Биоалуантүрлілікті қалай сақтаймыз? Қазақ тілі, 8 сынып, әдістемелік нұсқаулық. 2 сабақ.


Оқу сауаттылығының компоненттері төмендегідей талданады:

PISA  бағдарламасының оқу  сауаттылығы  компоненттері 3 түрге бөлінеді:

1.Жағдаят

  • Мәтін

3.Аспект

  Мәтін, жағдаят және сұрақ – оқу сауаттылығын бағалаудың 3 негізгі өлшемі. Оқуға арналған материалдар әртүрлі форматта көрсетілген, атап айтқанда, көркем әдебиет және ғылыми танымал мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызды жағдайлар туралы мәлімет, кестелер, графиктер, диаграммалар мен карталар форматында ұсынылады.

1-құрамдауыш – Жағдаят:

Жағдаяттың санаттары: жеке пайдаланым үшін оқу, көпшілік пайдаланым үшін оқу (қоғамдық), білу үшін оқу және оқыту үшін оқу.

Жағдаят-тапсырмаларда кездесетін өмірлік  оқиғалар.  Осыған орай  PISA бағдарламасында жағдаяттың  қамтылуы:

жеке  жағдаяттардың -30%

қоғамдық жағдаяттардың -30%

білім беру жағдаяттарының – 25%

кәсіби  жағдаяттардың -15%

Жағдаяттың  4 сипаты бар:

1.жеке категория (тұлғаның зияткерлік қызығушылығын  қанағаттандыруға арналған мәтіндер, яғни жеке адам туралы зерттеулер, жеке хаттар, биография);

  • қоғамдық  категория (қоғамның  жалпы мәселелері мен қызметке қатысты мәтіндер, ресми құжаттар, іс- шаралар туралы  ақпараттар, қоғамдық хабарлар);
  • білімділік, оқыту категориясы ( ережеге сай, арнайы оқытуға арналған оқулықтағы мәтіндер, ақпаратты жинақтау, білу үшін оқу);
  • кәсіби категория (жұмысқа, мамандыққа қатысты мәтіндер, белгілі бір мекемеге байланысты ережелер айтылады).

2-құрамдауыш- Мәтін:

Мәтіннің (формасы) нысаны 4 – ке бөлінеді.

  • Тұтас мәтін ( көркем әдебиет мәтіндері, репортаж, өлең, пьеса, мақала, жұлдыз жорамал, техникалық мәтін, заң, ғылыми негіздемелер, нұсқау)
  • Жадағай (тұтас емес) мәтін (графика, кесте, сурет, диаграмма, жарнама, сканворд, хабарландыру, карта, анкета, құттықтау, комментарий)
  • Аралас мәтін (тұтас және тұтас емес мәтіндердің сипатын біріктіреді, авторлық   веб – парақтар).
  • Құрамдас мәтін (бір тақырып, бірақ әр автордың пікірі, ойы. Мысалы, аққу тақырыбына жазылған әрбір ақынның  туындысы немесе әр газеттегі бірдей тақырыпқа жазылған материал және бірнеше тақырыпты қамтитын үзік –үзік мәтіндер).

Мәтіннің (типі) түрі 6 бөліктен тұрады.

  • Сипаттау («не?» деген сұраққа жауап береді, ақпаратты көрсетеді, техникалық нұсқау)
  • Баяндау ( мазмұндау) (қандай? қашан? деген сұраққа жауап береді, роман, әңгіме, пьеса, өмірбаян, комикс, оқиға жайындағы газет есебі)
  • Түсіндіру( мазмұндама) (жады үлгісін көрсететін диаграмма, онлайн- энциклопедия жазбасы)
  • Дәлелдеу (аргументациялау)  (редакторға хат, даулы тақырыпты шешу)
  • Нұсқау (инстуркция) (қолданудың бағытын  көрсетеді, мысалы, рецепт, басқа да нұсқаулар).
  • Келісім (бір мақсатқа жетуге бағытталған мәтіндер, хаттар, электрондық хаттар, хабарламалар).

3-құрамдауыш- Аспект:

Үшінші компонент – аспект. Аспектінің  өзі бес тармақтан  тұрады:

  • Ақпаратты іздеу (мәтіннен тірек сөздерді табу, кодты таңбалау)
  • Кеңінен түсіну (мәтінге жоспар құру, тақырыпшаларға бөлу, ат қою, аннотация, тезис).
  • Интерпретациялауды дамыту. Бұл оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін ерекше әдіс-тәсілдер арқылы логикалық ойлау дәрежесін дамыту, ықтимал жауап беруге құлшындыру.
  • Мәтін мазмұнын көрсету және бағалау. Мұнда мәтін типтерінің қайсысына жататынын анықтау. Оқиғалы мәтін болса, композициялық  құрылымына талдау жасалады.
  • Мәтін формасын (нысанын) көрсету керек. Шығарманың жанрына тоқталу,автордың ойы мен идеясын, тақырыбын ашу, әдебиет теориясына  талдау  жұмысы жүргізіледі.

Сұрақ және оның түрлері төмендегідей жіктеліп, сипатталады:

Бүгінгі шәкіртке сұрақ мазмұнын түсініп, түйсіну жеткіліксіз. Ол күрделі сұрақтарға толық жауап беріп қана қоймай,  қорытынды  жасап, оны  дәлелдеу және бағалау тәрізді  тапсырмалар  орындай алуы тиіс. Бұндай құзыреттілік мәтінмен жұмыс  істегенде дамиды.Білім берудің нәтижесі болып құзыреттіліктің қалыптасуы саналады, сондықтан түсіну, қолдану мен пайымдау, дәлелдеу, бағалау сипатындағы тапсырмалардың айырмашылығын ажырата алу қажет. Пайымдауға құрылған тапсырмалар идеялар ұсыну, конструкциялау, аргументтер келтіру, негіздемелі тұжырымдар айту т.б. ой операцияларының   белсенділігін  талап  етеді.

Сондықтан тұлғаның логикалық ойлау қабілеті мен бағалау біліктілігі қалыптасқан болу керек. Бұл мұғалімнен шеберлікті талап етеді. Сабақ кезеңіне сай бейнероликтерді көрсетіп, оқушыларға өздерінің ойларын ортаға салдырту да тиімді. Сонымен оқушыларды полемикаға түсіру жолдарының бірі – өткір де өзекті сұрақтар.

Оқу сауаттылығ бойынша сұрақтардың  классификациясы:

  • Анықтаушы сұрақтар – өз бойында келтірілген пікірдің

шынайлылығын немесе жалғандығын ажыратуға бағытталады

  • Толықтырушы сұрақтар– тақырыптарға қатысты жаңа білімді,

тұжырымдарды анықтаумен тікелей байланысты. Мұндай сұрақтардың грамматикалық белгілері кім, не, қашан, қалай, қайдан, неге, және т.б. сұрау есімдіктері болып табылады.

  • Өткір сұрақтар– нақты бір проблемаларды талқылағанда

өзекті  сұрақтар да қойылады, яғни олар өмірлік маңызды, өзекті, принципті мазмұнда құрылады. Жалпы, сұрақ-жауап алаңы тиімдірек, өйткені оқушы көбінесе өзінің жаттап алған немесе қысқа жауаптарын айтумен шектеледі. Өз көзқарасын білдіруе, оны бүгінгі күнмен байланыстыра алуға үйрету арқылы тұлғаның өмірлік маңызды қасиеттерін қалыптастыруға болады.

Оқу сауаттылығын  қалыптастыру үшін оқушыларды белсенді оқыту әдістері арқылы оқыту өз тиімділігін дәлелдеді. Әр түрлі жағдайдағы қызықты, оқиғалы материалды  ұсына отырып, балаларға мағынасын түсіну үшін мәтінді зейін қойып оқу, мазмұны  бойынша ашық сұрақтар қою, кейіпкерлер орнына жағдаятқа  өзіңді қойып көру сынды дағдылар қалыптастыру қажет. Ақпаратты оқу барысында не түсінікті, түсініксіз, қызықты ақпарат, жаңа ақпарат, келісемін, келіспеймін  деген белгілер қойып отыруға үйрету, сөз мағынасын мәнмәтінде (контексте) ажырата білу (бейтаныс сөздердің  мағынасын болжау) мәтін құрылымын  түсіну   үшін оқу  қарастырылады.

Бүгінде қазақ тілі сабақтары халықаралық  тәжірибеге сүйене отырып, төрт дағдыға бағытталып оқытылады:тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым.

Оқылымның түрлі әдістерін қолдану арқылы оқушыларды сауатты оқуға дағдыландыра аламыз:

  • көз жүгіртіп оқу;
  • нақты ақпаратты табу үшін оқу;
  • жалпы идеяны түсіну  үшін оқу;
  • детальды түрде оқу;
  • суретке қарап болжай білу;
  • мәтін түрлерін ажырату үшін оқу(хабарлау, мақала, жарнама, сипаттау, т.б.);
  • интенсивті оқылым (үлкен, көлемді мәтін);
  • назарын шоғырландырып оқу (кейін мазмұнын сыныптасына айтып беретін болған жағдайда);
  • мазмұны бойынша талқылау.

Ал,  кез келген  ауызша немесе  жазбаша ақпаратты түсінуін қамтамасыз ету  мақсатында  сөздерді синониммен алмастыру, сөйлемді немесе  бөлімді өз сөзімен қайта жазу  (перифраз), сұрақтарға өз сөзімен жауап беру, белгілі бір  дәйексөзге  өз  көзқарасын білдіру, яғни тарқатып жазу  сынды тапсырмалар орындату өз жемісін береді. Ең бастысы – осы тапсырмаларды орындау үшін   оқушылар  берілген мәтінді зерттеп оқып, мазмұнын жан-жақты талдап үйренеді. Қазіргі жасөспірімдер ақпараттың көптігінен  кітап оқығысы келмейді, зейін  қойып оқымайды, осы мәселені шешуде  мәтінді  кодтап  оқу  өте тиімді әдіс. Бұл жағдайда  шәкірттер берілген  мәтінді әр түрлі белгі қойып оқиды және өзіне қызықты ақпаратты ! белгісімен, негізгі идеяны беретін сөйлемнің  астын сызып қояды. Осы тектес әдістерді үнемі пайдаланған жағдайда  оқу сауаттылығын қалыптастыруға әбден болады.

 

Қылышбекова Нұрсәуле Ұқанбайқызы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

Алматы облысы бойынша педагог

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,

«Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық –

педагогикалық тұрғыдан қолдау» кафедрасының аға оқытушысы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу