Жасөспірім және заң. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 10 сабақ.
Жазылым продуктивті дағдылар қатарына жатады. Продуктивті дағды - тілді қолданып сөйлеу немесе жазу. Жазылым хабарды қағаз бетіне түсіруді қамтамасыз етеді. Біз жазу арқылы коммуникацияға түсу үшін біз әріптер мен сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрай алуымыз керек, ал сөйлемдерді топтастыру арқылы біз өз ойымызды жеткізе аламыз.
Оқу бағдарламасында жазылым бөлімінде эссенің бөлімдерін меңгеру (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды), мекен мен оқиғаны сипаттайтын не суреттейтін эссе жазу оқу мақсаттары қамтылды.
Оқушыға эссе бөлімдерін жазуды үйрету үшін, ең алдымен, оқушыға абзац жазуды үйрету қажет.
Абзац жазу
Абзац дегеніміз бір азат жолдан екінші азат жолға дейінгі күрделі синтаксистік тұтастықты білдіретін мәтін бөлігі.
Абзац жазудың негізгі шарттары:
• Мәтіндер негізінен бірнеше абзацтан тұрады.
• Бір абзацта бір ой толықтай ашып жазылады.
• Әр абзац тақырыптық сөйлемнен, қолдаушы сөйлемнен және қорытынды сөйлемнен
тұрады.
• Тақырытық сөйлем – абзацтың негізгі идеясын көрсетеді.
• Қолдаушы сөйлемдер – тақырыптық сөйлемдегі ойды ашатын сөйлемдер.
• Қорытынды сөйлем – абзацтағы ойды қорытындылайтын сөйлем.
• Ойды толықтыру үшін деректер мен мысалдарды да қосуға болады.
• Абзац жаңа азат жолдан басталып жазылады.
Мысалы:
Тақырыптық сөйлем: 1. Майлы тағамдар асқазанға зиян. Қолдаушы сөйлемдер: 2. Тағам ретінде оларды көп қолдану оның бұзылуына әкелуі мүмкін. 3. Кейбір жағдайларда семіздікке әкеліп соқтырады 4. Сонымен қатар, жүрек-қан тамырларына да әсері бар Қорытынды сөйлем: 5. Денсаулықты күтудің ең басты жолдарының бірі – майлы тағамдарды аз қолдану
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?