Биоалуантүрлілік. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 1 сабақ.


Қ. Мырза Әлі «Қызыл кітап»

Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,Менің мазам кетеді күдікті ойдан.Жұртпен бірге мәз болып,Ду - ду етіпҚайта алмаймын одан соң күліп тойдан.Аяймын мен анасыз,Атасызды.Аяймын мен құлынсыз,Ботасызды.Хайуанатқа жасаған қиянатың –Бауырыңа жасаған опасыздық!Біздің сайда болатын мия қалың.Ауылдастар ойлайтын ұя қамын.Мия сиреп,Ұядан құстар безіп,Біреу үшін мен енді ұяламын.Ұяламын қарауға қарлығашқа.Шиқылдайсың, балапан, қарның аш па?!Жалтаңдайсың әр Болат,Әр Қайратқа,Жаутаңдайсың әр Баян,Әр Күлашқа.Тәрбиең де жақсы еді,Тәлімің де...Аян бірақ өмірдің мәні кімге?!Торғай аттың бір кезде,Соның үшінҰяламын, бауырым, әлі күнге.Ұяламын қарауға қоңыр қазға.Толып - ақ тұр бүгінде өмір назға.Балапаны шұбыртқан қасқалдақтыңОқтан көрген қорлығы,Зәбірі аз ба?!Ұяламын қарауға шүрегейге.Құстың бірі туған да,Бірі өгей ме?!Бүгін кептер атқандарЕртең ердіңКеудесіне тапанша тіремей ме?!Мына қыры қазақтың,Ана қырыҚызыл қырман бүгінде,Қала бірі.Қайда кетті,Кім маған айтады ендіАтыраудың құланы –Онагры?!Жер айтады осылай,Күн айтады,Күн айтады,Көңілді мұңайтады.Ақтөбеде бір кезде піл болғанынКім біледі бүгінде?Бүгінде кім айтады?!Айла көп - ті адамда,Айла көп - ті.Айласына талайды айғақ етті.Қылыш тісті жолбарыс –Жерлес біздіңАйтыңдаршы, ағайын,Қайда кетті?!Іздеймін мен әр бұта,Әр талымды.Момынымды,Тентегім,Арқалымды.Кім қайырып береді кваганы?Кім қайырып береді тарпаңымды?!Жарқырап - ақ тұрғанда көктем нұры,Қасірет пен қайғының жеткен бірі.Хайуанаттар ғана ма зәбір көрген,Хайуанаттар ғана ма кеткен құрып?!Одан көріп,Ақыры бұдан көріп,Таласқаннан не таппақ құлан, керік?!Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанмен,Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу