Қоршаған орта. Туған өлкем байлығы мол қазынам. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 2 сабақ.


6-бөлім: Қоршаған орта және энергия ресурстары

Тақырыбы: Туған өлкем байлығы мол қазынам

Оқу мақсаты: 8.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану:

комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу

Ой шақыру

Мәтіналды тапсырма.

«Ақылды доп» әдісі

Оқушылар бір - біріне доп лақтырады. Доп кімге түссе, сол оқушы бір сөз айту керек.

Кідіріп қалса ойыннан шығады.

Соңында қалған оқушы жеңімпаз болып саналады.

Мәтінмен жұмыс тапсырмасы.

«Іріктеп оқу» әдісі.

Мәтінді оқи отырып маңызды деп

ойлаған сөздердің, тіркестердің, мағлұматтардың астын сыз.

Жер байлықтарының түрлері

Жер байлықтары – бұл биосфераның минералдық негізгі, табиғаттың бірінші құрылымды бөлігі. Жер байлықтарының бастысы – пайдалы кендер.

Пайдалы кендерге барлық табиғи минерал байлықтары жатады. Олар өңделген күйде немесе сол бірінші табылған күйінде пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, пайдалы тастар, отындық материалдар сол күйінде немесе сол бірінші табылған күйінде пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, пайдалы тастар, отындық материалдар сол күйінде пайдаланылады, ал мыс, қорғасын, темір т.б. қазбалы байлықтар өндегенен кейін ғана кәдеге жарайды. Көптеген табиғат ресурстары жердің сыртқы қабатында жатады. Минералды ресурстар суда да болады. Мысалы, сулардан фосфорды, калиді, магниді, темірді т.б. өндіруге пайдаланылмай жатқан мүмкіндіктер мол.

Минералды кен ресурстар өздерінің табиғи сапасына және пайдаланылу бағыттарына қарай төмендегі топтарға бөлінеді.

- Отын-энергетика ресурстары – мұнай, газ, көмір, жанатын сланец, торф, уран т.б.

- Кең ресурстары – темір және марганец рудалары, хромит, боксит, мыс, қорғасын-мырыш, никел, вольфрам, молибден, қалайы, бағалы металл ресурстары т.б.

- Тау-химия шикізаттары – апатит, фосфорит, калий, магнизий, ас тұзы, күкірт, барий, тау рудалары, бром және йод қоспалары бар ерітінділер т.б.

- Табиғи құрылыс материалдары, минералды руда емес табиғи қазбалар – мрамор, гранит, азот, тау хрусталы, корунд, алмаз т.б.

- Су минералды ресурстары – жер асты тұщы сулары мен минералды сулар.

Мәтінмен жұмыс тапсырмасы

Мәтін бойынша кесте толтыр

Топтар өз жұмыстарын қорғайды

Мәтіннен кейінгі тапсырма

Өзі тұратын аймақ туралы «Жер байлығы-ел байлығы» тақырыбына «Төрт сөйлем» тәсілін қолданып сөйлейді

1. Пікір. Тақырып бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу