Қоршаған орта. Туған өлкем байлығы мол қазынам. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.
Оқу мақсаты: 8.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану:
комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу
Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер: кен байлықтары, пайдалы кендер, отындық материалдар, кәдеге жарайды, тау-химия шикізаттары, ерітінділер, табиғи құрылыс материалдары
Ой шақыру
«Ақылды доп» әдісі
Оқушылар бір біріне доп лақтыру арқылы өткен сабақтарда білген сөздерді еске түсіреді.
Доп кімге түседі, сол оқушы жылдам бір сөз айту керек.
Кідіріп қалса ойыннан шығады.
Соңында қалған оқушы жеңімпаз болып саналады.
Жеңімпаз оқушыларды мадақтау
«Іріктеп оқу» әдісі.
Мәтінді оқу барысында маңызды деп
ойлаған сөздердің, тіркестердің, мағлұматтардың астын сызып отырады.
Жер байлықтарының түрлері
Жер байлықтары – бұл биосфераның минералдық негізгі, табиғаттың бірінші құрылымды бөлігі. Жер байлықтарының бастысы – пайдалы кендер.
Пайдалы кендерге барлық табиғи минерал байлықтары жатады. Олар өңделген күйде немесе сол бірінші табылған күйінде пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, пайдалы тастар, отындық материалдар сол күйінде немесе сол бірінші табылған күйінде пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, пайдалы тастар, отындық материалдар сол күйінде пайдаланылады, ал мыс, қорғасын, темір т.б. қазбалы байлықтар өндегенен кейін ғана кәдеге жарайды. Көптеген табиғат ресурстары жердің сыртқы қабатында жатады. Минералды ресурстар суда да болады. Мысалы, сулардан фосфорды, калиді, магниді, темірді т.б. өндіруге пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер мол.
Минералды кен ресурстар өздерінің табиғи сапасына және пайдаланылу бағыттарына қарай төмендегі топтарға бөлінеді.
- Отын-энергетика ресурстары – мұнай, газ, көмір, жанатын сланец, торф, уран т.б.
- Кең ресурстары – темір және марганец рудалары, хромит, боксит, мыс, қорғасын-мырыш, никел, вольфрам, молибден, қалайы, бағалы металл ресурстары т.б.
- Тау-химия шикізаттары – апатит, фосфорит, калий, магнизий, ас тұзы, күкірт, барий, тау рудалары, бром және йод қоспалары бар ерітінділер т.б.
- Табиғи құрылыс материалдары, минералды руда емес табиғи қазбалар – мрамор, гранит, азот, тау хрусталы, корунд, алмаз т.б.
- Су минералды ресурстары – жер асты тұщы сулары мен минералды сулар.
- Мәтін бойынша кесте толтыру
Эпизод | Тілдік ерекшелігі | Комментарий | |
1 | |||
2 | |||
3 |
- Топтар өз жұмыстарын қорғайды
Дескриптор
Мәтіндегі жеке эпизодтарды сипаттап айтады
Тілдік ерекшелігіне салыстыру жасайды.
Әр бөлік бойынша пікір білдіріп, комментарий жазады.
Өзі тұратын аймақ туралы «Жер байлығы-ел байлығы» тақырыбына «Төрт сөйлем» тәсілін қолданып сөйлейді
1. Пікір. Тақырып бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.
2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.
3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.
Тапсырма дескрипторы
- Өзі тұратын аймақ туралы ақпарат бар.
- Пікір, дәлел, қорытынды айта алды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?