Қоршаған орта және энергия ресурстары». Электр қуатын үнемдеу. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 7 сабақ.


Қалыптастырушы бағалау қалай жоспарланады?

Дуг Лемовтың "Мұғалім шеберлігі. Үздік ұстаздардың әдістері" атты кітабынан алынған сабақ жоспарлауға қатысты қадамдармен танысуға кеңес береміз.

Соңынан бастаңыз

Оқушылар сабақ соңында қандай нәтижеге жетуі керек? Не істей алуы керек?Ол болашақ білім алумен және басқа тақырыптармен қалай байланысты?

Оқушының дамуы бірізді болуы үшін соңынан бастап жоспарлау арқылы оқушының сабақта орындайтын тапсырмалары өткен сабақпен және өтетін сабақпен қаншалықты байланысты екенін түсінеміз.

Әр тапсырманы дұрыс бағалау арқылы ғана ниетті мақсатқа жете алатынымызды да ұмытпаған жөн. Осылай сабақтың дұрыс мақсатын анықтай аламыз.

Сабақ мақсаты келесі талаптарға сай болуы керек:1) Басқаруға болатын (Manageable) - Оқушылардың тапсырмаларды, ақпаратты игеру жылдамдығына қарай дағдының икемделуі;

2) Өлшемі бар (Measurable) - Сабақ мақсатының бәріне түсінікті өлшемі болуы керек. Сол арқылы оған жеткен не жетпегенін анық біле алатын боламыз;

3) Бірінші кезекте (Made First) - Сабақтағы тапсырмалар мақсатпен айқындалады, тапсырмаға қарай мақсат құрылмайды. Мақсат үнемі бірінші кезекте болуы тиіс;

4) Ең маңызды (Most Important) - Сабақта қойылған мақсат оқушыларды маңызды - ең керек дағдыларға үйретуі керек. Онсыз оның мақсат болуы екіталай.

Маңдайшаға ілу

Сабақтың мақсаты айқындалғаннан кейін оны бәріне көрінетін жерге іліп қойыңыз. Сабақ мақсатын үнемі бір жерге ғана іліңіз. Сыныпқа кірген кез келген адам сабақ мақсатын көре алатындай болса, онда дұрыс істедіңіз.

Оқушылар олардан не талап етілетінін түсінуі керек, ол ішкі ынтаны оятады. Болашақта түрлі қиындықтар мен түрлі тапсырмаларды орындауға жігер жинайды. Сабақ мақсатына жетуде сіздің көмекшіңізге айналады.

Қысқа жол

Сенімді, нәтижелі және ең бастысы тексерілген әдістемелерді қолданыңыз. Сол кезде ғана сабақ мақсатына жету жолыңыз оңай әрі жеңіл болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу