Қоршаған орта. Су – өмірдің нәрі. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Бөлім: Қоршаған орта және энергия ресурстары

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Мерзімі:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Қоршаған орта. Су – өмірдің нәрі

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

8.2.4.1

тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, талқылау), құрылымын салыстыра талдау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар үшін:

мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру.

Кейбір оқушылар үшін:

Мәтіндердің стильдік ерекшелігін анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіндердің тақырыбын, идеясын анықтайды
  • Мазмұнына талдау жасайды
  • Ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер: өмірдің нәрі, ойпат, өзен жүйесі, ирелеңдігі, ит тұмсығы өтпейді, су қоймалары, сарқырама, тосын сый.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша..., себебі..., өйткені, сондықтан, т.б.

Сабақ барысында жүзеге асатын құндылықтар

Ашықтық, құрмет, туған жер табиғатына қамқорлықпен қарау

Пәнаралық байланыс

География

Алдыңғы білім

6.2.1.1 - тура және ауыспалы мағынадағы сөздерді қолдану, ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Ой шақыру

Суреттерге қара.

Қандай ой туындады?

Біздің сабағымызға қандай қатысы болуы мүмкін?

Өзара ой бөлісу.

Оқушылар жетелеу сұрақтары арқылы тақырыпқа кіріспе жасайды. Өзара ой бөлісе отырып, тақырыпқа сай сөздік қорын белсендендіреді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Кері байланыс

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

7 минут

14 минут

7 минут

Оқылымалды тапсырма

ЖЖ

Сөздікпен жұмыс

Оқушылар берілген сөздердің мағынасын суретпен береді.

Сөздер

Сурет

өмірдің нәрі

ойпат

өзен жүйесі

ирелеңдігі

Ит тұмсығы өтпейді

су қоймалары

сарқырама

тосын сый

Кері байланыс

Оқылым тапсырмасы

1мәтін

Су – өмірдің нәрі  Сусыз тіршілік жоқ , ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады. Бұл — судың негізгі қасиеті. Ол сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрлі күйде кезігеді.Судың көптеген заттарды оңай ерітетін және бір маңызды қасиеті бар. Табиғатта қоспасы жоқ, тап-таза су дегенді таппаймыз. Таза суды тек лабораториялардан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организмге қажетті тұздар да болмайды. 

2– мәтін

Әлемдегі ең ұзын өзен — Амазонка өзені

Амазонка — әлемдегі ең ұзын өзен. Оңтүстік Америкада орналасқан осы ұлы өзен туралы балалар мектеп кезінен-ақ біледі. Амазон ойпаты арқылы ағатын бұл ғажайып өзен осы уақытқа дейін ұзындығы бойынша екінші орында деп саналып келген. Алайда қазіргі таңда «ең ұзын, әрі ең суы мол» деп дәл осы Амазонка өзені танылды. Ұзындығы Укаяли бастауынан есептегенде 7000 шақырымнан асады. Сонымен қатар, 100 мың шаршы километрді құрайтын осы өзеннің жүйесі әлемдегі өзен жүйелерінің ең үлкені болып саналады. Амазонка өзеннің сағасы 40 мың шаршы шақырымды құрайтын Маражо өзен аралымен ерекшеленеді.

Өзендерді зерттеу әлі де болса өзінің аяқталу кезеңіне жетпеген. Осы күнге дейін олардың бастапқы нүктесін анықтап нақты ұзындығын есептеу үшін бастауларына экспедициялар аттанып жатады. Өзендердің ирелеңдігі мен жер бедерлерінің күрделілігіне байланысты олардың ұзындығын есептеу күрделене түседі. Алайда, заманауи жабдықтар мен ғалымдардың қажыр-қайраты нақты координаттарды анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар спутниктік түсірілімнің есебінен де пайдалы мәліметтер алынады. Ит тұмсығы өткісіз қалың нуда орналасқан су қоймалары кейде адамдар үшін ашық сарқырамалар мен сұлу бұлақтар сияқты түрлі тосын сыйларын да  ұсынып тұрады.

Екі мәтінді салыстыр

Мәтін

тақырыбы

идеясы

Мазмұны /Ой бөліктері/

Тілдік тұлғалар

Қорытынды

А мәтіні

Ә мәтіні

Топтар өздері толтырған кестелерімен алмасады. Бір бірінің жұмысымен таныса отырып, ұқсастықтары мен айырмашылығы туралы пікірлерін ортаға салады. Ұсыныс, пікірлерін айтады.

Дескриптор

  • Мәтіндердің тақырыбын, идеясын анықтайды
  • Мазмұнына талдау жасайды
  • Ұқсастығы мен айырмашылығын табады.

Кері байланыс

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Ж

« Су – өмірдің нәрі» тақырыбына сөйлейді.

«Төрт сөйлем» тәсілі.

1. Пікір. Тақырып бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен айтады.

2. Дәлел. Өз пікірін бір сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Дескриптор

  • Талапқа сай сөйлейді

Мұғалім тарапынан кері байланыс

Үлестірме

https://www.tarbie.kz/30273

http://bilim-all.kz/article/7365-Alemdegi-en-uzyn-ozender

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Алма ағашы» тәсілі

Қызыл алмаға түсінгендерін, жасыл алмаға қиналатын

сұрақтарын, сары алмаға түсінбегендерін жазып,

ағашқа орналастырады.

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемелері

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу