлқұжаты болу керек секілді. Халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының келіні, батыр атамыздай тектінің тұяғы, асылдың сынығы - жазушы Бақытжан Момышұлының жан жары Зейнеп апа бұл кітапты ұзақ жылдар жүргізген күнделігінің негізінде жазған. Мұндағы басты әңгіме арқауы батыр атамыздың баяндауында ұсынылады. Автор осыдан отыз-қырық жыл бұрынғы оқиғаларды күні кеше ғана өткендей, тап қазір ғана болғандай көз алдыңызға келтіріп, сондағы Момышұлы шаңырағында айтылған әңгіме, шертілген сырды шешен тілмен баяндайды.
"Идеал гардеробтағы 100 зат" ("100 вещей идеального гардероба"). Н. Гарсия. Америкалық беделді сән сарапшысы, "Marie Claire"басылымының фэшн-директоры Нина Гарсияның айтуынша, мінсіз гардероб – әрдайым маңыздылығын жоғалтпайтын 100 затты ауыстырып тұрғанда ғана пайда болады. Бұл тізімге киім-кешек ғана емес, аксессуарлар, әшекей бұйымдар, аяқ киім, косметика, иіссу да кірген. Сондай-ақ, заманауи бойжеткенге арналған психологиялық кеңестер де енгізілген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?