Қоршаған орта және энергия ресурстары. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.


Ш.Айтматов, «Кассандра таңбасы» бойынша қалыптастырушы бағалау

Оқылым алды тапсырма

ЖЖ. Кестеде берілген ақпараттарды сәйкестендіріңіз.

Публицистикалық стильдің қарым-қатынас аясы (қолданылатын орны)

жұртшылықты белгілі іске жұмылдыру, белгілі бір мақсатқа үндеу, иландыру; сондай-ақ белгілі бір құбылысқа оң не теріс баға беріп, қоғамдық пікір туғызу.

Стильдік сипаты

газетте, саяси-қоғамдық журналдарда (жазбаша түрі), ал жиналыстар мен митингілерде, радио-теледидар хабарларында (ауызша түрі).

Қарым-қатынас мақсаты

үндеу, жұршылықты иландыру, үгіттік-насихаттық мәнінде жұмсалады.

ЖЖ. Оқылым тапсырмасы

«Кассандра таңбасы» романында ғалым Филофей шарананың қарсылық белгісін ғарыштан зондаж сәулелер жіберу арқылы анықтап, оған «Кассандра таңбасы» деп ат береді. Бұл XX ғасырдың ойға келсе де, ақылға сыймастай оқиғасы еді. Ш.Айтматовтың романын да, өзін де әлем жұртшылығы әртүрлі қабылдады. Бірақ Ш.Айтматовтың романында көтерілген мәселелер, суреттелген оқиғалар сыры әр қырынан, әртүрлі деңгейде ашыла түсуде. Жасанды жолмен дүниеге бала әкелу, терроризм, расизм, спид т.б. ұғымдары бүгінгі күні ғаламның үлкен проблемасына айналып отыр. Шығармашылық еңбек заңдылықтары тұрғысынан алғанда, бұл Ш.Айтматовтың суреткерлік көрегендігін, алысты бұрын болжап-бағамдай алатын шығармашылық кемеңгерлігін танытады.

«Кассандра таңбасы» романында ғалым кейіпкер өзінің тағдыры жасанды жолмен әкелген адамдарының тағдырымен ұқсас екендігін біледі. Яғни, жазушы бұл романында да "тексіздіктің қандай апат әкелетінін" бұрынғыдан кең суреттеп, мәнін тереңдетіп, адамзатқа ескерту айтып отыр. Осындай маңызды ойды көтеріп, шығарманың сюжетін құруда үлкен қызмет етіп тұрған «жасанды жолмен адам әкелу» оқиғасы - бүгінгі заман шындығымен бетпе-бет келгенде туған суреткерлік қиял нәтижесі. Сөйте тұра мұның негізінде өмірдің шындық құбылыстары жатқаны да анық. Ал өмір шындығының игерілуіндегі автордың идеясынан туындайтын басты көркемдік шешім - табиғат заңына қиянат жасамау..

Жазушы «Кассандра таңбасы» романында бүгінгі күннің ғылыми-техникалық, технологиялық жетістіктерін жинақтап шебер пайдалана білген. Ш.Айтматов шығармаларының көркемдік идеялық жүйесінде халық творчествосы үлгілерімен қатар этнография, археология, тарих салаларындағы материалдардың атқаратын рөлі жоғары.

(202 сөз)

www.diplomkaz.kz/.../Дип.-Ш.Айтматов-шығармашылығы

ЖЖ. Оқылымнан кейінгі тапсырма

Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктерін мәтіннен табу, сол арқылы жанрын анықтау.

а) лексика-фразеологиялық: зат пен құбылысқа оқырман назарын аудару үшін экспрессивті-эмоционалды реңктегі сөздер және бағалауыш лексика: ..............................................................................................................................................................................................................................................................................................................

– жалпы саяси лексика, халықаралық терминдер, күрделі тіркестер: .................................................................................................................................................

– тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, афоризмдер мен перифразалар: ...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................

ә) морфологиялық: көптік тұлғалы зат есімдер, күрделі, қысқарған, жалқы, деректі, дерексіз зат атаулары, сан есім, сын есім, етістік тұлғалары, үстеулер: ...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................

б) синтаксистік: бұйрықты, лепті, риторикалық сұраулы сөйлемдер, сөз қайталаулар: ...............................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Дескрипторлар:

- публицистикалық стильдің сипатын естеріне түсіреді;

- оқылым мәтінін детальді түрде оқиды;

- оқылым мәтіні арқылы тілдік ерекшеліктерін анықтай алады;

- үзіндінің жанрын анықтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу