Қар барысы. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ 5-бөлім: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер Сабақ тақырыбы: Қар барысы | МЕКТЕП: | ||||||||||
КҮНІ: | Мұғалім: | ||||||||||
СЫНЫП: | ОҚУШЫ САНЫ: | КЕЛМЕГЕНДЕР | |||||||||
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары | 8.2.5.1 - перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру 8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану. | ||||||||||
Сабақ мақсаты | Мәтін тақырыбын анықтайды; Сұрақтар құрастырып, жұбының сұрағына жауап береді; Сөйлем мүшелеріне талдап, сөздердің орын, қызметін түсінеді. | ||||||||||
Бағалау критерийі | Мәтін тақырыбын, мәселесін анықтайды. Кемінде 3 сұрақ құрастырады; Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің орнын, қызметін түсінеді. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Қар барысы, ұқсайды, тұйық, азайып кету қаупі, есту қабілеттері ерекше , сақ. | ||||||||||
Жоспар: | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Іс-шаралар | Ресурстар
| |||||||||
Сабақтың басы 2 мин 3 мин Сабақтың ортасы 10 мин 10 мин 10 мин | Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Сынып оқушылары түгенделеді. Сабақ мақсаты хабарланады. 1-тапсырма «Кім көп біледі?» ойынын ойнайды. Қазақстанның қызыл кітабына енген жануарлар мен өсімдіктер аттарын 3 минутта жазып шығады. Б. Жұптық бағалау 2-тапсырма Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой. ХVІІ ғасырда орыстың тері сататын саудагерлері «Ирбис» сөзін Азия аңшыларынан естіген. Тувада бұл аңды «ирбиш», Жетісуда «ильберс», Түрік тілінен «ирбиз» сөзі «қар мысығы» деп аударылады. Ал қазақтар олардың өмір сүру жағдайына қарап, «қар барысы немесе тау барысы» деп атайды. Қар барысының сыртқы түр келбеті қар қабыланына (леопард) ұқсағанымен, одан әлдеқайда кіші. Ирбистің бас сүйегі гепардқа, дене тұрқы тау арыстанына (пума) көбірек ұқсайды. Қар барысы Гималай, Памир, Тянь-Шань, Алтай Батыс Саян, Үлкен Кавказ таулары мен таулы массивтерді мекен етеді. Барыстың әлем бойынша өсіп-өнген әрі тығыз орналасқан жері — Непал. Қар барысы Қазақстанда Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы жоталарында, Үлкен Алматы шатқалында, Тарбағатайда, Оңтүстік Алтайда, Күршім жотасында, Бұқтырма өзенінің бастауында, Марқакөл өзенінің атырабында кездеседі. Қар барысы жалғыз жүргенді ұнатады. Өзі тұйық, дыбыс шығармайды. Сондай-ақ барыстың көру және есту қабілеттері ерекше дамыған. Қар барысы өте сақ. Ол таудың етегіне жортуылға шығады. Ол ені 7-8 метр болатын шатқалдардан секіре алады. Қазір әлем бойынша қар барысының азайып кету қаупі бар. Сондықтан Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қар барысы — Қазақстан Республикасының ұлттық символы. 3-тапсырма Мәтін мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастыр. Жұбыңа қой. Дескриптор Мәтін тақырыбын, мәселесін анықтайды. Кемінде 3 сұрақ құрастырады. 4-тапсырма Мына сөйлемдерді дәптерге жазып, сөйлем мүшесіне талда. Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің орнын, қызметін түсіндір. Қар барысы өте сақ. Ол таудың етегіне жортуылға шығады. Ол ені 7-8 метр болатын шатқалдардан секіре алады. Қар барысы гепардқа, пумаға ұқсайды. Б. Мұғалімнің бағалауы | ||||||||||
Рефлексия 2 мин | Үй тапсырмасы Қызыл кітапқа енген ақбөкен туралы сипаттау мәтінін жазу. | ||||||||||
Қосымша мәлімет | |||||||||||
Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз? | Бағалау – оқушылардың не үйренгенін қалай анықтауды жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланысқа сілтеме Денсаулық және қауіпсіздік АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемесі | |||||||||
Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Нәтижені саралау. | Оқуды қадағалау Сұрақ - жауап Топтық бағалау | Георграфия пәнімен байланыс. Пән мұғалімімен ой бөлістім. Сыныпты топтарға бөлу. АҚТ дағдылары Топпен жұмыс істеу дағдылары. (бір-бірін тыңдау, құрметтеу.) | |||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||
Қорытынды бағалау: Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім? |
ХVІІ ғасырда орыстың тері сататын саудагерлері «Ирбис» сөзін Азия аңшыларынан естіген. Тувада бұл аңды «ирбиш», Жетісуда «ильберс», Қытаймен шектесетін Алматының шығыс жағында «ирвиз» деп атайды. Түрік тілінен «ирбиз» сөзі «қар мысығы» деп аударылады. Ал қазақтар олардың өмір сүру жағдайына қарап, «қар барысы немесе тау барысы» деп атайды.
Қар барысының сыртқы түр келбеті қар қабыланына (леопард) ұқсағанымен, одан әлдеқайда кіші. Ирбистің бас сүйегі гепардқа, дене тұрқы тау арыстанына (пума) көбірек ұқсайды.
Қар барысы Гималай, Памир, Тянь-Шань, Алтай Батыс Саян, Үлкен Кавказ таулары мен таулы массивтерді мекен етеді. Барыстың әлем бойынша өсіп-өнген әрі тығыз орналасқан жері — Непал.
Қар барысы Қазақстанда Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы жоталарында, Үлкен Алматы шатқалында, Тарбағатайда, Оңтүстік Алтайда, Күршім жотасында, Бұқтырма өзенінің бастауында, Марқакөл өзенінің атырабында кездеседі.
Қар барысы жалғыз жүргенді ұнатады. Өзі тұйық, дыбыс шығармайды. Сондай-ақ барыстың көру және есту қабілеттері ерекше дамыған.
Қар барысы өте сақ. Қыста қар барысы тұяқтылардың ізімен таудың етегіне жортуылға шығады. Ол бір секіргенде ені 7-8, кейде 10 метр болатын шатқалдардан асып түседі.
Қазір әлем бойынша қар барысының азайып кету қаупі бар. Сондықтан Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл кітабына және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Қар барысы — Қазақстан Республикасының ұлттық символы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?