Қазақстанның су ресурстары. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның су ресурстары.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.3. 4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

 Сабақтың мақсаттары

Қазақстандағы су ресурстары тақырыбы аясында өз өлкесіндегі өзен-көлдерді сипаттап эссе жазады.

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер.

Өлке – аудандар мен облыстар кіретін әкімшілік-территориялық бірлік.

Туған жер – атамекен, туып-өскен, кіндік қаны тамған жер.

Мақтан ету - дәріптеу, мақтаныш қылу.

Осыған дейін меңгерілген білім

Су тақырыбымен алдыңғы сабақтардан таныс.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс

іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту.

1-тапсырма. Мұғалім оқушыларды бірнеше жұптарға бөледі. Оқушылар тапсырмада берілген сұрақтарды оқып өзара талқылайды, берілген суретке сипаттама жасайды. Мұғалім әр жұптан осы бөлімде қандай ақпараттар алды, нені біліп, нені үйренгендері туралы сұрақтар қоя отырып, суреттің сипаттамасын сұрайды. Сабақта жергілікті жердегі өзен-көлдердің бірін таңдап эссе жазатындарын, табиғатын сипаттайтындарын түсіндіреді. Оқушыларға тірек сөздерді таныстырады.

Сабақтың ортасы

5 минут

15 минут

5 минут

Жазылымға дайындық кезеңі.

2-тапсырма. Мұғалім оқушыларды бірнеше топқа біріктіреді. Әр топқа жергілікті жердегі өзен-көлдер туралы мәтіндер, энциклопедиялар ұсынады. Егер ғаламтор желісін қолдануға мүмкіндігі болса, компьютер қолдануға рұқсат береді. Алайда оқушылар үшін сілтемелер тізімін алдына-ала дайындап қойғаны дұрыс. Оқушылар тапсырмада берілген сұрақтар бойынша ұсынылған ресурстардан қажетті мәліметтерді жазып алады. Тапсырма аяқталған соң мұғалім әр топтан қандай өзен не көлді таңдағанын және қандай ақпарат жинағандарын ауызша тексереді.

Жазылым тапсырмасы.

3-тапсырма. Оқушылар алдымен тапсырмамен танысып шығады, эссе жазу туралы ойларын ортаға салады. Мұғалім жиналған мәлімет бойынша оқушылардың идеяларын тақтаға тізіп жазады. Ұқсас идеяларды топтастырады. Тақтаға «эссе жоспары» деп жазып топтастырған идеяларды бір сөйлеммен эссе жоспары ретінде тізіп жазады. Мысалы: кіріспе бөлім – өзен туралы қысқа мәлімет; негізгі бөлім – өзендегі тіршілік иелері, адамдардың кәсібі, табиғатының әсемдігі; қорытынды бөлім – өзен туралы өз ойын білдіру. Жоспар құрылғаннан кейін мұғалім, оқушылармен талқылай отырып, әр бөлімге не туралы жазуға болатынын қысқаша сипаттап кетеді.

Таратпа материал

http://mytabigat.kz/

https://kitap.kz/

Таратпа материал

Сабақтың соңы

10 минут

Жазылымнан кейінгі тапсырма.

4-тапсырма. Оқушылар эссе жазуды аяқтаған соң, жұптар эсселерін алмасады. Мұғалім тапсырма сұрақтарын оқушылармен талқылайды және мұғалім эссені тексеру кезінде неге назар аудару керек екенін, ұсыныстарды қалай жазу керек екенін түсіндіріп кетеді. Тапсырмада берілген сұрақтар бойынша, эссенің астына «1 тілек, 1 ұсыныс» ретінде бағалауларын қысқа ғана жазады. Мысалы: 1. Эссе жақсы жазылған, тірек сөздерді көп қолданған. 2. Абзацтарды жаңа жолдан бастау керек. Жұптық бағалаудан кейін оқушылар ұсыныстар бойынша эссесі қайта жазып, жазба жұмыстарын мұғалімге тапсырады.

Бағалау критерийі

Дескрипторлары

эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу

Тақырыпқа байланысты мәліметтерді қолданады.

Эссе құрылымын сақтайды.

Ойын жүйелі жазады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу