Биоалуантүрлілік. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: Биоалуантүрлілік Қазақстанның құрып бара жатқан жануарлары мен құстары | Мектеп: | |||||
Уақыты: 40 мин | Мұғалімнің аты - жөні: | |||||
Сынып: 8 сынып | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Белгілі бір оқыту мақсаты; | 8.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшелік-теріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу ; 8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану. | |||||
Сабақтың мақсаты | Ресурс көздерінен алған мәліметтерді қолданып, мақала жазады | |||||
Тілдік міндеттер | Популяция пайызы азайды, адамның іс-әрекетінен жоғалуда, сирек кездесетін, табиғи жағдайда кездеспейді, таңдау бар, өз үлесіңді қос, аса бағалы түрді жоғалту қаупі бар. | |||||
Бағалау критерийі | мәтінді тақырыбын түсінеді; оны өмірмен байланыстыра алады; негізгі идеяны дәлелдей алады; мәтінді тиісті стильде жаза алады; грамматикалық және тыныс белгілері нормаларын сақтай алады (80% сауаттылық). | |||||
Жоспар | ||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған іс - әрекеттер | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 мин Сабақтың ортасы 10 мин 20 мин 5 мин | Ұйымдастыру, сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийімен таныстыру. 1-тапсырма. Сіздерге Қазақстанның Қызыл кітабына енген құс не жануар туралы мақала жазу тапсырылды. Не істейсіз? 2-тапсырма Ресурс көздерін пайдаланып, Қазақстанның қызыл кітабына енген құстар мен жануарлар туралы мәліметтерді оқы. 3-тапсырма Берілген сөздерді пайдаланып, мәтіндегі ақпаратты негізге ала отырып, Қазақстанның Қызыл кітабына енген құс не жануар туралы мақала жаз. Ұсынылатын тақырыптар: Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтайық! Қазақстан табиғатын қорғайық! Арал болашағы біздің қолымызда! Жануарлар әлемін қорғау керек пе? Қанатты достар қамқорлыққа мұқтаж ба? Қажетті сөз тіркестері: Популяция пайызы азайды, адамның іс-әрекетінен жоғалуда, сирек кездесетін, табиғи жағдайда кездеспейді, таңдау бар, өз үлесіңді қос, аса бағалы түрді жоғалту қаупі бар Дескриптор Сөз көлемін сақтайды (120 сөз) мәтінді тақырыбын түсінеді; оны өмірмен байланыстыра алады; негізгі идеяны дәлелдей алады; мәтінді тиісті стильде жаза алады; грамматикалық және тыныс белгілері нормаларын сақтай алады (80% сауаттылық). 4-тапсырма Айналмалы бекет әдісі арқылы әр жұп жазылымдарымен ақпарат алмасады, толықтырады, түзетеді, бағалайды. Кері байланыс (стикерге сабақ туралы пікір жазады) | |||||
Қосымша мәлімет | ||||||
Рефлексия Сабақ / оқыту мақсаты қолжетімді болды ма? Оқушылар нені білді? Сыныпта қандай ахуал қалыптасты? Уақыт бойынша үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқушылық болды ма? Болса неге? |
| |||||
Қорытынды бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)? 1: 2: Қандай екі жағдай сабақты жақсырақ өткізуге мүмкіндік берер еді (сабақ беру және оқыту жайлы ойланыңыз)? 1: 2: Жалпы сынып немесе жеке оқушылар жайлы мен не білдім? Келесі сабақтарға дайындалу барысында бұл мәлімет қандай көмегін бере алады? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?