Жасөспірім және заң. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8-сынып Қатысқандар саны:

Уақыты: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жасөспірім және заң

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар әртүрлі ресурс көздерінен алынған қажетті ақпараттарды талдап, өзекті мәселені анықтап, өз көзқарасын танытады;

  • Өз ойын дәлелді, нақты, жүйелі жазады.

Бағалау критерийлері:

  • әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпаратты алып, басты мәселені анықтай алады;
  • көтерілген мәселелердегі автор көзқарасын таба алады;
  • мақаладағы басты мәселеге тұжырымдама пікір білдіреді;
  • стиль түрлерін ажырата алады;
  • тиісті құрылымды пайдалана отырып жазба жұмыстарында талдаулар мен дәлелдемелерді енгізе алады.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Тірек сөздер: адамгершілік, ойлылық, адалдық, еңбекқорлық, шыншылдық, талап, еңбек, еріншектік, әділетсіздік, қанағатсыздық, үйсіз-күйсіздер әлемі, тәрбие, тағдыр, өмір қиындықтары. Стиль түрлері, әңгіме, сюжет, баяндау, тілдік стильдердің қолданылу аясы мен ерешеліктері

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Егер..., онда..., өйткені... Мен мынадай дәлелдер келтіремін...

Оның себебін... деп түсіндіремін Біздің пікірімізше...

Олай ойлауға ..... себептер бар

Пәнаралық байланыстар:

Әдебиет, қоғам, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Қоршаған орта және энергия ресурстары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Қызығушылықты ояту.

Сыныппен жұмыс.

  • тапсырма. «Егер.....Онда.......Өйткені» әдісімен іске асырылады.

Оқушылар (өз қалауларымен) үш-үштен топтарға бөлінеді. Әр үштік

топқа тақырыпқа қатысты жағдаяттар беріледі. Олар 1-2 минут дайын

далып жағдаятты талқылайды, өз ойларын «Егер.....Онда.......Өйткені»

рөлдері бойынша дәптерлеріне бірінші

оқушы «Егер....» - деп бастап, екінші оқушы «онда.....» - деп сол ойды жалғастырып, үшінші ойыншы «өйткені...» - деп ойды қорытындылайды.

Жағдаяттар. 1. «ХХІ ғасыр адамзаты неге ұмтылады?».

2. «Сізді еліңіздегі халық тұрмысына байланысты үнемі бір мәселелер мазалайды. Мәселенің шешімін тауып көріңіз».

3. «Сіз басқалардан ерекше тұлғасыз. Қайырымдылық жасауға құмарсыз. Жоқшылық тауқыметін көріп жүрген жандарға көмектесуге бір жаңалық қосыңыз».

4. «Қазіргі жастар дамыған, ақылды, оларда ақпарат ағыны көп. Сол жастарды қызықтырудың жолдарын көрсетіңіз».

5. «Әлем күнделікті өзгеруде. Бірақ тез дамыған әлемде де кедейлік мәселесі бар. Ол жағдайларға қарап өзіңізді еркін сезіне алмайсыз. Не істеуге болады?».

6. «Егер сіз халықты әлеуметтік қорғау министрі болсаңыз....нені өзгер

тер едіңіз?»

Бағалау. Әр үштік топты тыңдаған соң Жетістік критерийіне сәйкес «Бас бармақ» әдісі арқылы жүзеге асады.

Бағалау критерийі:

  • өмірмен байланысты материалдарда көтерілген мәселелерді түсінеді;
  • ақпаратқа талдау жасай алады;
  • мәліметтерді жинақтап, өмірмен байланыстырып, пікірін әсерлі жеткізеді.

Мұғалім: Бұл жағдаяттардың бүгінгі сабақпен қандай байланысы болуы мүмкін деп ойлайсыз? (бұл жерде сабақ тақырыбын, оқу мақсатын, жетістік критерийлері мен күтілетін нәтижені ашу мақсатында). Сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады

Қима қағаздар, таратпа материалдар

Бағалау критерийлері

Сабақтың ортасы

10 мин

30 мин

Мағынаны тану

8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

2-тапсырма. Оқушылар ішкі және сыртқы шеңберге тұрып, стиль түрлерін қайталайды, ерекшелігін еске түсіреді.

Викториналық сұрақ:

  • Стильдің неше түрі бар?
  • Ғылыми стильдің ерекшеліктері?
  • Әдеби стильдің ерекшелігі?
  • Ауызекі стильдің ерекшелігі?
  • Публицистикалық стильдің ерекшелігі?
  • Өздерің оқыған мәтін қай стильге жатады, себебін түсіндіріңіз.
  • тапсырма. Қалыптастырушы бағалау.

Жазылымалды тапсырмада тілдік стильдердің қолданылу аясы мен ерешеліктері жайлы мұғалім толықтырулар жүргізеді, тірек сөздерді береді.

Тірек сөздер: адамгершілік, ойлылық, адалдық, еңбекқорлық, шыншылдық, талап, еңбек, еріншектік, әділетсіздік, қанағатсыздық, үйсіз-күйсіздер әлемі, тәрбие, тағдыр, өмір қиындықтары, кедейлікті жою, мұқтаждық аясында қалған жандарға мақсатты көмек көрсету. Стиль түрлері, әңгіме, сюжет, баяндау, тілдік стильдердің қолданылу аясы мен ерешеліктері

Тапсырма: Үш тапсырманың бірін таңдап, жазылым жұмысын орындаңыз.

1.Германиядағы үйсіздердің бір бөлігін сандалыс жүріске бейім психологиялық ауруы бар адамдар құрайды. Сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік бағдарламаларға қатысу арқылы қордаланған мәселеден шығуға тырысқан, бірақ сәтсіздікке ұшырап, үй- жайынан ажыраған жандар толықтырады. Әлемде үйсіз-күйсіз қалған, ауқаты төмен, еңбекке жарамсыз азаматтардың бұндай ғұмыр кешуіне кім кінәлі деп айтуға болады? Қоғам ба, әлде адамның өзі ме?

2.Қоғам белсендісі ретінде елімізде өткізілгелі отырған «Кедейшілікті жою жолындағы күрес!» атты форумға орай республикалық басылымға кедейшіліктің белгілері, ерекшеліктері, кедейшіліктің алдын алу туралы жазыңыз.

3. Бір күні кедей адамның әйелі үйіне бір жұмыртқа алып келеді. Жұмыртқаны көрген кедей ... деп бастап жазыңыз.

Эссе көлемі 150- 200 сөз болуы қажет.

Оқылым материалдары

Жетістік критерийі

Талдау кестесі

Сабақтың соңы:

5 мин

Рефлексия.

Бүгінгі сабақты Блум бойынша талдау:

Кім? Не?

Қайда?

Қашан?

Неліктен?

Қалай?

Қаншалықты?

Үйге тапсырма: Филология ғылымының докторлары С.Б.Даутова, Б.Р.Оспановалардың «Байлық–кедейлік» концептісінің әлемнің тілдік көркем бейнесін берудегі ұлттық ерекшелігі» атты ғылыми жұмыстың аннотациясын оқып танысып келу.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Бұл сыныптың ерекшелігіне, потенциалына сәйкес «А» деңгейлі оқушыларға жазылым жұмыстарын орындау үшін тілдік стильдердің ерекшелігін беремін, сыныптағы ондай 5 оқушының жазылым жұмысына еніп кетуіне ерекше мән беріп, кері байланыс беремін.

Олар мына нәтижеге жетеді: Мәтін қандай стильде жазылғанын ғана атай алады, олардың қолданылу аясы мен тілдік ерекшелігін тереңдей ажырата алмайды.

«В» деңгейлі оқушылар

- өз ойларымен байланыстыра отырып мәтін жазады, мәтін қандай стильде жазылғанын, теориялық және тәжірибелік бөлімдері бар ма, олардың қалай байланысып тұрғанын анықтайды, сипаттайды. Тапсырма негізінен осы оқушыларға бағытталған.

Қабілеті жоғары «С» деңгейлі оқушылар:

- өздері жеке жұмыс жасай отырып, логикалық сұрақтарға жауап береді, сөздік қорының әр алуандығын танытып, көркем бейнелі сөздерді мақсатқа сай қолданады.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Бағалауда оқу мақсатына сәйкес жетістік критерийлері беріліп, қолдау көрсетілді, кері байланыс беріледі.

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сабақ барысында қауіпсіздік техникасының дұрыс сақталуын қамтамасыз етемін.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақ қосымшалары

Қосымша 1.

«Егер.....Онда.......Өйткені» әдісімен іске асырылады.

Жағдаяттар. 1. «ХХІ ғасыр адамзаты неге ұмтылады?».

2. «Сізді еліңіздегі халық тұрмысына байланысты үнемі бір мәселелер мазалайды. Мәселенің шешімін тауып көріңіз».

3. «Сіз басқалардан ерекше тұлғасыз. Қайырымдылық жасауға құмарсыз. Жоқшылық тауқыметін көріп жүрген жандарға көмектесуге бір жаңалық қосыңыз».

4. «Қазіргі жастар дамыған, ақылды, оларда ақпарат ағыны көп. Сол жастарды қызықтырудың жолдарын көрсетіңіз».

5. «Әлем күнделікті өзгеруде. Бірақ тез дамыған әлемде де кедейлік мәселесі бар. Ол жағдайларға қарап өзіңізді еркін сезіне алмайсыз. Не істеуге болады?».

6. «Егер сіз халықты әлеуметтік қорғау министрі болсаңыз....нені өзгер

тер едіңіз?»

Бағалау. Әр үштік топты тыңдаған соң Жетістік критерийіне сәйкес «Бас бармақ» әдісі арқылы жүзеге асады.

Бағалау критерийі:

  • өмірмен байланысты материалдарда көтерілген мәселелерді түсінеді;
  • ақпаратқа талдау жасай алады;
  • мәліметтерді жинақтап, өмірмен байланыстырып, пікірін әсерлі жеткізеді.

Қосымша 3. Қалыптастырушы бағалау

Тірек сөздер: адамгершілік, ойлылық, адалдық, еңбекқорлық, шыншылдық, талап, еңбек, еріншектік, әділетсіздік, қанағатсыздық, үйсіз-күйсіздер әлемі, тәрбие, тағдыр, өмір қиындықтары, кедейлікті жою, мұқтаждық аясында қалған жандарға мақсатты көмек көрсету. Стиль түрлері, әңгіме, сюжет, баяндау, тілдік стильдердің қолданылу аясы мен ерешеліктері.

Тапсырма: Үш тапсырманың бірін таңдап, жазылым жұмысын орындаңыз.

1.Германиядағы үйсіздердің бір бөлігін сандалыс жүріске бейім психологиялық ауруы бар адамдар құрайды. Сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік бағдарламаларға қатысу арқылы қордаланған мәселеден шығуға тырысқан, бірақ сәтсіздікке ұшырап, үй- жайынан ажыраған жандар толықтырады. Әлемде үйсіз-күйсіз қалған, ауқаты төмен, еңбекке жарамсыз азаматтардың бұндай ғұмыр кешуіне кім кінәлі деп айтуға болады? Қоғам ба, әлде адамның өзі ме? Өз ойыңызды білдіріңіз.

2.Қоғам белсендісі ретінде елімізде өткізілгелі отырған «Кедейшілікті жою жолындағы күрес!» атты форумға орай республикалық басылымға кедейшіліктің белгілері, ерекшеліктері, кедейшіліктің алдын алу туралы ашық хат жазыңыз.

3. Бір күні кедей адамның әйелі үйіне бір жұмыртқа алып келеді. Жұмыртқаны көрген кедей ... деп бастап әңгіме жазыңыз.

 Мәтін көлемі 150- 200 сөз болуы қажет.

Топта ЖК жазылған парақшалар арқылы бағаланады.

Бағалау. Қызыл стикер алғандар: Мәтін қандай стильде жазылған? Неліктен ..... стильде жазылған?

Сары стикер: Мәтін қандай стильде жазылған? Мәтіннің негізгі түйіні неде? Осы стильге негіз болған сөйлемдерді табу.

Жасыл стикер: Мәтін қандай стильде жазылған? Мәтіннің ішкі бөлшектері қандай?

Тоқсары стикер: Мәтін қандай стильде жазылған? Мәтіннің теориялық және тәжірибелік бөлімдері бар ма? Олардың қалай байланысып тұрғанын анықта

Қосымша 4

Кедейлік психологиясынан арылмай, қазақ қалай байысын!

 Арамтамақ! Қиянатшыл! Қалтасы бар, түбі жоқ! Қанаушы! Сұмдық-ай, қазақ неге бай десе бірден осылай тітіркенеді де қалады? Әйтеуір әл-ауқаттыларымыз жайлы жақсы сөзге сараңбыз, есесіне еңселі үйі мен оған кіріп-шыққан көліктерін көрген сайын көзімізге бәле көрінгендей, «осылар не істеп байиды екен?!.» деп жыбыр ете қалатындарымыз аз емес. Сонда деймін-ау, кедейдің кедей болғанына бай жазықты ма? Яғни, байығанның бәрі жемқор ма? Санамызға бай жайлы, байлық жайлы осынша өшпенділік отын кім жақты екен?

 Бізді құртқан кеңестік саясат… Бай деген қарны жуан, құлқыны терең, қара бастың қамын ғана күйттеген, алдындағы малын санаудан ғана ләззат алатын ашкөз біреу… Бай туралы шығармалардың барлығы оқырман санасында осындай жиіркенішті бейне қалыптастырып келді. Қарабай сондай: қызы Баянды Қозы Көрпештей сүйгеніне қимады, себебі ол – кедей. Сәбит Мұқанов та «Ботагөзінде» байды соншалықты өшпенділікпен суреттеді. Тіпті кешегі саясат Мұқаңның да «Абай жолын» Құнанбай үшін талай цензураға іліп, ақыры Абайды шығару үшін Әуезов әкесін одан сәл әлсіздеу тип етіп көрсетуге мәжбүр болды. Ал, шын мәнінде, Құнанбай текті болмаса, Абай қайдан туар еді?» Яғни, бүгінгі ұрпақ шындықтың бетіне осылай тура қарай алады? Заманында қажылыққа барып, Меккеде тәкия салдырған Құнанбай сынды қажының адамгершілігіне жат мінездерді теліген сол бай атаулыға қарсы саясат. Ол саясат қазақтың малынан бұрын санасын, жандүниесін тонады емес пе? Біз бәрінен бұрын осыны айтудың орнына, бәлен мал қырылды, бәлен дүние тәркіленді деген есептен арыға бара алмай жүрміз. Санамыз тоналмаса, ойлау жүйеміз 180 градусқа төңкеріліп түспесе, нағыз қазақ қоғамында Бай деген басқаша мағынаға ие болғанын білер едік қой? «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» жырында Қарабайдың 90 мың жылқысы болғандығы анық айтылады. Ал Шоқан Уәлиханов ХІХ ғасырда Ақтайлақ деген байдың 17 мың, ал Орталық Қазақстандағы Алда мен Жұман деген байлардың 24 мың жылқысы, Сапақ, Азынабай деген байлардың 18 мың жылқысы болғанын жазған. Қазақта «бай болсаң, Бапақтай бол, Азынабай, Сапақтай бол» деген сөз бар. Хан Кененің әскерін жасақтаған – халқымыздың осындай жылқылы байлары. Сондай-ақ «Байдың тасуы» деген дәстүр болыпты қазақта. Дәулеті тасыған бай соны берген Жаратқанға алғыс ретінде бір жеті, кейде тіпті он күн  елге мал таратқан. Одан алушылар да тек «пайдаға кенелсем» не «тегін малға қарқ болсам» деп емес, тәбәрік ретінде үлес алып, сондай құрметті дәрежеге көтерілсем деп ырымдайды екен, ең бірінші.

 Кезінде қазақ даласына келіп, осындай жағдайды көзімен көрген орыс генералы Броневский: «Қазақтың байлары орыстың «богатый» сөзінің баламасы емес, қазақтың байы – ақыл-ойы, рухани жағынан барынша жетіліп, нағыз кемеліне келген адам. Соны ғана қазақ халқы Бай дейді. Ал жай ғана материалдық құндылықтарды жинаған адамды қазақ ешқашан Бай деп мойындамаған» деп жазған. Расында, қазақ ешқашан малға байды нағыз Бай санамаған. Себебі ұлтымыздың ұғымындағы Бай – арнайы статус. Ол – тектіліктің баламасы. Сондықтан да оның қоғамда атқаратын өзіндік функциясы болған. Ол қандай?

Автор: Мәриям ӘБСАТТАР "Алаш айнасы" газеті

 http://old.abai.kz/content/kedeilik-psikhologiyasynan-arylmai-kazak-kalai-baiysyn

 

КЕДЕЙЛIКТIҢ ӨЛШЕМI ҚАНДАЙ?

 Оңтүстік Азияда (Үндістан, Бангладеш т.б.) 500 миллион кедей болса, «қара құрлықта» (солтүстіктегі араб елдерінен бөлек) ондайлардың саны 300 миллионнан асады. Латын Америкасында да кедейлер өте көп. Есесіне дүние жүзінің дамыған елдерінің (АҚШ, Канада, Батыс Еуропа, Жапония т.б.) құрамына енетін бір миллиардтай адамдар әлемдегі кірістің 60 пайызына ие.

 БҰҰ-ның есептеуінше, бір күнгі табысы екі доллардан аспайтын жан – кедей санатында. Көрші Ресейдің де шекесі шылқып тұрған жоқ. Тек ресми мәліметтер бойынша, бұл ел тұрғындарының 25 пайызы кедейлер екен. Ал біздің елімізде қанша кедей барлығынан хабардар емеспіз. Біз білетін ресми мәлімет бойынша Отанымыздағы ең төменгі күнкөріс мөлшері әзірге (көрсеткіш нақты жағдайға орай тоқсан сайын өзгеріп отырады) 16298 теңге. Облыс бойынша (әр өңірдің ерекшелігіне байланысты) 16178 теңге. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім бастығы Мирагүл Дүйсекешовадан алынған мәліметке қарағанда, 1 қарашаға шаққандағы есеп бойынша біздегі кедейге жатқызылған 1546 отбасында 6329 адам бар. Мирагүл Жеңісқызының сенімді пікіріне құлақ түрсек, қазір кедейлер облыс халқының тек бір-ақ пайызын құрайды, әрі олардың саны жылдан жылға азайып келеді. Несі бар, оған да шүкір. КІМГЕ – КӨМЕК,КІМГЕ – ҚАМШЫЛАУ... Ізгілік мұраттарына сай, БҰҰ-ы 2000 жылдан бері сан бағыттағы, кедейлікті жою және мұқтаждық аясында қалған жандарға мақсатты көмек көрсету жолында бірнеше бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Әрине онан бұрын да талай жұмыстар тындырылған. Халықаралық ұйымның үндеуі бойынша АҚШ, Канада, Батыс Еуропа және Жапония сынды бай елдер осы мақсатқа мол қаржы бөліп, миллиондаған адамдарды ауру мен ажалдан сақтап қалды. Тіпті төрткүл дүниенің танымал тұлғалары, марқұм әлемдік боксшы Мұхаммед Әли, ізгілікті марқұм Тереза ана, актер (көзі тірі) Джекки Чан және басқалары қалтасынан ақша шығарып, ортақ іске лайықты үлестерін қосты. Әлі де адами парызынан жеріне қоймаған атақтылар аз емес. Елбасымыз Н.Назарбаев және Қазақстан Республикасының Үкіметі кедейлік сияқты күрделі әлеуметтік мәселені қашан да басты назарында ұстайды. Бұған дейін де, қазір де жүзеге асырылып жатқан және жарасымды жалғасын табатын «Жол картасы», «Жастар машығы» және басқа кең көлемді әлеуметтік бағдарламалар ең бірінші кезекте халықты, соның ішінде өмір жолын енді бастаған жас ұрпақты кедейлікке ұрындырмауды көздеп отыр. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік қамқорлыққа айрықша мұқтаж адамдарға мемлекетпен бірге кәсіпкерлер де қол ұшын созуда. Мақсат – тек ізгілік мұратында ғана емес, сонымен бірге тақыр кедейліктен туындайтын әлеуметтік-саяси дүмпулердің алдын алу немесе жол бермеу. Өйткені адам қаны аяусыз төгілетін төңкерістің ешкімге керегі жоқ. Соның ішінде кедейлердің өзіне де. Сірә, ұлы қолбасшы Наполеон Бонопарт былай деп бекер айтпаса керек: «Төңкерісті данышпандар даярлайды да, табандылар (фанатик) жүзеге асырады, ал қызығын пасықтар көреді». Тағы бір қосарымыз, американдық Рокфеллердің мынадай тамаша пікірі бар: «Жеке меншік үйі мен көлігі бар кісі төңкеріске мұқтаж емес». Енді көмектен қамшылауға көшсек. Шыны керек, кедейдің де кедейі бар. Бұрын қазақта тақыр кедей сирек ұшырасты. Өйткені «У ішсең – руыңмен» деген, қауым болып, жеке-жеке ауылда өмір сүрген ата-бабалар қандастарын қаңғыртпапты. Сөз жоқ, «жауыз байлар мүлдем болмады» деуден аулақпыз. Дегенмен, қазақты бай мен кедейге бөліп, еуропалық және көршідегі «тап күресін» зорлап таңған– негізсіз коммунистік идеология. Нәтижесінде қазақтың басым көпшілігі мемлекетке алақан жайған, шөп басын сындырмайтын, иманнан жұрдай, дау-далабаға үйір кедейлердің тобырына айналды. Тіпті заман өзгерсе де, санасы сол күйінде қатып қалғандар әлі де бар. Үнді мен зәңгі кедей болса, оның себебі тайға таңба басқандай. Халық тым көп, табиғи жағдаяттар жұтаң, табиғаты қысаң. Ал біздің кейбір қандастардың кедейлігі кейде өзінен. Банктен несие алып, 37 жасын тойлайтын немесе баласы үйленіп не қызы ұзатылса, 300-500 адам шақырып, қолда барды шашатын пенде қалай кедейленбейді? Ата-бабамыздың «Қолда барды қорғап бақ!» дегені қайда? 

 Түркістан газеті, 13 қаңтар, 2012 ж.

http://www.afk.kz/index.php/en/financial-sector/1451-kedeiliktin-olshemi-kanday



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу