Бала құқығы басты назарда. Қазақ тілі, 8 сынып, таратпа материал. 14 сабақ.


Бала құқығы – басты назарда

30 - Маусым, 2016 ж  342 0

Бала құқығы мәселесі – ел саясатының маңызды бөлігі екені сөзсіз. Балалардың өмірі мен денсаулығына назар аударып отыру да осы тұрғыдан келгенде жауапты міндет. Бұл орайда Алматы облысы Қапшағай қаласындағы балалар құқығы қалай қорғалуда деген сауал төңірегінде  «Қапшағай қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Раиса Ешімованы әңгімеге тартқан едік. 

– Раиса Советқызы, бала құқығын қорғау, оның талаптарын жүзеге асыру бағытында қандай заңдарды басшылыққа аласыздар?– Қапшағай қаласындағы балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында құқықтық негіз ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Балалардың құқықтары туралы Конвенцияны, «Азаматтық кодексті», «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа аламыз.– Жалпы, халықаралық шарт бойынша бала деп кімді санайды?– Бала бұл бесіктегі нәресте, балабақшаға баратын сәбилер, бастауыш және 5-7 сынып оқушылары. 8-сынып оқушыларын жеткіншектер, 16-17 жастағы жоғары сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз. Конвенцияның бірінші бабын оқып көрейік, 18 жасқа толмаған әрбір адамзат иесін бала деп санау шартты мақсат. Яғни 18 жасқа толмаған жасөспірім, жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана алады.– Қапшағай өңірінде өз құқығын пайдалана алатын қанша бала бар? Әрі олардың құқықтарын қорғау ісіне қанша маман жұмылдырылған?– Біздің есебіміз бойынша 15 мыңдай бала. Олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмыстарымен айналысатын «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бір штаттық маман қарастырылған.– Ол маман нақты қандай жұмыспен айналысады?– Кәмелетке толмағандарға қатысты балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы практикалық іс-шаралардың елеулі санын іске асыруды, кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына (өзге заңды өкілдерге) және балалармен жұмыс істейтін басқа да тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетуді белгілейді. Балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауда алда тұрған мақсат – жетімдіктің алдын алу, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу үшін отбасына орналастыруға ықпал ету және мұнан өзге де жұмыстарды атқарады.– Қапшағай өңіріндегі балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қандай қызмет түрлерін ұсына алады?– Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру, жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру, кәмелетке толмаған балаларға меншік құқығында тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру және т.б. мемлекеттік қызмет түрлерін ұсына алады.– Балалардың жеке жағдайларына тоқталсақ. Олар туралы не айтасыз?– Бүгінгі күнде «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы 127 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және 1 бала патронаттық тәрбиеде тіркелген. Оның ішінде 59-ы – тұл жетім, ал 69-ы – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Статистикалық деректер бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 55%-ға жуығы «әлеуметтік жетімдер» болып табылады. Оларға бақылаусыз және қараусыз жағдайдағы балалар жатады. Бұл балалардың ата-анасының қамқорлығынсыз қалу себептерінің ішінде ата-ана құқықтарынан айыру немесе ата-аналық құқығын шектеу, ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерінен бас тартуы басым болып келеді. Қазіргі уақытта бұл санаттағы балаларға қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыдан, оның ішінде психологиялық климаты теріс және сырт жағынан сәтті болып көрінетін, бірақ нашар эмоционалдық атмосферасы бар отбасыдан шыққан балалар жатады. Бұл отбасыларды «сәтсіз отбасы» ретінде есепке қойып, профилактикалық жұмыстар атқарып, қатаң бақылауда ұстаймыз. Бүгінгі күнде 48 отбасы есепте тұр, оның ішінде 68 бала бар.Қорыта айтқанда, Қапшағай өңіріндегі балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде екі тұрақты, отырыстары ай сайын болатын комиссиялар құрылған. «Қапшағай қаласының білім бөлімі» ММ-не ата-аналардан немесе өзге заңды өкілдерден баланың құқығын қорғау туралы 2015 жылы 137 өтініш түсті, 2016 жылы 39 өтініш қарастырылды. Өтініштердің барлығы мұқият қарастырылып, заң аясында шаралар атқарылып немесе заңгерлік кеңес берілді.– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен Алтынбай СИҚЫМБЕК



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу