Қазақстанның су ресурстары. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.
1-тапсырма
- Туған жеріңде қандай өзен-көлдер бар?
- Сен оны мақтан етесің бе?
2-тапсырма
Өз өлкеңдегі өзен-көлдердің бірін таңдаңдар. Сұрақтармен танысып шығыңдар. Таңдаған өзен не көл туралы ақпарат жинаңдар.
- Ол қайда орналасқан?
- Ауданы қандай?
- Табиғаты қандай?
- Балықтар мен құстардың қанша түрі мекендейді?
Адамдар қандай кәсіппен айналысады?
3-тапсырма
- Сұрақтарды оқып шығыңдар. Сұрақтар бойынша эссеге жоспар құрыңдар.
- Ұсынылған үлгі бойынша, дәптерлеріңе эссенің алғашқы нұсқасын жазыңдар.
- Тірек сөздерді, сан есімдерді қолданып, эссені бірінші жақта жазыңдар.
Тақырыбы:______________________________ Кіріспе бөлімі (2-3 сөйлем): Негізгі идеясы:____________________________ Негізгі бөлім: Бірінші ой (4-5 сөйлем):___________________ _______________________________________
Екінші ой (4-5 сөйлем):_________________ __________________________________________ Қорытынды бөлім (2-3 сөйлем): Түйінді ой: _______________________________ |
Сұрақтар:
- Эссеге қандай тақырып қоясың?
- Кіріспе бөлімде қандай ақпарат бересің?
- Негізгі бөлім қанша бөліктен тұрады?
- Табиғаты қалай сипаттар едің?
- Сан есімдерді қалай қолданасың?
- Ойыңда қалай қорытындылайсың?
4-тапсырма
Жұптарыңмен жазған эсселеріңді алмасыңдар. Сұрақтар бойынша эссені тексеріп шығыңдар. Эссе туралы бір жақсы тілек, бір ұсыныс жазыңдар.
1.Эссенің әр бөлігі жаңа жолдан басталған ба?
2.Эссе мазмұны жоспарға сай келе ме?
3.Су тақырыбына байланысты сөздер қолданған ба?
4.Тірек сөздер ше?
5.Сан есімдерді ережеге сай қолданған ба?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?