Қоршаған орта. Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Қоршаған орта. Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні.

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу

(аргументативті эссе)

Сабақ мақсаты

Жануарларды қорғау тақырыбы бойынша эссе жазады.

Бағалау критерийлері

  • Оқушылардың барлығы эссе құрылымын сақтап жазады.
  • Оқушылардың басым көпшілігі ойын дәлелдеп жазады.
  • Оқушылардың кейбірі қорықтардың артықшылығы мен кемшілігін көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер: атап өту, бекіту, халықаралық, қамқорлық.

Осыған дейінгі меңгерілген білім

Қызыл кітап, жануарларды қорғау жөнінде ақпарат алды.

Құндылықтар

Табиғатты қорғау

Пәнаралық байланыс

Биология

АКТ дағдыларын дамыту

Таныстырылым арқылы сабақ материалын ұсыну.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс – әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту. Оқушыларға «Қазақстан қорықтары» тарауы бойынша өткен материалдардан сұрақтар қойылады:

  • Қорықтардың маңызы қандай?
  • Қазақстанда қандай қорықтар бар?
  • Жануарлардың қандай түрлері азайып жатыр?
  • Өсімдіктер мен жануарлардың азаюына не себеп?
  • Жануарлар мен өсімдіктерді сақтап қалу үшін не істеу керек?

Презентация

Сабақтың ортасы

Жазылымалды тапсырма.

Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді. Эссе тақырыбы ұсынылады: «Жануарлар мен өсімдіктерді қалай сақтап қаламыз? Мысалдар мен деректер келтіре отырып, өз ойыңды жаз»

А) Жоспарлау кезеңі.

Оқушылар топта ұсынылған тақырып бойынша не жазатындарын топта талқылап жоспарлайды:

  • Кіріспе.
  • Негізгі бөлім (2 абзац)
  • Қорытынды бөлім.

Ә) Деректер жинау кезеңі.

Оқушылар топта жоспарларына сәйкес, өткен сабақтарда берілген мәтіндерді, не оқулықты, не ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, өздеріне қажетті мәліметтерді жинайды.

Жазылым тапсырмасы.

Әр оқушы жеке өздері құрған жоспар бойынша деректерді пайдалана отырып, эссе жазады. Эссенің сөз санын мұғалім өзі таңдайды. 80-100 сөз аралығы жеткілікті.

Бағалау критерийі

Дескрипторлары

Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу

Эссе желісін сақтау үшін жоспар құрады.

Мазмұнын ашу үшін деректер қолданады.

Қорықтардың артықшылығы мен кемшілігін көрсетеді.

Жазылымнан кейінгі тапсырма.

Оқушылар топта сағат тілі бойынша жазған эсселерін бір-біріне ұсынады және берілген бағалау дискрипторына сәйкес бір-біріне кері байланыс береді. Мұғалім де осы кезде сыныпты аралап, өз кері байланысын айтып, көмектеседі.

Кері байланыс «2 жұлдыз, 1 тілек» тәсілі бойынша ұсынылады.

https://kitap.kz/

онлайн-сөздік

http://mytabigat.kz/

Сабақтың соңы

Мәтіннен кейінгі тапсырма кезеңі.

Рефлексия

Сен бүгінгі сабақта не істей алдың?

Саған не қиын болды?

Сенің қандай сұрағың бар?

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

Барлық оқушылар: тақырыпты болжайды; тура мағыналы сөздерді қолданып, ойын жеткізеді.

Көптеген оқушылар: тақырыпты болжап, мәселені анықтайды; тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданып, ойын мазмұнды жеткізеді.

Кейбір оқушылар: Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, мәселені жан-жақты талдай алады және бағалауда нақтылық көрсетеді.

Сабақта дескрипторларға негізделген жүйеде бағаланады.

  • Мұғалімнің ауызша кері байланысы
  • Бірін-бірі бағалауы
  • Оқушының кері байланысы

География,биология, әдебиет, пәндерімен байланысты.

Сабақта таныстырылым көрсету үшін қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу