Қоршаған орта және энергия ресурстары. Қазақ тілі, 8 сынып, таратпа материал. 6 сабақ.


Мәтінмен жұмыс кезеңі. Оқушылар «Ұялы телефоныңыз тез қуатталатын болды» тақырыбындағы мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

 Оқылым мәтіні.

 Фениксте (Аризона штаты) өтіп жатқан халықаралық ғылым жәрмеңкесінде калифорниялық жоғары сынып оқушысы Иша Харе (Eesha Khare) көпшілікке өз өнертабысын таныстырды. Ендігі таңда ұялы телефондардың сағаттар бойына қуатталуын күтіп отырмайтын боласыз.  20-30 секундта толыққанды қуатталып бітетін энергия жинақтау жобасы үшін 18 жасар жасөспірімге 50 000 доллар бұйырды.  Теззарядты қондырғыны мектеп оқушысы суперконденсатор деп атайды. Өйткені әлгі суперконденсаторыңыз тар уақыт ішінде үлкен энергия көзін жинақтап, ұзақ уақытқа қуат көзін сақтауға бағытталған. Әрі жаңа қондырғының шағын көлемі де ерекше таңданыс тудырады.  Жобалаушының сөзіне сенсек, аталған өнертабыс қайта қуаттаудың 10 000 циклін ұстап тұра алады (қарапайым аккумуляторлардыкі 1 000 циклге есептелген).  Иша Харе, жоба авторы: "Ұялы телефонның қуат көзі қажет тұста таусылып қала береді. Жаңа қондырғының әрқырлылығына қарай отырып, оның алдағы таңда тұрмыс-тіршілікте кеңінен қолданыста болатыны дау туғызбайды".   Бір айта кетерлігі, Иша осы бір технологияны жасап шығаруда жарықжылтыратқыш диодтың күш-қуатын қолданған. 

  • Ғылым жәрмеңкесі қайда өтіп жатыр?
  • Жаңа қондырғыны кім ойлап тапты?
  • Жаңа өнертабыс қандай мүмкіндік береді?
  • Жоба авторы қандай мәселені шешуде?
  • Оқушы өзінің технологиясында не қолданған?

Мәтін соңы тапсырмасы.

Топта тез зарядтайтын өнертабыстың пайда болуына баға беріп, көзқарастарыңды білдіріңдер. Мәтіннен деректерді қолданыңдар.

Халықаралық ғылым жәрмеңкесі туралы баяндаңыз.

Өнертабыстың қажеттілігіне баға беріңіздер.

Жастардың қуатты үнемдеу мәселесімен айналысуы туралы көзқарасыңызды білдіріңіздер. Қуат үнемдейтін қондырғыны жаппай сатылымға шығару мүмкіндігі жайлы ой білдіріңіздер.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау

- мәтіндегі деректерді қолданады.

- өнертабыстың қажеттілігін бағалап, ойын білдіреді;

- мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу