Биоалуантүрлілік. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Сабақ: Қазақ тілі Т1

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты - жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Биоалуантүрлілік

Оқу бағдарламасына сілтеме

8.2.1.1 -тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру;

8.3.3.1 -мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу.

Сабақтың мақсаты

Кесте бойынша ақпаратты анықтайды;

Берілген мәліметтерді қолдана отырып диаграмма, сызба, кестеге айналдырады деректі пайдаланып, қорытынды жазады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

Ортасы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар тұрған орындарында шынжыр бойымен санайды. 3-ке бөлінетін, құрамында 3 саны бар сандарға келгенде оқушылар биоалуантүрлілікті сақтау туралы, қалай қорғауға болатындығына қатысты сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер айтады.

Оқушылар стикерлердің түсі бойынша 4 топқа бөлінеді.

Мағынаны тану.

Слайд материалымен танысып, оқушылар бір – бірімен пікірлеседі.

Тыңдалым «Поэзия минуты»

«Қызыл кітап» үзіндісінен бейнебаян көреді.

Тапсырма:Оқушылар поэмадағы астарлы ойды анықтап, өз көзқарастарымен түсіндіреді. Видео материалды көреді, сөзін мұқият тыңдайды. ЖЖ.

Оқушылар жұптасып, бейнематериалды талқылайды, өз пікірлерін ортаға салады. Есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында оқушылардан не естігені сұралады, ойды жалғастырып дамытады.

Бағалау дескриторлары:

  • Тыңдалым материалындағы астарлы ойды түсінеді.
  • Көрген бейнесуреттер мен өлең жолдарын байланыстыра отырып, пікір айта алады.
  • Ойын дәлелдеу үшін 1 аргумент келтіреді.

Оқылым.

Оқушыларға «Қызыл кітап» поэмасынан үзінді беріледі. Оқып танысқан соң тапсырма орындайды.

Топтарға тапсырма:

  • Шығарма мазмұнына сәйкес бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, сұхбат дайындаңыз. Бұл сұхбаттың кіммен жүргізілетінін өздері таңдайды. ( Ол Питер Скотт, эколог Мэлс Елеусізов, Қадыр Мырза Әли, қорық қызметкерімен болуы мүмкін)

Дескрипторлар:

  • Мазмұнды түсінеді.
  • Сұхбатқа қойылатын талаптарды сақтайды.
  • Мәтін бойынша өзекті мәселені анықтай алады.
  • Образға еніп, нанымды көрсете біледі.
  • Сауатты көркем, түсінікті етіп жазады.

2- тапсырма:

"Қызыл кітап" поэмасының тарауларын ұсынып, осы тарауларға қазіргі экологиялық мәселелерге сай Қадыр аталарың қазір қандай тарау қосқан болар еді?

Соны 2 шумақ өлең не қара сөзбен жазыңыз.

І тарау. Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?

ІІ тарау. Құстың бірі туған да, бірі өгей ме?!

ІІІ тарау. Төзімдері біткен бе хайуанаттың?!

ІҮ тарау. Мамонттардың апаты сабақ бізге!

Ү тарау. Былғарыға құмар- ақ сол ұлдарың…

ҮІ тарау. Адамдарды, бауырым, әлі аулайды!

ҮІІ тарау. … Хайуанаттар ғана ма кеткен құрып?!

ҮІІІ тарау. Ұлттар ғайып болыпты, тілдер ғайып!

ІХ тарау. Бабалардың не істейміз өсиетін?!

Х тарау. "Қызыл кітап" тірі жан тимесін деп,

Хайуанатқа берілген қызыл мандат!

Слайд

http://www.youtube.com/watch?v=dLiOcBdfTFs

Соңы

Рефлексия

«Биоалуантүрлілікті қалай сақтаймыз?» деген сұраққа идеяларын жазып, «Қорғаныш» жәшігіне салады.

Кері байланыс.

Не білемін...

Нені білдім...

Не қиын болды....

Не сәтті шықты...

Нені білгім келеді...

Бағалау. Берілген критерийлер бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма. "Қызыл кітап" поэмасының өзіңізге ұнаған үш тарауын оқып келіңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу