Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері

Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ(Т1)

Мектеп:

Күні:

7-8-сабақ

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8-сынып

Қатысқандар:8 « »

Қатыспағандар:8 « »

Сабақтың тақырыбы

Ғарышты игеру жетістіктері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшелік-теріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, аннотация, тезис құрастырып жазу;

8.4.4.1 - сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Берілген мәтін мазмұнын түсінеді, оны жұпта, топта талқылайды.

Оқушылардың көпшілігі: мәтіннен есімді, етістікті тіркестерді анықтап, олардың байланысу жолдарын түсіндіріп бере алады.

Оқушылардың біразы: оқылым мәтінінің мазмұнын қысқаша түрде сақтай отырып, тезис жаза алады.

Бағалау критерийлері

-мақала, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырата алады.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестері:

Байқоңыр, ғарыш, ғарыш жетістіктері, ғарышкерлер, ғылыми жаңалықтар, ғарыштық аппараттар,т.б.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің ойымша ...

Мен .... келісемін.

Тарихи деректерге сүйенсек...

Құндылықтарменбайланыс (тәрбиелікэлемент)

Жауапкершілік (топтың әр мүшесі өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындауы).

Құрмет (әр оқушының, өзге топтың ойына, пікіріне құрметпен қарауы).

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі:

І. Амандасу.

ІІ. Оқушыларды түгендеу.

ІІІ.Қызығушылықты ояту:

Оқушыларды үш тілде берілген сөздерді топтастыру арқылы топтарға бөлу;

Шолпан – Венера

Таразы – Орион

Есекқырған – Юпитер

Жетіқарақшы -Большая Медведица

«Менің аспандағы жұлдызым»

Оқушыларға парақтарға жұлдызды салу ұсынылады. Жұлдыздың қырларына әрбір оқушы өз бойындағы жақсы қасиеттерді жазу керек. Жұлдыздың ортасына өз есімін жазады. Сосын парақтар шеңбер бойынша бір-біріне беріледі. Әрбір оқушы сыныптасының бойынан расында да сол қасиетті байқаса, астын сызады, байқамаса сызбайды. Егер ол сыныптасының бойында тағы да жазылмаған басқа қасиеттер байқаса, онда қосып жазып қояды. Ойын соңында парақ иесіне қайтып оралады.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Презентеация

Сабақтың ортасы

30 минут

Оқылым

Топ мүшелері топ ішінде таныстырушы, хатшы, тілші рөлдерін бөліп алады.

1-топқа:Шолпан

2-топқа:Таразы

3-топқа:Есекқырған

4-топқа:Жетіқарақшы жұлдызы туралы мәтіндер мен есімді етістікті тіркестерге қатысты анықтама таратылып беріледі.

Оқушылар мәтінді топта оқиды, талқылайды.

Тапсырма:

1.Мәтіндегі есімді, етістікті тіркестердің астын сызып анықтайды. Олардың байланысу жолдары түсінік береді.

 2.Мәтін бойынша ең негізгі ойларды талдап, постер жасайды. Бұл ретте мәтіннен не білдің, не түсіндіңдер деген сұрақ төңірегінде болады. 

 Етістікті сөз тіркестері— грамматикалық тірегі етістік болатын сөз тіркесі. Тіркес кұрамындағы басқа сөздер тірек етістіктің маңына топталады. Етістікті сөз тіркестері: а) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері (Қожа кеш келіп, ерте кетуші еді (С. Көбеев); ә) меңгеріле байланысқан Е. с. т. (Байжан іске кірісті (Г. Мүсірепов) болып екі салаға бөлінеді. Бұлардың әрқайсысы өз ішінен бірнеше топқа таралады. Қабыса байланысқан Етістікті сөз тіркестері: үстеулі сөз тіркестері, еліктеуіш сөз тіркестері, көсемшелі сөз тіркестері, сын есімді сөз тіркестері. сан есімді сөз тіркестері, зат есімді сөз тіркестері сияқты 6 топтан тұрады. меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері: табыс жалғаулы сөз тіркестері, барыс жалғаулы сөз тіркестері, шығыс жалғаулы сөз тіркестері, жатыс жалғаулы сөз тіркестері, көмектес жалғаулы сөз тіркестері, шылау сөзді тіркестер сияқты 6 топтан тұрады.

Есімді сөз тіркестері[1] — сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөз тіркесінің ұйытқы сөздері (басыңқылары), негізінен, зат есім және сын есім, сан есім сияқты есім сөздер болады да, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі немесе етістіктің есімше түрі атқарады: “қалың тоғай”, “жақсының сөзі”, “екінің бірі”, “оқылған кітап”.

  • Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Байланысу формаларының бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болуымен бірге, байланысудың бір формасының да өз ішінде ерекшеліктері болады.
    • Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, зат есім мен зат есімнің тіркестері түрінде (“алтын сақина”, “темір пеш”, “бір үйір жылқы”, “бір үзім нан”, “қалта сағат”), сын есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“жақсы дос”, “сұлу әйел”, “ақ қағаз”, “аласа бойлы азамат”, “ат жақты жігіт”), сан есім мен зат есімнің тіркесі түрінде (“оныншы сынып”, “отыз студент”, “он шақты қой”, “бес-алты дәптер”), есімше мен зат есімнің тіркесі түрінде (“көрінген тау”, “сөйлейтін адам”, “орылған шөп”), есімдік пен зат есімнің тіркесі түрінде (“мына үй”, “ана жол”, “нешінші пәтер?”, “барлық халық”, “өз еңбегі”), үстеу мен зат есімдердің тіркесі түрінде (“қазір осында”, “бүгін көңілді”, “әлі тып-тыныш”) кездеседі.
    • Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері байланысудың табиғатына сай ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі болып шығады (“қораның шатыры”, “құстың сұлуы”, “отыздың екеуі”, “менің әкем”).
    • Меңгеріле байланысқанда басыңқы мен бағыныңқы сыңарлардың септік (іліктен басқа) жалғаулары арқылы тіркеске түсетіні белгілі (“жанға бай”, “жақсылыққа үйір”, “сенімен тұстас”, “сайлауға әзірлік”). Осының барлығынан да сын, сапа, меншіктілік сияқты синтаксистік мағыналар туындап отырады.

Дескриптор:

  • Берілген мәтін мазмұнын түсінеді;
  • Мәтін мазұны бойынша постер жасай алады;
  • Мәтін ішінен кем дегенде екі есімді, екі етістікті тіркесті анықтап, оған анықтама бере алады.

Оқылым мәтіні

Тапсырма:

Мәтінді оқып, мазмұнымен, жұпта одан соң топта бөлісіңіздер.

Туристерге арналған ғарыш кемесі құрастырылдыИнженерлер туристерді ғарыштық сапарға жеткізетін реактивті зымыранды құрастыруды аяқтады. Жаңа ғарыш кемесімен саяхаттау үшін ерікті туристің 95 мың АҚШ доллары болуы тиіс. XCOR Lynx атты аппаратпен ұшатын қызыққұмар саяхатшылар Жерді теңіз деңгейінен 100 шақырым биіктікте тамашалайтын болады. Құрастырушы компанияның хабарлауынша, XCOR Lynx кемесі соңғы сынақтан сәтті өткен. Жуырда XCOR аналогы болатын SpaceShipTwo ғарыш кемесі сәтсіздікке ұшыраған болса да, инженерлер жаңа жобаны 2016 жылға қарай жүзеге асырмақ. XCOR Aerospace компаниясы қазіргі күнге дейін 200-ден астам билетті сатып үлгерген. Себебі туристердің ғарыш сапарына қызығушылығы артып келеді. Сондай-ақ, компания басшылары жаңа туристік бағыттың ғарышты игеруге үлкен септігін тигізетіне сеніммен қарап отыр.«Ғарышты игерудің баяу дамуына шығынның өте көп болуы түрткі болады. Дегенмен туризмнің жаңа бағытын дамыту үшін біз ғарышқа ұшу бағасын орта деңгейге жеткізуіміз керек», - дейді XCOR Aerospace компаниясының атқарушы директоры Джефф Грисон. XCOR Lynx сарапшыларының айтуынша, ғарыш кемесі 30-50 минут атмосфераның сыртқы қабатында айналады. Кеме қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін 35 секундта 50 шақырымға көтеріліп үлгереді екен.«Ғарышты игерудің баяу дамуына шығынның өте көп болуы түрткі болады. Дегенмен туризмнің жаңа бағытын дамыту үшін біз ғарышқа ұшу бағасын орта деңгейге жеткізуіміз керек», - дейді XCOR Aerospace компаниясының атқарушы директоры Джефф Грисон. XCOR Lynx сарапшыларының айтуынша, ғарыш кемесі 30-50 минут атмосфераның сыртқы қабатында айналады. Кеме қозғалтқыш іске қосылғаннан кейін 35 секундта 50 шақырымға көтеріліп үлгереді екен.XCOR Aerospace компаниясы аталған өнімнің үш нұсқасын құрастыруды жоспарлаған. Бірінші прототип Mark I деп аталып, келесі жылы тәжірибе жүзінде сынақтан өтуге қолданылады. Келесі Mark II және Mark III нұсқалары 2016 жылы туристердің қызметіне қойылмақ.Ескере кеткен жөн, ғарыш кемесімен ұшуға бел бұған туристердің денсаулығы талапқа сай болуы керек. Инженерлердің айтуынша, америкалық төбешіктерде ұшқан кез келген адам суборбиталды кеменің қысымына да шыдай алады екен.Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/24222/

Тезис дегеніміз бір баяндама,мақала, ғылыми жобаның маңызды жерлері, (ақпарат, факті, деректер) яғни ең басты идеясы...

Жазылым тапсырмасы:

  • Берілген мәтін бойынша кем дегенде 30 сөзден тұратын тезис жазыңыздар.
  • Тезисте мәтін мазмұны туралы қысқаша ақпарат сақталсын.

Дескриптор

Мәтін мазмұнын түсінеді;

  • Мәтін мазмұны туралы қысқаша ақпарат бере отырып, 30 сөзден тұратын тезис жаза алады.

Мақаланың тақырыбы.

Мақаланың қысқаша мазмұны

Мақала кімдерге арналған?

Автор осы мақала арқылы қандай идеяны жеткізбекші?Деген сұрақ сұлбасын қолдана отырып жазуға болады.

 Жазылымнан кейінгі тапсырма:

«Шығыс базары» әдісі бойынша оқушылар араласа жүріп, тезистерін оқып, таныстырады.

 

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/24222/

https://surak.baribar.kz/286984/

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытындылау:

Өтілген тақырыпқа қатысты төмендегі кестені толтырады.

Білемін

Не білдім?

Білгім келеді?

Кері байланыс:

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша сабақтың қызықты болған екі тұсы, алдағы уақытта «орындасақ» деген бір әрекет түріне ұсыныс білдіреді.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Топ бірі-біріне қолдау көрсетеді. Топтар басқа топтардан жаңа ақпарат алады.

Оқуды қадағалау

Сұрақ - жауап

Топтық бағалау

Тарих пәнімен байланыс.

АКТ дағдылары, егер сынақ онлайн болса, электронды сөздіктерді қолдану мүмкіндіктері.

Топпен жұмыс істеу дағдылары (бір-біріне құрмет).

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу